Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009.04.14 N 11 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149-II Заңының 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып Көкпекті ауданының әкімдігі қаулы етеді:
1. "Жастар тәжірибесін" ұйымдастырудың Ережесі (N 1 қосымша) және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі (N 2 қосымша) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары А.Ж. Әбеновке жүктелсін.
Аудан әкімі
N 1 қосымша
Көкпекті ауданының әкімиятының
2005 жылғы 9 наурыздағы N 760
қаулысымен бекітілген
"Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру туралы
Ережелер
1) "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, дағды алу мақсатында әзірленді.
2) Осы ереже "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II заңының 4, 5, 7, 9, 12 баптарына сәйкес әзірленді.
3) Ереже жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесі, алғашқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке қабылеттілігін арттыру жөнінде уәкілетті органдардың (одан әрі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі") бағыттарының бірін айқындайды.
"Жастар тәжірибесі" мекемелерде, кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" "Жұмыс берушімен" келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
4) "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" "Жастар тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыздардың санына қарай белгілейді.
2. "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру
1) "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" жастардың жұмыспен қамтылуы жағындағы аумақтық еңбек рыногіндегі жағдайды талдау негізінде "Жастар тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдағанда келесі критерийлер есепке алынады:
оқу орындарын бітірген жұмыссыздар саны және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
жастар арасында ұзақ уақыт жұмыс істемейтін оқу орнын бітірушілердің санының өсуі;
бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірушілерде жұмысқа орналасуда еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша тәжірибесінің жоқтығы еңбекке орналасу мүмкіндігін төмендетеді.
2) "Жастар тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейту болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар тәжірибесіне" қатысушыларға потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
Онымен қоса "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы "Жастар тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
3) Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту орталығы" оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды "Жастар тәжірибесіне" қатыстыру үшін іріктейді. Іріктеу критерийлары:
жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде" есебінде тұратындар;
қатысушыларға іріктеп алу мерзімінде қолайлы жұмыстың болмағаны;
жасы 24 жасқа дейінгілер.
"Жастар тәжірибесіне" жұмыссыздардың келісімімен 6 айға дейін жіберіледі.
4) "Жастар тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" атқарушы өкіметтің жергілікті органдарымен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
5) Жұмыссыз оқу орынын бітірушіні уақытша жұмысқа алуға келісім берген мекемемен "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" келісім шарт жасайды.
Келісім шарт жұмысқа алынатын азаматтар санын, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар тәжірибесіне" қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білім мен әдіс алуға міндеттенеді және оны қамтамасыз етеді қарайды.
6) Отырған келісім шартқа сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" "Жастар тәжірибесі" таңбасы бар жолдамасымен жұмыссызды мекемеге жібереді. Жұмыссызды белгілі жұмыс орынына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды.
"Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің мекен жайына жібереді.
7) Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда "Жұмыс беруші" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімімен" келісім шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім шартқа (контрактыға) отырады. Жастар тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орынына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
8) "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" жұмысқа қабылдаған мерзімнен 3 күннен асырмай еңбек контрактысының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
9) "Жастар тәжірибесіне" қатысушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" бір жақтық тәртіпте келісім шартты бұзуға құқылы.
10) "Жұмыс берушінің" бастауы бойынша жұмыссызбен келісім шарт бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн аралығында "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне" ақпарат береді.
Мекемеден жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз "Жастар тәжірибесіне" қатысуының доғарылуы жөнінде "Жұмыс берушіні" және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне" 3 күн арасында хабарлайды.
11) Келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне" азаматтың еңбек келісім шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
12) "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орынына орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" "Жастар тәжірибесіне" қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
13) "Жұмыс беруші" келісім шарт мерзімінің аяқталуымен қатысушының "Жастар тәжірибесін" өткені туралы мінездеме ұсынады.
14) "Жастар тәжірибесінің" аяқталуы мен ұсынылған немесе басқа мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне" есепте тұруын жалғастырады.
3. "Жастар тәжірибесінің" қаржылануы
1) "Жастар тәжірибесінің" қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына сәйкес бекітілген шығындар сметасы бойынша аудандық бюджеттің есебінен жүргізіледі.
2) Маманды жұмыс орынына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
3) "Жастар тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1 ең төмен еңбек ақы толық ай үшін төленеді;
жоғары оқу орындарын бітіргендерге 1,2 ең төмен еңбек ақы толық ай үшін төленеді.
4) "Жұмыс беруші" "Жастар тәжірибесінің" қатысушысына өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
5) "Жастар тәжірибесі" қатысушыларының еңбек төлемі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімімен" олардың жеке есептеріне аудару жолымен жүргізіледі.
6) "Жастар тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақысы үшін қолданылып жүрген салық заңнамаларына сәйкес салық салынады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарлама бөлімінің бастығы
N 2 қосымша
Көкпекті ауданының әкімиятының
2005 жылғы 9 наурыздағы N 760
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережелері
1. Осы ережелер халықтың мақсатты тобынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды реттейді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен меншік нысанына қарамастан есеп жүйесін реттейді.
2. Осы ережелерде пайдаланылған ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орны-кәсібі және мамандығына сәйкес аудандық бюджет есебінен алынған жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалған шығын және жұмыс берушінің ішінара еңбекақысын өтеуі арқылы халықтың мақсатты топтарынан шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша берілетін жұмыс орны;
мақсатты топтар-"Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен және жергілікті атқарушы органдармен айқындалған, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауға зәру адамдар тобы
3. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылқы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы, 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 және 5 баптарына сәйкес жасалды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнеттік қамту және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және
ұйымдастыру тәртібі
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылануы өз қаражатынан және осы жұмыс орынына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысына шыққан шығынды аудан бюджетінен ішінара өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған мақсатты топтан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
7. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуді жұмыссыздық туралы өкілетті органдар (мұнан әрі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) келісім-шартқа сәйкес жүргізеді.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін мақсаттық топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды "Әлеуметтік жұмыс орындарына" жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына алғанда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен аталған мерзімге еңбек шартына (контракт) отырады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері
мен жағдайы
11. Әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысын жұмыс беруші ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес өз қаражатынан атқарылған жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты.
12. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлемінің шығындары жартылай аудан бюджеті қаражатынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен 6 айдан аспайтын мерзімі жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына ұсынған жұмыссыздың ай сайынғы жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтеледі.
Жұмыссыздардың еңбек төлемі жөніндегі дотацияны жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасының қаржысы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына қолданып жүрген заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орынына орналасқан мақсатты топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысы нақтылы орындалған жұмысына сәйкес жүргізіледі.
15. Жұмыссыздар мен мақсатты топтардағы халықтың жұмыспен қамтылмаған топтарының еңбек ақысын ішінара төлеу үшін кәсіпорынның есебіне бюджет қаржысының тиісті мақсатқа жұмсалуына жұмыс беруші жауап береді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібіне бақылау жасау
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылауды заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарлама бөлімінің бастығы