Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 41 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 желтоқсанда № 2451 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 35 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2011.10.17 № 35 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 272-ІІІ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне сәйкес шешемін :
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға ай сайын 2000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға олардың табыстарына байланыссыз төленеді.
      3. Қоса берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
      4. Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы шешіммен бекітілген нұсқауға сәйкес әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С. Рысқалиевқа жүктелсін.
 
 

      Облыс әкімі


Облыс әкімінің
2005 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 41 шешімімен бекітілген 

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі Нұсқау
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмек төлеу үшін әзірленді.
 

Әлеуметтік көмекті тағайындау

      2. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға әлеуметтік көмекті жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары тағайындайды (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін оны алуға құқылы азаматтар тұрғын жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына келесі құжаттарды тапсырады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін:
      әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке арыз;
      2) Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін:
      әлеуметтік көмекті тағайындау туралы жеке арыз;
      тұрғын жерінен анықтама;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      арыз берушінің мәртебесін растайтын құжат.
      4. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арызды барлық қажетті құжаттармен бірге ол түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы қарап, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әлеуметтік көмекті төлеуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін арыз берушіге барлық құжаттарды қайтарады.
      6. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары әлеуметтік көмекті тағайындаудың дұрыстығына жауап береді.
      7. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым берілуі мүмкін.
      8. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз барлық тапсырылған құжаттарымен бірге, сонымен қатар әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім немесе оның көшірмесі көмек алушының жеке ісінде сақталады.
 

3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу

      9. Әлеуметтік көмек Атырау облысы аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға төленеді.
      10. Әлеуметтік көмек арыз берілген айдан бастап тағайындалады және ай сайын төленеді.
      11. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру тиісті жылға арналған жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
      12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары облыс бойынша әлеуметтік көмек төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, жергілікті қаржы органдарына әр айдың 10 күні қаржыландыруға өтінім жолдайды.
      13. Жергілікті қаржы органдары қаржыландыру жоспары негізінде жергілікті бюджетте әлеуметтік көмек төлеуге қаралған қаржы есебінен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қаржы бөледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге арналған қажетті соманы, сондай-ақ агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды екінші деңгейдегі банктер шотына аударады.
      14. Әлеуметтік көмекті төлеуді жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары (төлқұжат, жеке куәлік) негізінде екінші деңгейдегі банктер жүргізеді.
 

4. Есеп жүргізу және есеп беру

      15. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп жүргізу, есеп беру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүктелді.
      16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын 10 күніне дейін төленген қаржыға әлеуметтік көмек алушылардың санаттары шеңберінде екінші деңгейдегі банктермен салыстыру актілерін жасайды.
      17. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары белгіленген нысанда және тәртіпте Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне есеп ұсынады.
      18. Әлеуметтік көмекті төлеуге бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуын бақылауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      19. Заңсыз төленген әлеуметтік көмек сомалары заңнамада белгіленген тәртіппен қалпына келтіруге жатады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады