Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауын өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 88 шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2353 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 23 тамыздағы № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 23.08.2005 № 244 қаулысымен.
      Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйін жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, Қазақтан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 8,  9-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" туралы Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. 2005 жылғы 15 наурыз-15 мамыр аралығында облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауы жариялансын.
      2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
      1) облыс елді мекендерін санитарлық тазалау және көріктендіру жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;
      2) мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
      3) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындармен және пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп сумен жабдықтау, канализация және тұрғын  үй объектілерінің санитарлық-техникалық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеп, бекітсін;
      4) бөлінген бюджет қаражаты шегінде санитарлық тазалау және сумен жабдықтау жұмыстарымен айналысатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың материалдық-техникалық базаларын нығайту шараларын алсын;
      5) көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау және кептіру, инженерлік желілердегі апаттарды жою шараларын алсын;
      6) меншік түріне қарамастан, кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп берсін;
      7) жасыл екпе егуді және оларға үнемі күтім жасауды қамтамасыз етсін.
      3. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына облыс елді мекендерінің бекітілген аумақтарын санитарлық тазалау және көріктендіру жұмысы жөнінде шаралар әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына іргелес аумақты апта сайын бейсенбі күндері жинастыруды, көріктендіруді жүргізу, ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларын және кірме жолдарын ретке келтіру ұсынылсын.
      5. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау және канализация объектілерінің басшылары бақылауларындағы объектілерге жөндеу, тексеру жүргізсін және олардың 2005 жылдың жазғы маусымындағы жұмысқа дайындығын қамтамасыз етсін.
      6. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйі және көріктендірілуі байқауының қорытындылары бойынша қадағалау объектілері мен елді мекендердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындылар
берсін.
      7. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) елді мекендерді санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарының жүргізілу барысына тұрақты бақылау жүргізсін.
      8. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша), санитарлық тазалау және көріктендіру байқауының жүру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап отырсын.
      9. Атырау облысы Ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2005 жылдың 15
сәуіріне және 15 мамырына облыстық әкімиятқа жұмыстың жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы және байқаудың нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      10. Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 175 "Облыс елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын өткізу туралы" қаулысының (Атырау облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 8 қыркүйекте N 2131 тіркелген, 2004 жылғы 23 қыркүйектегі N 111 "Атырау" газетінде жарияланған)
күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Рысқалиевке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады