Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, кадрлардың өзгеруіне байланысты, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 қаулысына (05.09.2003 ж. тіркеу №2273, 25.09.2003 жылғы №23 санында "Пульс города", 25.09.2003 ж. №41 "Жайық үні" газеттерінде жарияланған), 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1274 (25.12.2003 жылғы тіркеу №2396, 15.01.2004 жылғы №3 "Пульс города", 16.01.2004 жылғы №3 "Жайық үні" газеттерінде жарияланған) және 2004 жылғы 6 ақпандағы №143 (25.02.2004 жылғы тіркеу №2526, 11.03.2004 жылғы №11 "Пульс города", 12.03.2004 жылғы №12 "Жайық үні" газеттерінде жарияланған) қаулыларымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгертулер енгізілсін:
1 қосымшада:
комиссия құрамына енгізілсін:
Аманжол Зейнуллаұлы Зинуллин - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
комиссия құрамынан шығарылсын:
Сергей Николаевич Церковников.
2. Комиссияның өзгертілген құрамы мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.З.Зинуллинге жүктелсін.
Қала әкімі | В.Мұқатаев |