1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысының қатысушыларын мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № 198 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 23 наурызда № 2390 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 239-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 10.04.2014  № 239-V шешімімен
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты X сессияда шешім етті:
      1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 49-а "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысымен қарауға енгізілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөнінде шаралары бекітілсін.
      2. Облыс әкімияты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек төлеу тетігін анықтасын.

      Облыстық мәслихат X сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының 
2005 жылғы 7 ақпандағы N 49-а
қаулысымен бекітілген   

1941-4945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы мерекесінің құрметіне және халықтың ерлігіне зор маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1173 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына
дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" қаулысына , Қазақстан Республикасының 2001 жығы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері 2005 жылғы 1 мамырдан бастап 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік төлемдер көлемінде ақы төлеуден өмір бойы босатылсын.
      2. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті Атырау облысы қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменттерімен бірігіп, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметте (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік көлемінде ақы төлеуден босату тетігін жасақтасын.
      3. Атырау облысы қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменттері 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметте (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін абоненттік төлемдер шығындарының орнын толықтыруға арналған қаржы қарастырылсын.
      4. Осы қаулы облыстық мәслихатының сессиясында бекітуге ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Супрунға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады