Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.02.16 N 519 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ Заңы 7-бабының 6)-тармақшасына және 5-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысына cәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже (N 1 қосымша);
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ереже (N 2 қосымша);
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Ережелері (N 3 қосымша).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімінің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімі
Зырян ауданы-Зырян
қаласының әкімиятының
2005 жылғы 8 қаңтардағы
N 1198 қаулысына
N 1 қосымша
"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
2. Осы ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-II Заңының 4, 5, 7, 9, 12-баптарына сәйкес әзірленді.
3. Ереже бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер туғызу жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" мемлекеттік мекемесінің (одан әрі "Жұмыспен қамту бөлімі") жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
"Жастар іс-тәжірибесі" меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. "Жұмыспен қамту бөлімі" "Жұмыс берушімен" келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
4. "Жұмыспен қамту бөлімі" "Жастар іс-тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.
2. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҰЙЫМДАСТЫРУ
5. "Жұмыспен қамту бөлімі" жастарды жұмыспен қамту облысында өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
6. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту бөлімі" қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса "Жұмыспен қамту бөлімі" бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту бөлімі" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:
1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту бөлімінде" есепте тұрады;
2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
"Жастар іс тәжірибесіне" тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
8. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту бөлімі" жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен "Жұмыспен қамту бөлімі" келісім-шарт жасайды.
Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
10. "Жұмыспен қамту бөлімі" жасасқан келісім-шартқа сәйкес "Жастар іс-тәжірибесі" белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. "Жұмыспен қамту бөлімі" жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен-жайына жібереді.
11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда "Жұмыс беруші" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту бөлімімен" келісім-шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
12. "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда "Жұмыспен қамту бөліміне" жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
13. "Жұмыс берушінің" ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде "Жұмыспен қамту бөліміне" ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы "Жұмыс берушіні" және "Жұмыспен қамту орталығын" 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
14. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
15. Келісім-шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту бөліміне" азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
16. "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту бөліміне" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек-келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
17. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту бөлімінде" есепте тұруын жалғастырады.
18. "Жұмыс беруші" шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының "Жастар іс-тәжірибесін" өткені туралы мінездеме ұсынады.
3. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
19. "Жастар іс-тәжірибесін" қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
20. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;
2) толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
21. Бөлім "Жастар іс-тәжірибесінің" қатысушысыларының жеке шотына төлемді аударады.
22. "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушылардың еңбек төлемі "Жұмыспен қамту бөлімінің" олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
23. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Зырян ауданы-Зырян қаласының
Әкім аппаратының басшысы
Зырян ауданы-Зырян
қаласының әкімиятының
2005 жылғы 8 қаңтардағы
N 1198 қаулысына
N 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
1. Осы Ережелер жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу жүйесін реттейді.
2. Осы ережелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді.
3. Әлеуметтік жұмыс орны-жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды жартылай өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА
ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын жергілікті бюджетінен жартылай өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
6. Жергілікті бюджетті тиімді пайдалану және жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында, аудандық (қалалық) әкімияттар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша ұйымдардың тізбесін анықтайды, онда мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады және беріледі.
7. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (әрі қарай-Бөлім) мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен шарт жасасады, мақсатты топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемінің жартылай өтемін төлеу қызметін көрсетуі үшін.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан жұмыссыздарға Бөлім іріктеу жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды "Әлеуметтік жұмыс орындарына" Бөлімнің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны Бөлімнің мекен-жайына жібереді.
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес Бөліммен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздардың еңбек төлемінің шығындары жартылай түрде жергілікті бюджет қаражаттарынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші Бөлімге ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
Бюджет қаражатын аудару бойынша есептесу әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың есеп айырысу шотына немесе жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына жіберіледі.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жергілікті бюджеттен төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
15. Жұмыс беруші есеп шотына түскен жергілікті бюджет қаражаттарын әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлемінің шығынын жартылай өтеу мақсатында пайдаланады.
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Зырян ауданы-Зырян қаласының
Әкім аппаратының басшысы
Зырян ауданы-Зырян
қаласының әкімиятының
2005 жылғы 8 қаңтардағы
N 1198 қаулысына
N 3 қосымша
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану,
тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 149 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші-кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
2) шығындарды өтеу-өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу.
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Бөлім) жүргізеді.
4. Медициналық куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп, нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бастап бір ай ішінде кешіктірмей жүргізіледі.
6. Жұмыспен қамту бөлімінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
7. Өтініш беруші жұмыспен қамту бөліміне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
8. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
9. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты.
10. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру-құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
2) аймақ (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына-құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
11. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына үш айлық есептік көрсеткіште.
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына екі айлық есептік көрсеткіште.
12. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
13. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
14. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
15. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
16. Медициналық куәландыру мен аймақ шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
17. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.
Зырян ауданы-Зырян қаласының
Әкім аппаратының басшысы