Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011.01.19 № 08-1-1-1/13 (мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 мамырдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа:
1) 15 тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.
Қазақстан Республикасы азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуi де немесе асырап алушылардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.
Осы тармақтағы аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейiн және оның тiлегi бойынша ғана жол берiледi.";
2) 20 тармақтың 2) тармақшасында:
"бес" деген сөз "үш" деген сөзбен алмастырылсын;
"бесжылдық" деген сөз "үшжылдық" деген сөзбен алмастырылсын;
3) 37 тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiтетiн Консулдық алымдардың тарифiмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен" деген сөзбен алмастырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.
Мемлекеттік хатшы-
Министр