Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 08-1/16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4049. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011.01.19 № 08-1-1-1/13 (мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылы 2 қазандағы N 08-1/47  бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 08-1/90  бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263   бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1347 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбындағы "дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің" деген сөздер "шетелдегі мекемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспе бөлімде:
      "тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "ережелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бекітілген" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің" деген сөздер "шетелдегі мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта:
      тақырыбындағы "дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің" деген сөздер "шетелдегі мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша:
      "дипломатиялық өкілдіктерімен және консулдық мекемелерімен", "дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер", "консулдық мекемемен", "консулдық мекемелер", "консулдық мекеменің", "консулдық мекемеде", "консулдық мекеме", "консулдық мекемелермен" деген сөздер тиісінше "шетелдегі мекемелерімен", "шетелдегі мекемелері", "шетелдегі мекемемен", "шетелдегі мекемелері", "шетелдегі мекеменің", "шетелдегі мекемеде", "шетелдегі мекеме", "шетелдегі мекемелермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ережемен", "Ереже" деген сөздер "Ережелермен", "Ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта "тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "ережелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "азаматтығына(-ын) қабылдау (қалпына келтіру)" деген сөздер "азаматтығын қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері:
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге кейінірек Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолдайды;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқандығын тіркейді;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
      Шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері болмаған жағдайда, олардың міндеттерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орындай алады.";
      2-ші тарау "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы құжаттарды ресімдеу" алынып тасталсын;

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) осы Нұсқаулықтың 2-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі дана сауалнама-өтініш;";

      13-тармақтың бірінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 7" деген сөздер "Ереженің 6" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақтағы "осы Ережеде" деген сөздер "осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта:
      1) тармақшадағы:
      "мемлекетаралық" деген сөз "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аталған органдармен" деген сөздерден кейін "еңбек" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы оны жоғалтқандығын тіркеген күннен бастап тоқтатылады.
      Ереженің 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздері туралы адамдар хабарландырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, адамға мұндай шешімге шағым айту тәртібі түсіндірілуі тиіс.";

      23-тармақтың екінші абзацындағы "Мемлекеттік құқықтық бөліміне" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақта ", тұрған жерінен анықтама" деген сөздер алынып тасталсын;

      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі дана сауалнама-өтініш;";

      аталған Нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
      жоғары оң жақтағы бұрыштағы "1-қосымша" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің ресімдеуі жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Сауалнама-өтініште:
      кіріспе бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "Менің Қазақстан Республикасының азаматтығымды қалпына келтіруді өтінемін";
      реттік нөмірі 7-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған уақытта, Қазақстан Республикасының қай жерінен және қандай құжатпен кеттіңіз";
      реттік нөмірі 8-ші жолдағы "азаматтығына(-ын) қабылдауыңызды (қалпына келтіруіңізді)" деген сөздер "азаматтығын қалпына келтіруіңізді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 13-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған мекен-жайыңызды көрсетіңіз";
      реттік нөмірі 16-шы жолдағы "азаматтығына(-ын) қабылдау (қалпына келтіру)" деген сөздер "азаматтығын қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 17-ші жолдағы "азаматтығына(-ын) қабылдауға (қалпына келтіруге)" деген сөздер "азаматтығын қалпына келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 18-ші жолдағы "азаматтығына(-ын) қабылдауды (қалпына келтіруді)" деген сөздер "азаматтығын қалпына келтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған Нұсқаулықтың 2-ші қосымшасында:
      жоғары оң жақтағы бұрыштағы "2-ші қосымша" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің ресімдеуі жөніндегі нұсқаулыққа 2-ші қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады