Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.04.23 N 325 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы N 1173 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Өскемен қалалық мәслихатының 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "2005 жылға қалалық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ә. Байбатчинге жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі
Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 54 қаулысымен
бекітілген
Қала әкімдігінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 54 қаулысына
қосымша
Өскемен қаласының жалғыз басты өте
мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және
мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық
көмек бөлу және төлеу
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Өскемен қаласының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатымен қабылданды.
Өскемен қаласының жалғыз басты өте мұқтажды Өскемен қаласында тұрақты тұратын (тіркелген) және жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлінеді. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға бір рет бөлінеді. Бірге тұратын, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып саналатын ерлі зайыптылардың тілектері бойынша біреуіне көмектің 1 мөлшері төленеді.
2. Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық
көмек бөлу және төлеу тәртібі
Өскемен қаласының жалғыз тұрып жатқан, өте мұқтажды, жалғыз басты Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмек бір отбасына бір сомадан артық емес есеп айырысу көрсеткішінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің он бес еселігін есептеу шамасында бөлінеді. Бір жолғы материалдық көмек мынадай құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
1) көмек бөлу туралы өтініш;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
3) жеке басының куәлігінің көшірмесі;
4) ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі;
5) тұрғын үйді жекешелендіру туралы Шарттың көшірмесі.
Әр келіп түскен өтініш иесі бойынша, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, өтініш иесі есепте тұратын ардагерлер ұйымының және өзін-өзі басқару комитетінің өкілін тарта отырып тұрмыстық жағдайы жайлы тексеру акті құрылады.
Өскемен қаласының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу комиссиясы материалдық көмек жөніндегі шешімін қабылдайды.
Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді.
Өтініш беруші ұзақ мерзімде жоқ болған жағдайда (3 ай бойы) комиссия материалдық көмек көрсету мәселесін қайта қарауға және басқа мұқтаждыларға қайта бөлуге құқылы.
3. Жергілікті бюджет қаражаттарын мақсатты түрде
пайдалануына бақылау
Өскемен қаласының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы атаулы материалдық көмекке жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты түрде пайдалануына бақылау қаланың қаржы бөлімі жүзеге асырады.
"Өскемен қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі