Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы N 189-ІІІ шешімі. Атырау облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 19 наурызда N 2380 тіркелді. Күші жойылды - Облыстық Мәслихаттың 2011 жылғы 29 шілдедегі № 448-II шешiмімен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облыстық Мәслихатының 2011.07.29 № 448-II шешiмімен.
      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына, ІІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 162 шешіміне сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты Х сессиясында шешім етті:
      1. 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілсін (1 қосымша).
      2. Азаматтардың кейбір санаттарына газетке жазылуға берілетін әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілсін (2 қосымша).
      3. Мүгедек балаларын үйінде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу ережесі бекітілсін (3 қосымша).
      4. Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы ХХІ сессиясының N 258 "2003 жылғы арналған облыстық бюджет туралы" шешімімен бекітілген "Мүгедек балаларын үйінде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу ережесінің" күші жойылды деп танылсын (Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 1242 тіркелді).
 

      ІІІ сайланған облыстық мәслихаттың
      Х сессиясының төрайымы

      Облыстық мәслихат хатшысы

   


Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы Х сессиясының N 189-ІІІ шешіміне 1 қосымша

18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек жергілікті өкілетті органдар шешімімен тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады.
      2. 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек (алға қарай - әлеуметтік көмек) көрсетудің негізгі мақсаты 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындап төлеу жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат көлемінде жүргізіледі.
      4. Заңсыз төленген әлеуметтік көмек сомасы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кінәлі тұлғалар есебінен кері қайтарылуға жатады.
 

2. Тағайындау тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек облыс аумағында тұратын 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған, яғни жан басына шаққандағы айлық орташа табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі анықтайтын кедейлік шегінен төмен отбасыларына тағайындалады.
      Егер 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасылары осы тәртіппен тағайындалатын әлеуметтік көмектен және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен үміткер болса, онда осы екі көмектің біреуі ғана тағайындалады.
      Әлеуметтік көмек тоқсанның арыз берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
      6. 6. Әлеуметтік көмек жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жанынан құрылатын арнайы комиссиямен 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына (алға қарай - аз қамтылған отбасылар) олардың жазбаша арыздары негізінде тағайындалады.
      Аз қамтылған отбасыларының арыздарын тиісті құжаттарымен қабылдап алуды кент, ауыл (село) әкімдері жүзеге асырады. Олар жергілікті учаскелік комиссиялар арқылы арыз беруші отбасының осы көмекті қажет ететінін немесе етпейтінін анықтайды. Егер арыз беруші көмекті қажет еткен жағдайда учаскелік комиссия қорытындысын жалғап, арызды тиісті құжаттарымен бірге қабылдап алған күннен бастап 10 күн ішінде жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына тапсырады.
      Жазбаша берілген арыз, арыз беруші аз қамтылған отбасыларының тұрмыстық, материалдық жағдайларын зерттеуге негіз болып саналады.
      7. Әлеуметтік көмекті арыз беруші аз қамтылған отбасына тағайындау немесе тағайындамау мәселесін осы отбасының тұрмыстық, материалдық жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жанындағы арнайы комиссия шешеді.
      8. Әлеуметтік көмек жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жанындағы арнайы комиссия шешімімен арыз беруші аз қамтылған отбасыларының келесідей мүшелеріне келесі көлемде тағайындалады:
      - 18 жасқа дейінгі әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш;
      - 18 жасқа дейінгі 4 және одан да жоғары балалары бар аналарға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      9. Әлеуметтік көмек алуға берілетін арыздарға келесідей құжаттар қоса тапсырылады:
      - отбасы құрамы туралы мәлімет;
      - балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;
      - отбасы мүшелерінің тапқан табыстары туралы мәліметтер;
      - жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер.
      Отбасы құрамына:
      - толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
      - интернат-үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      - мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
      - бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
      10. Арыз беруші арызда көрсетілген және оған жалғанған мәліметтердің толықтылығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
      11. Отбасы құрамы және басқа да әлеуметтік көмек алуға негіз болған мәліметтер өзгерген жағдайда тағайындалған әлеуметтік көмек қайтадан есептелуге, ал артық төленген сомалар кейін қайтарылуға жатады.
      Аз қамтылған отбасылар әлеуметтік көмек алуға негіз болған мәліметтер өзгерген жағдайда оны 10 күн ішінде жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына хабарлауға міндетті.
      12. Әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
      13. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арыз беруші отбасының тұрмыстық, материалдық жағдайын зерттегенде кент, ауыл (село) әкімдерінің, учаскелік комиссияның көмегін пайдалануға және қажет болған жағдайда тиісті органдардан өтініш беруші отбасы мүшелерінің әлеуметтік көмек тағайындауға құқығын растайтын мәліметтер сұратуға құқылы.
      14. Аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыздары басқа да қажетті құжаттарымен бірге кент, ауыл (село) әкімдерінен қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарымен қаралып, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім алынады. Қажетті құжаттары жалғанбаған арыздар қабылдануға жатпайды.
      15. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары шешімі тиісті хаттамамен рәсімделеді. Егер әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда, онда оның қорытындысы арыз берушіге жазбаша хабарланады.
      16. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім заңнамалармен белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға жатады.
      17. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына жауап береді.
 

3. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу тәртібі

      18. Әлеуметтік көмек алуға үміткер аз қамтылған отбасының жиынтық табысына, әлеуметтік көмекті және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.
      19. Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
      20. Осы тәртіппен анықталмаған аз қамтылған отбасының жиынтық табысын есептеу тетіктері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қолданылатын орталық атқарушы органдар белгілейтін ережелермен жүргізіледі.
 

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      21. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру сәйкесті жылда осы мақсатқа қаралған жергілікті бюджет қаражаты көлемінде жүргізіледі.
      22. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әр айдың 5 жұлдызына дейін өткен ай үшін әлеуметтік көмекке қажетті қаржының көлемін анықтап, әлеуметтік көмек алушылардың тізімін жасақтайды.
      23. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әлеуметтік көмек алушылар тізімін әр айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге жолдайды, сонымен қатар, жергілікті қаржы органдарына қаржыландыруға сұраныстар жібереді.
      24. Жергілікті қаржы органдары жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарының сұраныстары негізінде әлеуметтік көмек төлеуге қаралған қаржыны бөледі.
      25. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейін 3 күннің ішінде екінші деңгейдегі банктер шоттарына әлеуметтік төлемдерге қажетті қаржыны аударады, сонымен қатар жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.
      Екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік көмекті жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алған алушылардың тізімдері негізінде төлеуді жүзеге асырады.
 

5. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі

      26. Әлеуметтік көмектің есебін жүргізу, бақылау және есеп беруді жүзеге асыру жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүктеледі.
      27. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10-шы жұлдызына дейін екінші деңгейдегі банктер мен әлеуметтік көмек үшін өткен тоқсанда төленген әлеуметтік көмек сомалары бойынша салыстыру актілерін жасап жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тапсырады. Бұдан басқа, әрбір айдың 10-шы жұлдызына дейін белгіленген нысанда жиынтық есеп жібереді.
      28. Әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығына және мезгілінде төленуіне бақылау жасауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.
 


Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы Х сессиясының N 189-ІІІ шешіміне 2 қосымша

Азаматтардың кейбір санаттарына газетке жазылуға берілетін әлеуметтік көмек көрсету ТӘРТІБІ
1. Жалпы бөлім

      1. Азаматтардың кейбір санаттарына газетке жазылуға берілетін әлеуметтік көмек (алға қарай - әлеуметтік көмек) жергілікті өкілетті органдар шешімдерімен тағайындалып төленетін әлеуметтік көмектердің бір түрі болып табылады және ол халықтың әлеуметтік қорғалуға жататын бөлігін қолдауға бағытталған.
      2. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат көлемінде республикалық және облыстық газеттерге жазылу үшін тағайындалып төленеді.
      3. Заңсыз төленген әлеуметтік көмек қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кінәлі тұлғалар есебінен кері қайтарылуға жатады.
 

2. Тағайындау тәртібі

      4. Әлеуметтік көмек облыс аумағында тұратын азаматтардың келесідей санаттарына жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен тағайындалады:
      - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
      - 1, 2 және 3 топтағы еңбек мүгедектеріне.
      5. Әлеуметтік көмек жоғарыдағы санаттарға жататын азаматтарға олардың табыстарына байланыссыз тағайындалып төленеді.
      6. Әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде кент, ауыл (село) әкімдері арқылы жеке арыз тапсырады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыздарды кент, ауыл (село) әкімдері қабылдап, солардың негізінде азаматтардың тұратын жерін, төлқұжатының және әлеуметтік көмекті алуға құқық беретін құжатының мәліметін көрсетіп тізім дайындайды. Тізімді кент, ауыл (село) әкімдері бекітіп, мөр басады.
      Кент, ауыл (село) әкімдері арыздарды қабылдап алған күннен бастап 10 күн ішінде арыздарды және бекітілген тізімді жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына тапсыруды жүзеге асырады.
      7. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы берілген арыздарды жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары кент, ауыл (село) әкімдерінен қабылдап алған күннен бастап 5 күн ішінде қарап, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім алады.
      8. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының шешімдері тиісті хаттамалармен рәсімделеді.
      9. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына жауап береді.
 

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      10. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру сәйкесті жылға арналған жергілікті бюджетте осы мақсатта қаралған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
      11. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әлеуметтік көмекті төлеуге қажетті қаражат мөлшерін анықтап, жергілікті қаржы органдарына қаржыландыруға тапсырыс береді.
      12. Жергілікті қаржы органдары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының тапсырысы негізінде жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен әлеуметтік көмекті төлеуге қаржы бөледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әлеуметтік көмекті төлеуге қажетті қаржы түскеннен кейін, оларды сонымен қатар, жасақталған келісім-шарттарға сәйкес екінші деңгейдегі банктерге төленетін комиссиялық сыйақыны екінші деңгейдегі банктерге аударады.
      Екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік көмек төлеуді жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алған алушылар тізімдері негізінде редакциялардың шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
 

4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

      13. Әлеуметтік көмек көрсетудің есебін жүргізу және есеп беру жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүктеледі.
      14. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын екінші деңгейдегі банктермен өткен айда төленген әлеуметтік көмектер сомаларына салыстыру актілерін жасайды.
      15. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын белгіленген нысанда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне есеп береді.
      16. Әлеуметтік көмекті төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
 


Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы Х сессиясының N 189-ІІІ шешіміне 3 қосымша

Мүгедек балаларын үйінде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу Ережесі
1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы (енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) негізінде мүгедек балаларын үйінде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына материалдық көмекті (бұдан әрі материалдық көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
      2. Материалдық көмек үш жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларын (бұдан әрі - мүгедек балалар) арнаулы мекемелер мен оқуорындарында тәрбиелеуге, оқытуға мүмкіндіктері болмаған жағдайда оларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына материалдық қолдау көрсету мақсатында төленеді. Материалдық көмек мөлшері 2,4 айлық есептік көрсеткішке теңеледі және әрбір мүгедек балаға төленеді.
      3. Мүгедек балаларын үйінде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына берілетін материалдық көмек Атырау облысы білім беру департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссиясының (ПМПКК-ның) баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттігі туралы шығарған қорытындысы негізінде тағайындалады. Мүгедек баланың үйде тәрбиеленіп, оқытылуының қажеттігін қайталап анықтау мерзімі осы комиссиямен белгіленеді.
 

2. Тағайындау тәртібі

      4. Материалдық көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың ата-аналарының бірінің не олардың орнындағы қамқорлыққа алған адамның арызы бойынша арыз берілген айдан бастап мүгедек баланың үйде тәрбиеленуі және оқытылуы қажет делінген ПМПКК-ның қорытындысы негізінде, бірақ баланың мүгедек деп танылған мерзімінен аспайтын кезеңге тағайындалады.
      5. Материалдық көмекті тағайындауды арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары іске асырады.
      6. Материалдық көмекті тағайындау үшін арызға төмендегі құжаттар тіркелуге тиісті:
      - өтініш беруші мен мүгедек баланың тұрағы (мекен жайы) туралы анықтама;
      - мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (мүгедек балаларды қамқорлаушы ретінде өтініш беруші, қамқорлаушы санатын белгілеген органның шешімінің көшірмесін тапсырады);
      - Атырау облысы білім беру департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның мүгедек баланың үйде тәрбиеленуі (3-6 жастағыларға) немесе оқытылуы (7-16 жасқа дейінгі) қажеттігін дәлелдейтін анықтама;
      - мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының (бұдан әрі - МӘСК) анықтамасынан көшірме.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары материалдық көмек тағайындауға тиісті құжаттармен түскен арызды қабылданған күнінен бастап бес күн мерзім ішінде қарап, материалдық көмекті тағайындау не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, оның себебін көрсеткен шешімді қосып қабылданған құжаттарды кері қайтарады.
      8. Тағайындалған материалдық көмекті төлеу мүгедек балалардың ПМПКК анықтаған қайталап өту мерзіміне дейін жүргізіледі. Егер ПМПКК мүгедек баланы үйде тәрбиелеуді (3-6 жастағылар үшін) немесе оқытуды (7-16 жасқа дейінгі) одан әрі қажет деп тапса, материалдық көмекті төлеу ПМПКК берген анықтаманың қайталап тапсырылған айынан жалғастырылады.
      9. Материалдық көмекті алуды тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туралы алушы 15 күн ішінде тиісті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына хабарлауға міндетті.
      10. Артық төленген материалдық көмек сомалары кінәлі адамдар есебінен тиісті заңмен белгіленген тәртіп бойынша бюджетке қайтарылуға жатады.
 

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      11. Материалдық көмекті төлеу ай сайын өткен ай үшін облыстық бюджетте осы мақсатта қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
      12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын әр айдың 5-ші жұлдызына дейін өткен ай үшін материалдық көмек алушылардың саны мен оларға төленетін көмек сомасын анықтап, көмек алушылар тізімін жасақтайды, оны материалдық көмекті төлейтін екінші деңгейдегі банкке тапсырады, сондай-ақ материалдық көмекті төлеуге қажетті қаражатқа Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне сұраныс жолдайды.
      13. Атырау облысы қаржы департаменті Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне түскен сұраныс бойынша осы мақсатқа қаралған есебінен материалдық көмектерді төлейтін екінші деңгейдегі банктердің комиссиялық сыйақыларын төлеуге қаржы бөледі.
      14. Материалдық көмектерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан түскен тізімдер бойынша және Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен жасасқан агенттік келісімге сай екінші деңгейдегі банктер төлейді.
 

4. Есеп беру және жүргізу тәртібі

      15. Материалдық көмектерді тағайындау, төлеу және олардың есебін жүргізу жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүктеледі.
      16. Жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әр айдың 10-шы жұлдызына дейін есеп беру айында төленген материалдық көмектер бойынша оларды төлеумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банктермен салыстырмалы акт жасайды және оны Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне жолдайды. Сонымен қатар, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне әр айдың 10-шы жұлдызына дейін департамент белгілеген үлгіде есеп береді.
      17. Материалдық көмекті төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін бақылауды уәкілетті органдар жүзегеасырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады