Қала әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 353 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасынының 2005 жылғы 9 маусымда N 13-1-9 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 432 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
       1) қала әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы" (2002 жылғы 27 маусымдағы әдiлет басқармасындағы мемлекеттiк тiркеу N 683; 2002 жылғы 5 шiлдедегi "Добрый вечер" газетi, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi N 169, 2002 жылғы 1 қазандағы мемлекеттiк тiркеу N 726 және 2003 жылғы 4 мамырдағы N 150, 2003 жылғы 5 маусымдағы мемлекеттiк тiркеу N 940 қаулыларымен өзгерiстер енгiзiлген.) N 98 қаулысында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қала әкiмiнiң орынбасары (Т.Н.Құлжанова) "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ (Н.Н.Кушталова) бiрге заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы қаражаттарды аударумен әлеуметтiк көмек тағайындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын";
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген, аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлерге 1-шi мамырдан 30-шы қыркүйекке дейiн саяжайлық маусымға қала көлiгiнде жүруге әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiнде:
      2-тармақтағы "7" саны "11" санымен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Көлiкпен жүруге әлеуметтiк көмектi төлеу, "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жасаған алушылар тiзiмiне сәйкес, заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы, алушылардың жеке шоттарына қаражатты аудару арқылы жасалады";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлердiң көлiкпен жүрулерiне әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуы "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек" 007-000 жiктеу қызметтiк коды бойынша iске асырылады.
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген "Туберкулезбен ауыратын азаматтардың емделу орындарына көлiкпен барулары үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiнде":
      4-шi тармақтағы "Халық банкiнiң филиалдары" сөздер "заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер" сөздермен ауыстырылсын;
       2) қала әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы" (2004 ж. 22.04. әдiлет басқармасындағы мемлекеттiк тiркеу N 1222; 2004 ж. 14.05. "Добрый вечер" газетi.) N 154 қаулысында:
      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Н.Н.Кушталова) заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы, қаражаттарды алушылардың жеке шоттарына аударумен әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн";
      жоғарыдағы аталған қаулымен бекiтiлген, жалпы ауырғаны бойынша, еңбекте мертiккенi себептi, кәсiби ауырғаны бойынша және туғанынан мүгедек І-шi және ІІ-шi топтағы мүгедектерге қала көлiгiнде жүруге (таксиден басқа) әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiнде:
      4-тармақтағы "Халық банкiнiң филиалдары" сөздерi "заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" сөздер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi" сөздермен ауыстырылсын.
       3) қала әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 10 қыркүйектегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне әлеуметтiк жеңiлдiктердiң жекелеген түрлерiн беру Ережесi бекiту туралы" (2004 ж.18.10. әдiлет басқармасындағы мемлекеттiк тiркеу N 1361; 2004 ж. 03.12. "Добрый вечер" газетi.) N 549 қаулысында:
      жоғарыдағы аталған қаулымен бекiтiлген, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне әлеуметтiк жеңiлдiктердiң жекелеген түрлерiн беру Ережесiнде:
      5-тармақтағы "Қазақстан Халық банкi" ЖАҚ сөздер "заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер" сөздермен ауыстырылсын;
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" сөздер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi" сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады