"Жеке санаттағы азаматтарға көмек көрсету Ережесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 154 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 22 сәуірде N 1222 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 614 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2006.04.24 N 614 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеулерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 желтоқсанда N 2647 тіркелген) N 201бұйрығы, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалынуы туралы" Заңының 47-бабы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердің және оларға теңестірілгендердің жеңілдіктері және оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 Жарлық 1720-баптары, Петропавл қалалық мәслихатының үшінші сессиясының "Петропавл қаласының 2004 жылға арналған бюджеті туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1 шешімі (2004 ж. 20.01. тіркеу N 1118) негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жалпы ауырғаны, еңбекте мертіккені, кәсіби және балалық шағынан ауырғанына байланысты І- және ІІ- топтағы мүгедектерге қала көлігінде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
      2. Ленинград қаласы қоршауда болған кезінде оның кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға, сондай-ақ Ленинград қаласының қоршауын бұзуға қатысқан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қоршаудың бұзылып өтілуінің 60 жылдығын мерекелеу құрметіне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
      3. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Н.Н.Кушталова) заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы, қаражаттарды алушылардың жеке шоттарына аударумен әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005.04.27 N 353 Қаулысымен.
      4. Қалалық қаржы басқармасы (Г.И.Дорофеева) қала бюджетінде бекітіліп бөлінген қаржы шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.

      Қала әкімі

"Жеке санаттағы азаматтарға
көмек көрсету Ережесін бекіту туралы"
қала әкімдіктің
2004 ж. 17 наурыздағы N 154
қаулысымен бекітілген

Жалпы ауырғанына, еңбекте мертіккеніне, кәсіби және балалық шағынан ауырғанына байланысты І және ІІ топтағы мүгедектерге қоғамдық қала көлігінде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер І және ІІ топтағы мүгедектердің қоғамдық қала көлігінде жүрулеріне әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
      1. Петропавл қаласында тұратын жалпы ауырғанына, еңбекте мертіккеніне кәсіби және балалық шағынан ауырғанына байланысты І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектер, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі, асыраушысынан айрылғандығы жағдайдағы, жасына қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңында қарастырылған тәртіппен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы азаматтар әлеуметтік көмекке құқылары бар.
      2. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы басқа көмектердің түріне қарамастан жергілікті бюджетте алдын ала қарастырылған сомалар шегінде Петропавл қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жағынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың Солтүстік Қазақстан бөлімшесі ұсынған, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы туралы мәліметтер жиынтығы негізінде, ағымдағы тоқсанға арнала тағайындалады. Әлеуметтік көмек, оны алуға құқығы пайда болған айдан бастап тағайындалады.
      3. Әлеуметтік көмектің мөлшері мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде сомасы ай сайын 70 теңге сомада белгіленеді.
      4. Мүгедектерге әлеуметтік көмектің төленуі "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жасаған алушылардың тізіміне сәйкес заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер жеке шоттарына тоқсаннан кейінгі айда қаржыларды аудару арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік көмек алуға құқын жоғалтқан кезінде, сондай жағдай болған айдан бастап төлеу тоқтатылады. Төртінші тоқсан үшін төлеу, желтоқсан айына арналған бар болған мәліметтер жиынтығы бойынша ағымдағы жылдың желтоқсанында жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005.04.27 N 353 Қаулысымен.
      5. Мүгедектерге әлеуметтік көмегінің қаржыландырылуы "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" функцияналдық жіктемесінің 6-2-258-015-000-332 шығыстар коды бойынша жүргізіледі.

"Жеке санаттағы азаматтарға
көмек көрсету Ережесін бекіту туралы"
қала әкімдіктің
2004 ж. 17 наурыздағы N 154
қаулысымен бекітілген

Ленинград қаласы қоршауда болған кезінде оның кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға, қоршаудың бұзылып өтілуінің 60 жылдығын мерекелеу құрметіне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер Ленинград қаласы қоршауда болған кезінде оның кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау тәртібін айқындайды.
      1. Біржолғы әлеуметтік көмек алуға, Петропавл қаласында тұратын "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" N 365-1Заңында алдын ала қарастырылған тәртіппен арнайы жәрдемақы алушы азаматтар құқылы.
      2. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы басқа көмектердің түріне қарамастан жергілікті бюджетте алдын ала қарастырылған қаржы шегінде Петропавл қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жағынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек 2004 жылдың қаңтарында біржолға тағайындалады.
      3. Әлеуметтік көмектің мөлшері әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде сомасы 16 мың теңге шегінде белгіленеді.
      4. Біржолғы әлеуметтік көмек зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың Солтүстік Қазақстан бөлімшесі жасаған тізіміне сәйкес, алушылардың Халық банкінің филиалдарындағы жеке шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
      5. Ленинград қаласы қоршауда болған кезінде оның кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" функцияналдық жіктемесінің 6-2-258-015-000-332 шығыстар коды бойынша жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады