Атырау қалалық әкімдігі қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 1441 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 тамызда № 4228 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 94 "Жол қозғалысы Ережесін бұзғандығы үшін тоқтатылған көлік құралдарын сақтаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-6 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 1278 "Атырау қалалық әкімдігі қаулысының күшін жою туралы" қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Таубаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады