Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2007.12.24 N 629 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысына, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес Глубокое ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін.
2. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Ережелері бекітілсін.
3. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкім орынбасары В.В.Лаптевқа жүктелсін.
Глубокое ауданының әкімі
Глубокое ауданы әкімиятының
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 993 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
1. Осы Ережелер жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесін реттейді.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орны - облыстық бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны;
мақсатты топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
3. Осы ережелер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5 -баптарына сәйкес әзірленді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орынға алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын облыс бюджетінен бөлшемді өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған мақсатты топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде (одан әрі "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" ММ ) уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ іріктеу жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды "Әлеуметтік жұмыс орындарына" "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" ММ жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" ММ келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
11. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде облыстық бюджет қаражаттарынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
Мақсатты топтан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына мақсатты топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен мақсатты топтағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін қаралған бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
"Глубокое аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ басшысы
Глубокое ауданы әкімиятының
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 993 қаулысымен
бекітілген
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты
топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық
куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат - ММ "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жүргізеді.
4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім" ММ жолдамасы бойынша өтеді.
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
7. "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде" ММ ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
8. Өтініш беруші "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
11. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында үш айлық есептік көрсеткіште;
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында екі айлық есептік көрсеткіште.
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
14. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған облыстық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.
"Глубокое аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлім" ММ басшысы
Глубокое ауданы әкімиятының
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 993 қаулысымен
бекітілген
"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1.1 "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
1.2 Осы ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңының 4, 5, 7, 9, 12 - баптарына сәйкес әзірленді
1.3 Ереже бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер туғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ) жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
"Жастар іс тәжірибесі" меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Жұмыс берушімен" келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
1.4 "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Жастар іс-тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.
2. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жастарды жұмыспен қамту облысында өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектерінің еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
2.2 "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
2.3 Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Жастар іс тәжірибесіне" қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:
жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту орталығында" есепте тұрады;
қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
"Жастар іс тәжірибесіне" тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
2.4 "Жастар іс-тәжірибесін" өткізуді "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
2.5 Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ келісім-шарт жасайды.
Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
2.6 "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жасасқан келісім-шартқа сәйкес "Жастар іс - тәжірибесі" белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" ММ жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
2.7 Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда "Жұмыс беруші" Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" ММ келісім-шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
2.8 "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
2.9 "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
2.10 "Жұмыс берушінің" ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысуының доғарылуы жөнінде өзі шешім қабылдауына болады, ол туралы "Жұмыс берушіге" және "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
2.11 Келісім-шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
2.12 "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ММ "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек-келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
2.13 "Жұмыс беруші" шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының "Жастар іс-тәжірибесін" өткені туралы мінездеме ұсынады.
2.14 Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде "Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде" ММ есепте тұруын жалғастырады.
3. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1 "Жастар іс-тәжірибесін" қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3.2 Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
3.3 "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;
толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
3.4 "Жұмыс беруші" "Жастар іс-тәжірибесінің" қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
3.5 "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушылардың еңбек төлемі "Жұмыспен қамту орталығының" олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
3.6 "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
"Глубокое аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ басшысы