Ескерту. Куші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009.08.08 N 305 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 6-тармағына және 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына cәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімиятының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 509 қаулысы, N 148-II 23 шілдедегі 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 13-тармағын басшылыққа ала отырып, Үржар аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру (N 1 қосымша), "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру" (N 2 қосымша), "Жұмыссыздар және кәсіби оқуға жіберілген мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу" (N 3 қосымша) ережелері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Нұртазаұлы Әмірхановқа жүктелсін.
Үржар ауданының әкімі
N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар аудандық әкімиятының
2005 жылғы 11 ақпандағы N 47
қаулысымен бекітілген
"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
Ереже
1.1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, дағды алу мақсатында әзірленді.
1.2. Нағызғы ереже 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4, 5, 7, 9, 12 баптарына сәйкес әзірленді.
1.3. Ереже жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесі, алғашқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке қабылеттілігін арттыру жөнінде уәкілетті органдардың (одан әрі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі) бағыттарының бірін айқындайды.
"Жастар іс-тәжірибесі" мекемелерде, кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші") ұйымдастырылып өткізіледі. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жұмыс берушімен" келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
1.4. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жастар іс-тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып, оқу орындарын бітірген жұмыссыздардың санын белгілейді.
2. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру
2.1. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жастарды жұмыспен қамту саласындағы аумақтық еңбек рыногіндегі жағдайды талдау негізінде "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдағанда келесі критерийлер есепке алынады:
оқу орындарын бітірген жұмыссыздар саны және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
жастар арасында ұзақ жұмыс істемейтін оқу бітірушілердің санының өсуі;
бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірушілерде жұмысқа орналасу мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша дағдысының жоқтығы.
2.2. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейту болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушыларға потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
Онымен қоса "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы, "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастырудың негізгі принциптері және өткізу жағдайлары жөнінде хабарлап отырады.
2.3. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды "Жастар іс-тәжірибесіне" қатыстыру үшін іріктейді. Іріктеу критерийлері:
жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі есебінде тұрады;
іріктеп алу мерзімінде қатысушыларға қолайлы жұмыстың болмағаны;
жасы 24 жасқа дейін қоса.
"Жастар іс-тәжірибесіне" жұмыссыздардың келісімімен 6 айға дейін жіберіледі.
2.4. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі атқарушы өкіметтің жергілікті органдарымен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
2.5. Жұмыссыз оқу орынын бітірушіні уақытша жұмысқа алуға келісім берген мекемемен "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі келісім шарт жасайды.
Келісім шарт жұмысқа алынатын азаматтар санын, "жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушылардың мамандыққа сәйкес кәсіби білім мен әдіс алуын қамтамасыз ететін міндеттерін қарастыруы тиіс.
2.6. Отырған келісім шартқа сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жастар іс-тәжірибесі" таңбасы бар жолдамасымен жұмыссызды кәсіпорынға жібереді. Жұмыссызды белгілі жұмыс орынына алу жөніндегі шешімді келісім шарт негізінде "жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекеменің мекен жайына жібереді.
2.7. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда "жұмыс беруші" "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім шартқа (контрактқа) отырады. "Жастар іс-тәжірибесінің" басталуы алдында жұмыс беруші қажет жағдайда жұмыссызды жұмыс орынына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықтан өткізеді.
2.8. "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылдаған мерзімнен 3 күн ішінде еңбек контрактысының көшірмесі мен уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін береді.
2.9. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда "жұмыс беруші" бір жақтық тәртіпте келісім шартты бұзуға құқылы.
2.10. "Жұмыс берушінің" тарапынан жұмыссызбен келісім шарт бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн аралығында "Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысуын тоқтату жөніндегі шешімін "жұмыс берушіге" және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 3 күн ішінде хабарлайды.
2.11. Келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне азаматты еңбек келісім шарт (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі немесе оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
2.12. "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орынына орналаса алады. Онда "жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
2.13. Келісім шарт мерзімі аяқталғанда "жұмыс беруші" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының "Жастар іс-тәжірибесін" өткені туралы пікірлерін ұсынады.
2.14. "Жастар іс-тәжірибесі" аяқталғанда осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде есепте тұруын жалғастырады.
3. "Жастар іс-тәжірибесінің" қаржылануы
3.1 "Жастар іс-тәжірибесінің" қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
3.2. Маманды жұмыс орынына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүзеге асады.
3.3. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі төмендегі мөлшерде жүргізіледі:
толық айға бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1 ең төмен еңбек ақы;
толық айға жоғары оқу орындарын бітіргендерге 1,2 ең төмен еңбек ақы.
3.4. "Жұмыс беруші" "Жастар іс-тәжірибесінің" қатысушысына өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
3.5. "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушыларының еңбек төлемі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржысынан олардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.
3.6. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға тиісті заңнамаларға сәйкес салық салынады.
Үржар аудандық "Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
N 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар аудандық әкімиятының
2005 жылғы 11 ақпандағы N 47
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережелері
1. Осы ережелер жұмыссыздар мен мақсатты тобына жататын жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік иесіне байланыссыз) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
2. Осы ережелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес әзірленді.
3. Осы ережелерде қолданылған негізгі түсініктер:
әлеуметтік жұмыс орны - кәсібі мен біліктілігіне сәйкес жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін және жергілікті бюджет есебінен қабылданғандардың еңбегін төлеуге жұмсалған жұмыс берушінің шығынын жартылай өтеуге жұмыс берушінің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны;
мақсатты топтар-жұмысқа орналасуда қиыншылыққа тап болған және әлеуметтік қорғауды талап ететін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген адам топтары.
Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа
орналасу тәртібі
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыратын және осы жұмыс орынына алынған азаматтардың еңбек ақысы шығындарын жергілікті бюджет қаржысынан жартылай өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша ұйымдардың (кәсіпорындардың) тізбесін және оған жұмыссыздар мен мақсатты топқа жататындарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын анықтайды.
7. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына алынған азаматтардың еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуді келісім - шартқа сәйкес жүзеге асырады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мақсатты топқа жататын жұмыссыздар арасында таңдау жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жібереді.
10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына аларда жұмыс беруші онымен "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен жасалған еңбек шартында көрсетілген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес еңбек шартына (контракт) отырады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері
мен жағдайлары
11. Әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен орындайтын жұмыс-тың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берген анықтамасы негізінде алты айдан аспайтын мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жартылай өтеледі.
Жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған азаматтардың еңбегінің төлемі бойынша дотация "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту бағдарламасы қаржысы есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек ақысына заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орынына орналасқан жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
15. Жұмыссыздар мен мақсатты топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібіне бақылау жасау
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сақтауға бақылауды белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Үржар аудандық "Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
N 3 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар аудандық әкімиятының
2005 жылғы 11 ақпандағы N 47
қаулысымен бекітілген
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану,
тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші-кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
2) шығындарды өтеу-өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат-"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
2. Аудан және облыс шегінде тұруға, тамақтануға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұратын жерінен тыс оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Аудан және облыс шегінде тұру, тамақтану, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
4. Медициналық куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби жарамдылықты анықтауды талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіледі және нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі жолдамасы бойынша өтеді.
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
7. Шығындарды өтеу құқығына аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар ие болады.
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
8. Өтініш беруші аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігіне жауапкершілік жүктеледі.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты;
4) пәтер беруші адамның жазбаша өтініші болып табылады.
11. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру үшін-құжаттармен бекітілген зерттеудің құнымен;
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолы үшін-құжаттармен бекітілген жол жүру құнымен жүргізіледі.
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына үш айлық есептік көрсеткіш.
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына екі айлық есептік көрсеткіш.
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, басқа елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
14. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа аудару жолымен жүзеге асырылады.
Үржар аудандық "Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы