Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 07.11.2013 N 2103 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы" 2005 жылғы 15 шілдедегі N 840 қаулысына (Әділет органдарындағы мемлекеттік тіркеуі 2005 жылғы 10 тамыздағы N 13-1-06 2005 жылғы 19 тамыздағы N 33 "Добрый вечер" газетінде жарияланды) мынадай қосымша енгізілсін:
3 тармақта:
"қала бюджетінде" сөзінен кейін "2006 жылғы 1 шілдеден" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Қала әкімі