Жол қозғалысы Ережесін бұзғандығы үшін тоқтатылған көлік құралдарын сақтаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 94 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2005 жылғы 14 маусымда № 4-1-6 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 1441 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 03.08.2018 № 1441 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 630 бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жол қозғалысы Ережесін бұзғандығы үшін тоқтатылған көлік құралдарына "Арнаулы көлік базасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағында айыптық автотұрақ пен алаң ұйымдастырылсын.

      2. Жол қозғалысы Ережесін бұзғандығы үшін тоқтатылған көлік құралдарын сақтау, Ережесі бекітілсін (1 қосымша).

      3. "Арнаулы көлік базасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Қ. Саудабеков) жүргізушілері тоқтау, тұру және көлік қою Ережелерін бұзған көлік құралдарын көшіру орындаушы болып белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиевке жүктелсін.

      Қала әкімі М. Тасыбаев

  Атырау қалалық әкімиятының 2005 жылғы "26" мамыр № 94 қаулысына 1 қосымша

Жол қозғалысы Ережесін бұзғандығы үшін тоқтатылған көлік құралдарын сақтау ережесі

      1. Осы ереже ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдарда немесе автотұрақтарда сақтаудың тәртібін анықтайды.

      2. Көлік құралдарын ұстау Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 630-бабының 1 бөлігімен көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      Көлік құралдарын ұстау (әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жерде ұсталу себептерін жою мүмкін болмаған жағдайда) арнайы алаңға, автотұраққа уақытша мәжбүрлі тоқтату болып табылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтайтын уәкілетті лауазымдық тұлға (бұдан әрі-уәкілетті тұлға) өз құзыреті шеңберінде бағыттау бойынша тиісті әрекет жасайды.

      3. Ұсталған көлік, құралы арнайы тұраққа басқа жерде жүретін көлік құралының көмегімен (эвакуатор) немесе басқа көлікке тіркеу арқылы жеткізілуі мүмкін.

      Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуация) егер де көлік құралдарының жүргізушілері тоқтау немесе тұрақтау тәртібін бұзып, өздері кетіп қалған, сонымен қатар көлік құралдарын жолда қалдырып, өздерінің (жүргізушілерді) қайда екенін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда да қолданылады.

      4. Ұсталған көлік құралдарын сақтау Атырау қаласы, Тайманов көшесі, 1 "а" мекен-жайы бойынша "Арнаулы көлік базасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның алаңында коммуналдық меншік болып табылатын арнайы тұрақта жүзеге асырылады.

      5. Көлік құралының, ұсталғаны жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға жазу енгізіледі және көлікті қабылдау-тапсыру жөнінде акт жасақталады.

      6. Көлік құралын қабылдау-тапсыру актісін көлік құралының иесінің (көлік иесінің өкілі), ал болмаған жағдайда екі куәгердің, өкілетті лауазымдық тұлғаның қатысуымен сақтаушы үш данада жасақталады. Көлік құралын қарау және тізімін алу сақтаушымен аталған тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.

      Қабылдау-тапсыру актісінің бірінші данасы құқық бұзушылыққа құрастырылған әкімшілік хаттамамен бірге өкілетті лауазымдық тұлғаның бөлімшесіне тапсырылады, екінші данасы құралының иесіне (көлік иесінің өкіліне) беріледі, үшіншісі сақтаушыда қалады.

      7. Ұсталған көлік құралын сақтауға қабылдау және қайтару ұсталу себептері анықталғаннан кейін сақтаушымен көлік құралын тұраққа қойған органның рұқсаты бойынша тәуліктің кез келген мерзімінде және аптаның кез келген күні жасақталады.

      8. Мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасымен процессуалдық қимылдар жүргізу мақсатында көлік құралдарын ұстаған жағдайда іс барысында ұсталған көлік құралдарының жүргізушілерінде құқық бұзушылықтың болмауы анықталса, сонымен қатар үшінші тұлғалардың кінәларын дәлелдеу үшін сараптамалар мен сынақтар жүргізілсе, ақысыз сақтау тәртіптері тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      9. Сақтаушы көлік құралдарын сақтауға арналған аумақты дұрыс қоршаумен, электр жарығымен, байланыс құралдарымен, қабылдауға арналған бөлмемен, көліктік жұмыспен, қатты төсенішпен, су құбырымен қамтамасыз етуі және сол нақты таза және тәртіпті жағдайда ұстауы керек.

      10. Көлік құралын қандай жағдайда қабылдаса, сондай жағдайда иесіне қайтаруы тиіс.

      11. Көлік құралдарын сақтау ережелерін өзгерту қажет болған жағдайда сақтаушы көлік иесіне дереу хабарлауы керек.

      12. Жоғалу немесе бұзылу қаупі туған жағдайда, 3 (үш) календарлық күннің ішінде көлік иесіне хабарлау арқылы, сақтаушы көлік иесінің келісімінсіз сақтау уақыты мен тәсілін өзгерте алады.

      13. Арнайы тұрақты немесе тасымалдау кезінде көлік құралына және оның ішінде мүлікке келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырылады.

      14. Көлік құралын ұстау мерзімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сақталған сәттен бастап есептелінеді.

      15. Көлік құралын сақтау мерзімі оны арнайы тұраққа қойған кезде бастап есептеледі. Көлік құралын сақтауға арналған төлем қазіргі нормативтік-құқықтық мерзімдердің талаптарына сәйкес баға саясатын анықтайтын уәкілетті органмен белгіленген бағалар бойынша төленеді.

      16. Жүргізушінің (көлік иесінің, көлік иесі өкілінің) арнайы тұрақты тұрғын көлік құралына баруы осы көліктерді сақтау үшін жауапты тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      17. Көлік құралдарын ұстау себептерінің жойылғандығына көзі жеткен өкілетті лауазымдық тұлға арнайы тұраққа қойылған көлік құралын иесіне қайтаруға рұқсат береді (жазбаша түрде) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе көлік құралының ұсталғаны жөніндегі хаттамаға тиісті жазу енгізеді.

      18. Арнайы тұрақты ұсталған көлік құралдарына қатаң есеп жүргізіледі.

      19. Жүргізушісі жоқ көлік құралдарының ұсталғаны жөнінде аумақтық ішкі істер органының кезекші бөліміне дереу хабарланады. Ішкі істер органының оперативтік кезекшісі тәулік ішінде көлік иесі (көлік иесінің өкіліне) көлік құралының ұсталғаны жөнінде хабарлайды, қажет болған жағдайда көлік құралының иесін (көлік иесінің өкілін) анықтау үшін қажетті шаралар қолданады.

      20. Сақтау жөніндегі көрсетілген талаптар еріксіз алынған көлік құралдарына да қатысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады