Бастапқы әскери даярлау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 30 шешімі Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте N 2442 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери даярлау туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасын басшылыққа алып, шешемін:
      1. Қоса беріліп отырған 2005-2006 оқу жылына арналған Атырау облысының оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыруды жақсарту және жүргізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда жастардың бастапқы әскери және дене-күш даярлығының, әскери-патриоттық тәрбиесінің жай-күйін тексеру жөніндегі комиссия құрылсын.
      3. Атырау облысы Білім беру, Денсаулық сақтау департаменттері, Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери даярлау туралы" қаулысын орындау жөніндегі шаралар қабылдасын;
      2) Жастардың әскери қызметке дайындығын түпкілікті жақсартсын;

      4. Атырау облысы Білім беру департаменті:
      1) Қарастырылған қаражат шегінде оқу орындары штаттарын бастапқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларымен жиынтықтауды қамтамасыз етсін, оларды тек Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасымен және Атырау облысы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен келіскеннен кейін қызметке тағайындасын және қызметтен босатсын;
      2) кейіннен оқу-дала (лагерлік) жиындарына қатыстыра отырып, жалпы  білім беретін мектептердің 10-11 сыныптары оқушыларының, кәсіптік-техникалық мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының 1-3 курстары оқушыларының әскери дайындығын жүргізуді белгілесін;
      3) Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын даярлау үшін кандидаттар іріктеуді ұйымдастырсын;
      4) білім беру жүйесі ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттары жанындағы курстарда бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырсын;
      5) жаңа оқу жылы басталар алдында, қысқы және көктемгі каникул күндерінде медициналық-санитарлық дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын денсаулық сақтау, білім беру және Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті органдарына әдістемелік сабақтарға
жолдап отырсын;
      6) Атырау қаласы және аудандардағы оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын құрсын;
      7) оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жүргізудің, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің оң тәжірибесін жинақтап таратсын.
      5. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Білім беру департаменті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штатына қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің бастығы (әрі қарай - ҚССЛ) - әскерге дейінгі жастағы және шақырылу
жасындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі маман лауазымын штат санының шегінде енгізсін.
      6. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) облыстағы бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысты бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) оқу орындарының бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен 3 күндік әдістемелік жиындар (оқу жылы басталар алдында) мен бір күндік әдістемелік сабақтарды ұйымдастырып, өткізсін;
      3) Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне, Атырау облысы Білім беру департаментіне жастардың бастапқы әскери дайындығы, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене күш даярлығының жай-күйі туралы уақтылы хабарлап отырсын.
      7. Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (келісім бойынша) жастарды адам өмірі қауіпсіздігі мен медициналық-санитарлық дайындық негіздеріне оқытуды бақылауды қамтамасыз етсін.
      8. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
      1) медициналық-санитарлық дайындық оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) білім беру ұйымдарына оқушылармен тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін емдеу мекемелерін бекітіп берсін және олардың дайындығын бақылауды жүзеге асырсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімінің        
2005 жылғы 6 қыркүйек N 30  
шешімімен бекітілген     

2005-2006 оқу жылына арналған Атырау облысының оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру, жақсарту және жүргізу жөніндегі негізгі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

р/с

Іс-шаралардың атауы

Орындауға
жауаптылар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

1

Облыс оқу орындарындағы бастапқы
әскери дайындықтың, әскери-
патриоттық тәрбие мен дене-күш
дайындығының жай-күйіне
тексеру жүргізу

Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.

Кестеге
сәйкес

2

5 күндік оқу-дала (лагерлік)
жиындарын ұйымдастыру және
өткізу (30 сағат):
1) Жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сыныптарының оқушылары үшін;
2) кәсіби-техникалық мектептердің 2-курс оқушылары үшін;
3) арнаулы орта оқу орындарының
3-курс оқушылары үшін.

Жалпы білім беретін және кәсіптік техникалық мектептердің, арнаулы орта оқу
орындарының директорлары

2006
жылғы
мамыр -
маусым

3

Оқу-дала (лагерлік) жиындарында
бастапқы әскери дайындыққа
оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, бозбалалармен автоматтан соғыс патрондарымен атуды өткізу. Оқу-дала (лагерлік) жиындарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету.

Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі департаменті (келісім бойынша)

Оқу-дала
жиындарын
өткізу
кестесіне
сәйкес

4

Оқу орындарындағы бастапқы әскери
дайындықтың, азаматтық   қорғаныстың, адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінің арнайы
мүлкінің  есепке алынуының, оның
сақталуының және пайдалануының
жәй-күйін бақылауды жүзеге асыру.

Оқу орындарының
директорлары

Үнемі

5

Бастапқы әскери дайындық
жөніндегі сабақтар мен сыныптан
тыс шаралардың тәрбиелік мәнін
арттыру, болашақ жауынгерлер
бойында Отан алдындағы борышын
өтеуге қажетті жоғары моральдық-
өнегелік, психологиялық, әскери, жігерлілік қасиеттерді, дене-күші дағдысын қалыптастыру. Мыналарды ұйымдастырып, өткізу:
- Солдат әндерінің байқау-конкурстары;
- Ерлік сабақтары;
- Балаларды қорғау күні
орайластырылған шаралар;
- әскери кәсіп адамдары, әскери
оқу орындары, оқуға түсу шарттары, курсанттардың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер өрбіту.

Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті,
оқу орындарының
директорлары

Оқу жылы
ішінде

6

Әскер қатарына шақырылушы күнін
ұйымдастырып және өткізу.

Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.

2005 жылғы
сәуір

7

Бозбалаларды мерзімді әскери
қызметке шығарып салу салтанатын
ұйымдастырып, өткізу.

Кешенді комиссия
Ерғалиев Ж.,
Қаленов М.,
Дәулетқазиев Е.,
Көбенов С.,
Имандосов Х.,
Хан А.

Жеке жоспар
бойынша

8

Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру кезеңінде
жастарды патриотизм мен
интернационалдық тұрғыда
тәрбиелеу мәселесі жөніндегі
арнайы семинар-кеңес дайындап
және өткізу.

Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша)

2005 жылғы
сәуір

9

Соғыс, еңбек, Қарулы Күштер
ардагерлерінің, интернационалист
жауынгерлердің, солдат аналары
комитеті мүшелерінің, діни
конфессиялар өкілдерінің қатысуымен әскер қатарына
шақырылушылармен тілек-кездесулерін өткізу.

Атырау облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша)

Жеке жоспар
бойынша

10

Барлық оқу орындарында
жауынгерлік даңқ бұрыштарын
(бөлмелерін) қалпына келтіру
және оларды оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі оқу процестерінде пайдалану.

Атырау облыстық
Қорғаныс істері
жөніндегі
департаменті
(келісім бойынша), Атырау облысы Білім беру
департаменті

Оқу жылы
ішінде

Облыс әкімінің         
2005 жылғы 6 қыркүйек N 30 
шешімімен бекітілген    

Жастардың бастапқы әскери және дене-күш дайындығы, әскери-патриоттық тәрбиесінің жай-күйін тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:

Ерғалиев Жолдасқали - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы,комиссия төрағасы;
Қаленов Мұхит       - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Қобанұлы             департаменті бөлім департаменті бөлім бастығының                       аға көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Дәулетқазиев Ерболат - Атырау облысы Білім беру департаментінің бас Ғұсманұлы              маманы;
Имандосов Хайдар    - Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің Тынышбекұлы           бас маманы;
Көбенов Серікқали   - Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі Бағытұлы              департаменті Халықты дайындау және оқыту         орталығының бастығы (келісім бойынша);
Хан Анатолий        - Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт бөлімі Алексеевич            бастығының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады