"Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4065. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.22 N 131 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1988 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 41-42 бюллетенінде, 722-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
      2-тармақта:
      6) тармақшада "(кино-, теле және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар)" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшада: "кескіндеме" деген сөз "мүсіндеме" деген сөзбен ауыстырылсын, "мүсіндеме" деген сөз "кескіндеме" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындылар мен объектілерге құқықтарды тіркейтін мемлекеттік  тізілімге мәліметтерді (1-қосымша) енгізу және Комитет төрағасы не оның ауыстыратын адамның қолы қойылған зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) (2-қосымша) авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтардың мемлекеттік тіркелуінің ресми дәлелдемесі болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды және сабақтас құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) немесе одан бас тартуды Комитет автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші келіп түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде жүргізеді.
      Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда тіркеу мерзімі, олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұрады.";

      6-тармақта "автордың", "авторлардың" деген сөздерден кейін тиісінше "(құқық иеленушінің)", "(құқық иеленушілердің)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "туындының атауы" деген сөздерден кейін "күні, айы және туындының жасалған күні," деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:"; 
      2) тармақшада "түпнұсқасы және көшірмесі" деген сөздер "данасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туынды жазылған тасушы, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
      3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
      Мәтіні бар музыкалық туындыға құқықтарды тіркеу кезінде оның мәтінін ұсыну қажет.
      Тең авторлардың жеке жасаған музыкалық туындыларына берілетін құқықтар жеке де, сондай-ақ бірге де тіркелуі мүмкін.";

      9-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Хореграфия, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларын құқықтарды тіркеу кезінде:";
      2) тармақшада:
      "бейнетаспа" деген сөз "тасушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      10-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Сәулет, қала құрылысы, кескіндеме, мүсіндеме, графика, сондай-ақ басқа да бейнелеу, бау-саябақ және сәндік-қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен жасалған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, нобайларға, безендірулерге және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
      1) өтініш;
      2) туындының данасы;
      3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      12-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Электронды есептеуіш мәшинеге (бұдан әрі - ЭЕМ) арналған бағдарламаларға, дерек қорларға құқықтарды тіркеу кезінде:"; 
      2) тармақшада:
      "ЭЕМ-ге арналған бағдарламасы, деректер базасы" деген сөздер "ЭЕМ-ге арналған бағдарлама немесе дерек қорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      "ЭЕМ-ге арналған бағдарламасы, дерек базасы" деген сөздер "ЭЕМ-ге арналған бағдарламасының немесе дерекқордың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      13-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Фонограммаларға құқықтарды тіркеу кезінде:";
      3) тармақшада:
      "дыбыс-бейнежазу таспасы немесе фонограмма жазылған компакт-диск" деген сөздер "тасушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

      14-тармақта:
      бірінші абзацтағы "ұйымдары" деген сөз "Ұйымдарының хабар тарату құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";

       15-тармақта:
      "осы немесе өзге де туындыны" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Құрамдас және туынды шығармаларға құқықтарды тіркеген жағдайда автормен (авторлармен) немесе құқық иесімен (құқық иеленушілермен) жасасқан авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және әр бетіне автордың (құқық иеленушінің) қолы қойылуы қажет.
      Комитетке ұсынылған материалдар (сонымен бірге тіркеуден бас тартылған материалдар), құқықтарды тіркеуге берген өтінім берушінің оларды қайтару туралы жазбаша өтініші болған жағдайды есептемегенде, қайтарылмайды.".

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Комитет мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алым алынады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      Қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.      

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                       2006 жылғы 31 қаңтардағы
                                      N 35 бұйрығына 1-қосымша

                                   "Авторлық құқықпен және сабақтас
                                  құқықтармен қорғалатын туындыларға
                                    құқықтарды мемлекеттік тіркеу
                                    туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

     Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын
     туындыларға және объектілерге құқықтарды мемлекеттік
                     тіркеудің тізілімі

№N

Келіп түскен күні

Тір-
кел-
ген
күні

Автор-
дың
немесе
автор-
лардың
тегі, аты,
әке-
сінің
аты

Мекен-жайы,
басқа да
берілген
мәліметтер

Құқық
иеле-
нуші

Құқықтар
объекті-
сінің
атауы

Ескер-
ту









                                           Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                       2006 жылғы 31 қаңтардағы
                                      N 35 бұйрығына 2-қосымша

                                   Авторлық құқықпен және сабақтас
                                  құқықтармен қорғалатын туындыларға
                                    құқықтарды мемлекеттік тіркеу
                                    туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

              Зияткерлік меншік объектісін 
                мемлекеттік тіркеу туралы
                          КУӘЛІК
N_____                                     200_   ж "____"________

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік
құқығы комитетінде
___________________________________________________өтініші бойынша
              (тегі, аты, әкесінің аты)
авторы_____________________________________________________________                       (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________болып табылатын

зияткерлік меншік объектісі________________________________________ _________________________________атаумен тіркелгені куәландырылады.

Автордың (құқық иеленушінің) өтініші бойынша зияткерлік меншікке
айрықша (мүліктік) құқықтар және
_____________________________________________ ______жасалған объекті
               (күні, айы, жылы)
___________________________________________________________ тиесілі
(тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы)

және автор (құқық иеленуші) жоғарыда көрсетілген объектіні жасаған
кезде басқа адамдардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмағандығына
кепілдік береді.

Тізілімде 200__ жылғы "____"________ жасалған  N____ жазба бар.

        Төраға".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады