Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстың әкімдігінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 247 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 24 мамырда N 1910 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 53 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.03.18 N 53 Қаулысымен.

      "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N№57  қаулысын орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 2005 жылға кредит беру шарты бекітілсін.

      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар аудандар мен қалалардың 2005 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ осы қаулының 3-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін 10 (он) күнтізбелік ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін берсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы қаулының 2-тармағы орындалғаннан кейін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына 2005 жылға арналған Республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан Шартта көзделген шарттарда 5909000000 (бес миллиард тоғыз жүз тоғыз миллион) теңге сомасында үй салуға кредиттер бөлінсін, оның ішінде:
Шымкент қаласына   - 5318137000 теңге;
Түркістан қаласына - 7 8658000 теңге;
Арыс қаласына      - 25308000 теңге;
Қазығұрт ауданына  - 65300000 теңге;
Мақтаарал ауданына - 86129000 теңге;
Ордабасы ауданына  - 46632000 теңге;
Сарыағаш ауданына  - 90228000 теңге;
Сайрам ауданына    - 139323000 теңге;
Төлеби ауданына    - 31361000 теңге;
Түлкібас ауданына  - 27924000 теңге.

      4. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті:
      1) аудандардың (облыстың маңызы бар қалалардың) жергілікті атқару органдарының кредиттерді мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын, оның ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының кредиттерді қайтаруын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Әшірбаевқа жүктелсін.  

       Облыс әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 25 сәуірдегі
      N 247 қаулысымен бекітілген

  Облыс аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй салу үшін сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 2005 жылға
кредит беру ережесі

      1. Осы ереже облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 2 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 13/130-ІІІ шешімімен көзделген қаражат есебінен облыстық аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға  5909000000 (бес миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасында кредит беру тәртібін белгілейді.

      2. Облыс аудандарының (облыстық маңызы бар қалаларының) жергілікті атқарушы органдарына кредиттер тұрғын үй салуға 2 (екі) жыл мерзіммен сыйақының нөлдік ставкасы бойынша бөлінеді.

      3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары 1 (бір) шаршы метрі 350 (үш жүз елу) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы тиіс, толығымен әрленген тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді.

      4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі заңнамаға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдармен және облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен үш жақты кредит келісімдерін жасасады.

      5. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары кредиттерді облыстық бюджетке белгіленген мерзімде қайтаруды жүргізеді.

      6. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті заңнамаға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы және уақтылы қайтармауы фактілері анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдарды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде:
      1) мақсатына сай пайдаланылмаған соманың 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде есептелген айыппұлдарды ескере отырып, мақсатына сай пайдаланылмаған соманы облыстық бюджеттің кірісіне;
      2) кредит бойынша әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде өсімақы аудару қажеттігі туралы хабардар етеді.

      7. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары осы Шарттың 6 тармағында көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының келісімінсіз жергілікті бюджеттердің шоттарынан берешек соманы және есептелген өсімақы сомасын облыстық бюджеттің кірісіне есептен шығаруды жүргізеді.
      2) заңнамада көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады