Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 1 қарашадағы N 308 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 14 қарашада N 2449 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы N 288 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа алып, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.
      2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жайлар белгілесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының   
2005 жылғы 1»қарашадағы 
N 308 қаулысымен бекітілген

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақтыүй-жайларда бөлшек саудада сату ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2 тармағы (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй жайларда бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.
      2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.
      3. Заңның 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.

2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді
баспа басылымдарын бөлшек саудада сату

      4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
      5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"»Заңның 14-бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.
      6. Тұрақты үй жайлар Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының  қаулыларымен белгіленеді.
      7. Көрсетілген баспа басылымдарын:
      1) он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға;
      2) балалар мекемелерінде және оқу орындары мен оған 150 метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;
      3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
      4) Қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.

3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік

      8. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады