Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытуда үздiк оқу-әдiстемелiк құралдар байқауы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 110 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 маусымда N 1584 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi  N 151 Заңының 25-2 бабының 4) тармағына, "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм саласын дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы  N 1459 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 13/6 "Тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысында iске асыру жөнiнде 2005-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" шешiмiнiң негiзiнде және шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагогтарды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру, бiлiм мекемелерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiн оқыту сапасын арттыру мақсаттарында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004-2005 жылдары басылып шығарылған қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытуда үздiк оқу-әдiстемелiк құралдар байқауы өткiзiлсiн (iлгерiде - Байқау).
      2. Қосымша берiлген Байқаудың Ережесi бекiтiлсiн (iлгерiде - Ереже).
      3. Экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi кезектi бюджеттi анықтау барысында Ережеге сәйкес Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушыларына ақшалай сыйақыларды төлеуге қажеттi қаржыны қарастырсын.
      4. Ішкi саясат департаментi Байқаудың барысын тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етiп отырсын.
      5. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрағаевқа жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң     
2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 110
қаулысымен бекiтiлдi   

  Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытуда
үздiк оқу-әдiстемелiк құралдар байқауының 
ЕРЕЖЕСІ  Байқаудың мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Байқаудың мақсаттары:
      қазақ және орыс тiлдерiн оқытудың сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жандандыру, ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамыту стратегиясының аясында өңірдегі тiлдiк бiлiм беру жүйесiн тиiмдi оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету. 

      2. Байқаудың мiндеттерi:
      1) Қазақ және орыс тiлдерiн оқыту сапасын арттыру арқылы Солтүстiк Қазақстан облысында келiсiм мен достықты, халықтар бiрлестiгiн нығайту.
      2) Полимәдени кеңiстiгiн құруға, қазақ және орыс мәдениетiн өзара байыту үшiн жағдай жасауға қабiлеттi шығармашыл ұстаздарды айқындау;
      3) Ұстаздық мәртебенi көтере отырып, оларды инновациялық педагогикалық әрекетке ынталандыру. 
      4) Озық педагогикалық тәжiрибенi енгiзу және тарату, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. 

  Байқауға қатысушылар

      3. Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытуда үздiк оқу-әдістемелік құралдар байқауына (iлгерiде - Байқау) бiлiм мекемелерiндегi қазақ тiлi мен әдебиетi, орыс тiлi мен әдебиетiнiң оқытушылары қатысады (жалпы және кәсiптiк бiлiм беретiн мектеп, лицей, гимназия, колледждердiң оқытушылары). Байқауға қатысушылардың еңбек өтiлiне, бiлiктiлiк санаттарына, жасына шек қойылмайды. Байқауға жеке авторлар да, авторлық ұжымдар да қатыса алады (iлгерiде - Байқауға қатысушылар).

      4. Байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетiнiң қарауына 2004-2005 жылы жарыққа шыққан және ресми авторлық белгiлерi бар қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытудың оқу-әдістемелік құралдарын (iлгерiде - Құрал) ұсына алады.

  Байқаудың шарттары

      5. Байқау кезең-кезеңмен өткiзiледi:
      бiрiншi кезең: Байқауға қатысушыларға облыстық педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтының редакциялық-баспа орталығында кеңес (белгiленген кесте бойынша) берiледi. 
      екiншi кезең: Байқауға қатысуға сұраным беру: 
      1 қыркүйекке дейiн - 2004 жылы басылған құралдар; 
      1 қазанға дейiн - 2005 жылы басылған құралдар;
      үшiншi кезең: Ғылыми-әдiстемелiк және техникалық сараптау - 2005 жылдың 1 қарашасына дейiн. 
      төртiншi кезең: Құралдардың тұсаукесер рәсiмi - 2005 жылдың 18 қарашасынан 22 желтоқсанына дейiн.
      бесiншi кезең: Қорытынды жасау, жеңiмпаздарды марапаттау - 2005 жылдың желтоқсан айы. 

      6. Байқауға қатысушылар 1-шi қосымшаға сәйкес үлгiдегi сауалнаманы толтырады.

      7. Сауалнама жүргiзудiң мақсаты:
      оқушыларды рухани-адамгершiлiкке тәрбиелеуде, мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыруда тiл пәндерiнiң рөлi мен орнын Байқауға қатысушылардың тани бiлуi;
      педагогтардың кәсiби потенциалын, жеке қабiлеттiлiгi мен дербес өсуiн анықтау; 
      мұғалiм кәсiптiлiгiнiң, бiлiктiлiгiнiң мониторингтiк зерттеулерiн жүзеге асыру;
      педагогика және тiл пәндерiн оқытудың әдiстемесi саласында зерттеу жүргiзудiң болашақта мүмкiндiгi мол бағыттарын анықтау.

      8. Байқауға ұсынылатын Құралдардың сипаты төмендегiдей болуы мүмкiн:
      мемлекеттiк және орыс тiлдерiн оқыту барысында рухани татулықты, мәдени өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған сыныптан тыс iс-шаралар жиынтығы;
      оқу жоспарының вариативтiк бөлiгi бойынша пәндiк курс; 
      кiрiктiрiлген бiлiм салалары, тек мiндеттi түрде оның  психологиялық-педагогикалық негiздемесi және ғылыми-әдiстемелiк құралдың сипаттамасы болуы керек, сонымен бiрге бiлiм берудiң осы саласының жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу процесiнде алатын орны анықталуы қажет; 
      сабақтардың әдiстемелiк әзiрлемелерi жиынтығы; 
      дидактикалық материалдар жүйесi;
      ғылыми-әдiстемелiк негiзделген авторлық бағдарламалар мен арнайы курстар;
      айрықша жаңа бiр түрлер мен құрылымдар;
      автордың тұтас әдiстемелiк жұмысының жүйесi, мұндай жағдайда мiндеттi түрде әдістемелік жүйе үш деңгейлi нәтижеге бағытталған болуы керек: ұлттық, компетенттiлiк, пәндік.

      9. Байқау қорытындысы шығарылған кезде кең түрдегi базалық компетенттiлiктi қалыптастыруға (полимәдени, полилингвалдық, коммуникативтiк, өзiн-өзi дамытуға ынталы және тағы басқалар), қазақ және орыс мәдениеттерiн өзара байыту ықпалына бағытталған құралдарға жоғары баға берiледi. 

      10. Үшiншi кезеңде Байқауға қатысушылар өздерiнiң ұсынған жұмыстарының өзiндiк тұсаукесер рәсiмiн жасайды. Байқаудың қорытындыларын шығарған кезде тұсаукесер рәсiмiнiң нәтижелерi ескерiледi.

  Құралдарға кәсiби бағытталған талаптар 

      11. Зерттеушiлiк-әдістемелік деңгей: 
      зерттеу аясында мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыруға бағытталған авторлық бағдарлама мен тiлдi оқытудың әдістемелік тәсiлдерi және оқу-тәрбие процесiнiң кешендi-әдістемелік бағдарламасы жасалады;
      зерттеу аясындағы жұмыс жүйесiнiң болуы;
      инновациялық технологияларды қолдану;
      пәндердi оқыту бойынша құралдар әзiрлеу;
      зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік идеяларды тудыру; 
      идеяларды мектепте жүзеге асыру үшiн соған сәйкес сұранысты ресiмдеу ( аудандық, қалалық әдістемелік кеңесте талданады);
      ұсынылған идеяларды мектеп практикасында жүзеге асыру бойынша нақты нәтижелердiң болуы.

      12. Зерттеушiлiк деңгей:
      Қазақстан халықтары мәдениетiн өзара байытудың шешушi мiндеттерiнiң бiрi - оқыту мен тәрбиелеудiң өзiндiк жаңа бағдарламасын жасау;
      өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн сауатты, кәсiби шеберлiк деңгейiнде сипаттап беру;
      тiлтану саласы бойынша зерттеу жұмысында белгiлi қазақстандық және ресейлiк ағартушылар мен әлемдiк ғалымдардың зерттеулерiн кеңiнен қолдану;
      оқыту процесiнде авторлық зерттеу бағдарламасының негiзгi бағыттарын жүзеге асыру, тiлдiк пәндердi оқыту сапасын арттыру. 

      13. Әдiстемелiк деңгей:
      оқу-тәрбие процесi барысында тiл пәндерiн оқыту негiзiнде халықты рухани бiрiктiру мiндетiн жүзеге асыру;
      қазақ және орыс тiлдерiн оқытудың сапасын арттыру;
      тiл пәндерін оқыту процесiнде, нақты бiр әдістемелік проблемаларды шешу мақсатында инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi тиiмдi пайдалану;
      қолдануда тәжiрибелiк нәтижеге жеткен әдістемелік құралдарды пайдалану. 

  Байқаудың қорытындыларын шығару тәртiбi

      14. Байқаудың қорытындысы 2-шi қосымшаға сәйкес бағалау критерийлерi бойынша шығарылады. 

      15. Байқау қорытындысы бойынша келесi ақшалай сыйақылар қарастырылған:
      бiрiншi орын - 100 мың теңгеден екi сыйақы;
      екiншi орын - 75 мың теңгеден екi сыйақы;
      үшiншi орын - 50 мың теңгеден екi сыйақы;
      15 мың теңгеден жетi арнайы сыйақы.
      Келесi номинацияларда ынталандыру сыйақылары тағайындалады:
      "Өзара мәдениеттiң байытуына қосқан үлесi үшiн";
      "Көптiлдiлiк үшiн" (үш және одан да көп тiл меңгерген қатысушыға);
      "Ауыл мектебiнiң дамуына қосқан үлесi үшiн";
      "Айрықша ерекшелiгi үшiн";
      "Түпкiлiктi идеяны жүзеге асырғаны үшiн";
      "үздiк топтық жоба";
      "Ең жас Байқау қатысушысына".

  Ұйымдастыру комитетi

      Ұйымдастыру комитетiнiң құрамына "Солтүстiк Қазақстан облысы 1кiмi аппараты", "Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм департаментi", "Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат департаментi", "Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi, "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын, "облыстық педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдердi кiредi.

                                   Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн
                                     оқытуда үздiк оқу-әдістемелік
                                     құралдар Байқауының Ережесiне
                                              1-шi қосымша

           Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн оқытуда
                үздiк оқу-әдістемелік құралдар
              Байқауының қатысушыларына арналған 
                          сауалнама

  1. Аты-жөнi, тегi            _______________
2. Негiзгi бiлiмi, еңбек өтiлi  _______________
3. Негiзгi кәсiби қалауы, шеберлiгi  _______________
4. қосымша қалауы   _______________
5. Сiздiң жұмысыңызда не кедергi болып отыр
(негiзгi кәсiби проблемалар)? _______________
6. Парақтың сол жақ бөлiгiне, Сiздiң ойыңызша, жұмысыңызда не жақсы шығатынын, оң жақ бөлiгiнде - жұмысыңызда қандай қиыншылық көретiнiңiздi жазыңыз.
________________________________________________
7. Өз бiлiктiлiгiңiздi қашан және қайда арттырдыңыз? 10 баллдық шкала бойынша осы шараның пайдасын бағалаңыз (10 балл - "жақсы", 1 балл - "өте нашар")
8. Өз бетiмен бiлiм алуды қалайша жүзеге асырасыз және қандай жетiстiктерге жеттiңiз? ____________________
9. Осы оқу жылы төмендегi жұмыс бақыттарында қандай жетiстiктерге жеттiңiз:
Өз пәнiңiздi оқытуда _____________________-
пән бойынша сыныптан тыс жұмыста _________________-

тәрбие жұмысында _______________________

қоғамдық-педагогикалық жұмыста ______________________

10. Ұжымыңызда Сiзге кәсiби көмек көрсететiн әрiптестерiңiз бар ма? Оларды атап көрсетiңiз. ______________________

11. Сiз көмек көрсететiн педагог мамандар бар ма? ______________

12. Бiр сабаққа дайындалуға Сiздiң қанша уақытыңыз жұмсалады (орташа есеппен)? ___________________

13. Соңғы кезде Сiз төмендегi жұмыстардың қайсымен айналысасыз: 

жаңа оқу бағдарламасын құрастыру; _________________-

жаңа әдiстеменi дайындау; _______________________

мақала жазу; _______________________

көрнекi оқу құралдарын жасау; ______________________

оқу құралын жазу; ________________________

сценарийдi дайындау; _________________________

жоқ жұмыстың түрiн қосып жазыңыз __________________--

  14. Қай әрiптестерiңiздiң сабақтарына қатысуды қалайсыз?___________
15. Сiз қайда (қай жерде), кiмнен және неге оқып үйренгiңiз келедi (басқа жаққа барып, сыртта)? _______________
16. Сiзге қандай бiлiм жетiспейдi? ____________________
17. Сiз мектептiк ғылыми-әдістемелік семинар аясында талқылауға қандай тақырыптарды, мәселелердi ұсынар едiңiз?____________________
18. Сiз оқушылармен бiрлесiп қандай эксперименттiк жұмысты жүзеге асырғыңыз келедi? ___________________________

                                   Қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн
                                     оқытуда үздiк оқу-әдістемелік
                                     құралдар Байқауының Ережесiне
                                              2-шi қосымша

        Байқауға ұсынылған әдістемелік құралдарды
                  бағалау критерийлерi

N

Критерийлер

Ең жоғары ұпай саны

Зерттеу- әдістемелік деңгейi

Зерттеу деңгейi

әдiстемелiк деңгейi

1.

Тақырыбы

1.1. Тақырыптың нақтылығы мен айқындылығы.

1.2. Тапсырылған жұмыс мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуi.

5

2

  3

3

1

  2

3

1

  2

2. 

Мазмұны

2.1.Мазмұнның мемлекеттiк тiл саясаты мен әр "Бiлiм туралы" Заңын жүзеге асыру саясаты тұрғысынан алғанда көкейкестiлiгi.

2.2. Мазмұнның жаңалығы, плагиаттықтан, құрастырудан тазалығы.

2.3. Жұмыстың ғылымилығы. Педагогикалық, психологиялық негiздеменiң тереңдiгi.

2.4. Ұсынылған материалдың педагогикалық практика тұрғысынан алғанда құндылығы.

2.5. Жұмыстың мазмұны мен құрылымдағы әдiсте-мелiк мәдениетi.

75

15

    15

  15

  15

  15

65

15

    13

  13

  13

  13

45

9

    9

  9

  9

  9

3. 

Жұмыстың композициясы

3.1. Жұмыстағы бөлiмдердiң логикалық тұрғыдан дұрыс ажыратылуы.

3.2. Жұмыс мазмұнындағы iшкi бiртұтастық.

3.3. Абзацтарды дұрыс ресiмдеу

3.4. Қорытындылар мен ұсыныстардың болуы.

12

3

  3

3

3

8

2

  2

2

2

8

2

  2

2

2

4.

Жұмыстың ресiмделуi

4.1. Ғылыми немесе публицистикалық стиль бiрлiгiнiң сақталуы.

4.2.Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнiң библиографиялық мәдениет тұрғысынан дұрыс жасалуы.

4.3.Эстетикалық мәдениет 
(әртүрлi шрифтарды қолдану, жол жиегi мен жол аралығының дұрыс сақталуы, кестелер мен сызбалардың дұрыс сызылуы).

4.4. Жұмыс тілінде емлелік, пунктуациялық және стильдік нормалардың сақталуы 

8

2

  2

  2

      2

4

1

  1

  1

      1

4

1

  1

  1

      1

Жалпы ұпай саны (max)

100

80

60

      Бiрiншi орын - 95-100 ұпай

      Екiншi орын - 85-94 ұпай

      Үшiншi орын - 70-84 ұпай

      Ынталандыру сыйақылары - 65-69 ұпай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады