Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 122 қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылы 9 қаңтардағы N 11
қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі
Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының "Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талабын белгілейді, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және
сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру тәртібі мен талабы
1. Лицензиат сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Заңның 37-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
2. Лицензия осы Ереженің 1- 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша беріледі.
Сақтандырудың ерікті және міндетті нысандардағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия әртүрлі бланктерде бір номермен ресімделеді.
3. Заңның 38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша қайта ресімделуге тиіс. Бұрын берілген лицензияның орнына қайта ресімделген лицензия беріледі.
5. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан сақтандырудың жеке сыныптарын алып тастау үшін лицензиат уәкілетті органға Заңның 37-бабы 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
6. Уәкілетті орган берілген және қайта ресімделген лицензиялардың есебін жүргізеді.
2-тарау. Лицензия алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
7. Лицензия алу үшін лицензиат уәкілетті осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыныптарын, қызмет түрлерін көрсете отырып өтінішті ұсынады.
8. Акционерлер, құрылтайшылар төлемін растайтын ағымдағы банктік шоттан үзінді-көшірмесі, төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.
9. Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын ішкі ережесі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;
2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
3) техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциондық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;
5) лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындау тиіс.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның штатында актуарийлердің болуы туралы мәліметі осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:
1) ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
2) ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
3) ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
4) ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
5) лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс.
12. Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Заңның 37-бабы 3-тармағында көзделген ақпарат болуы тиіс және уәкілетті органға тігілген және номерленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: "Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылы "_" _____N __ хаттамасы". Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің келесі бетіне сақтандыру ұйымы мөр басады.
Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
1) инвестициялау мақсатын;
2) инвестиция типі бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;
3) активтердің типіне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарды;
4) инвестициялық саясатына жауапты ұйымның шешуші адамдарын ашып көрсету қажет.
Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады.
Сақтандыру рыногында актуарлық қызметін жүргізуге лицензиясы бар, қол қойған актуарий жақын арадағы екі жылда қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:
тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру кезде:
1) негізгі нысандар (факультативті, облигаторлық, факультативті-облигаторлық) және сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандыруға қатысу әдістері/түрлері (үйлесімді, үйлесімсіз), олардың өзара арақатынасы;
2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы; қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: рыноктағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекен-жайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы; қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы);
3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қандай тәсілмен жүзеге асырылады;
4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы. Шетел қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі.
Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:
1) қайта сақтанышуларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;
2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиті, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).
13. Директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау бойынша сақтандыру ұйымның ішкі ережелері:
1) қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
2) сақтандыру ұйымның тарифтік саясатына сәйкес қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде осы құрылымдық бөлімше басшысының және қызметкерінің құқықтарын, міндеттерін және өкілеттіктерін;
3) қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарын;
4) бизнес-процестерді сипаттауы (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру бойынша қабылданған шешім бойынша жазылған рәсімдер);
5) өзге мәселелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауы бойынша) айқындалады.
14. Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:
1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;
2) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұратулар түскен;
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын алған;
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;
қолданыстағы сақтандыру өтеуге толықтырулар мен өзгерістер енгізген;
сақтандырудың кейінгі кезеңге сақтандыру өтеуді жаңартқан;
сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша рәсімдері жатады.
15. Құжаттаманы жүргізу және сақтандыру брокерінің клиенттеріне қызмет көрсету жағдай тәртібі мыналар:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы болған кезде құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалғанына байланысты басқа да құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен дәйектілігі;
2) клиенттің барлық қаржы және жеке ақпараттың құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;
3) мазмұнында:
қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;
қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;
сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі) бар қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету;
4) клиенттің қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:
сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпаратымен;
қызметі көрсетілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпаратымен;
төлемдердің және тәуекелдердің көлемі;
жеткізушінің және клиенттің қызмет көрсету міндеттемелері жатады.
16. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
1-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)
Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
ДОС сериялы Лицензия N
____________________________________________________________берілді.
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Cақтандыру ұйымының орналасқан жері ________________________________
____________________________________________________________________
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
етілген сыныптарының тізбесі: ______________________________________
____________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган: ___________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензияның берілген күні - "____" _____________ 200 __ж.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
2-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
ОС сериялы Лицензия N
____________________________________________________________берілді.
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Cақтандыру ұйымының орналасқан жері_________________________________
____________________________________________________________________
Міндетті сақтандырудың рұқсат етілген сыныптарының тізбесі: ________
____________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган: ___________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензияның берілген күні -"____" _____________ 200 __ж.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
3-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)
Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
ДСЖ сериялы Лицензия N
_________________________________________________________ берілді.
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру ұйымының орналасқан жері ________________________________
____________________________________________________________________
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
етілген сыныптарының тізбесі: ______________________________________
____________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган: ___________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензияның берілген күні - "____" _____________ 200 __ж.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
4-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)
Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
ПД сериялы Лицензия N
___________________________________________________________ берілді.
(сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының орналасқан жері _______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган: ___________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензияның берілген күні -"____" _____________ 200 __ж.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
5-қосымшасы
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)
Сақтандыру брокерінің
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
Лицензия N ___
___________________________________________________________ берілді.
(сақтандыру брокерінің толық атауы)
Сақтандыру брокерінің орналасқан жері ______________________________
____________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган: ___________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензияның берілген күні -"____" _____________ 200 __ж.
Лицензиар органның басшысы (басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
6-қосымшасы
ӨТІНІШ ____________________________________________________________________
(лицензиялау органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
____________________________________________________________________
сақтандыру брокерінің толық атауы)
____________________________________________________________________
(қызмет түрін, сақтандыру салаларын, нысандарын,
____________________________________________________________________
сыныптарын көрсете отырып)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды.
Осы өтінішті беруге уәкілетті тұлға ________________________________
(тұлғаның аты-жөні, лауазымы,
_____________________________________________________болып табылады.
өтінішті беру құқығын куәландыратын құжатқа сілтеме)
Сақтандыру брокерінің орналасқан жері ______________________________
____________________________________________________________________
Әділет органдарында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің
тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ______________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің берілген
____________________________________________________________________
күні және нөмірі)
Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банк шоты ашылған банктің
атауы және тұрғылықты жері _________________________________________
____________________________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
шынайылығы үшін толық жауап берді.
Қосымша: жіберілген құжаттардың тізбесін, данасының және олардың
әрқайсысы бойынша парақтардың санын көрсету керек.
____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы және күні)
Мөр орны
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беру
жөніндегі ережесінің
7-қосымшасы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
актуарийдің болуы туралы мәліметтер
Сақтандыру |
Актуарий туралы мәліметтер |
||||
Аты-жөні |
Уәкілетті |
Актуарий |
Білімі |
Біліктілік |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 11
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1520 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі ережені бекіту туралы" 2003 жылы 7 наурыздағы N 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2240 тіркелген).
3. Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2240 тіркелген "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2921 тіркелген).
4. Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1520 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылы 12 шілдедегі N 198 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3021 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы N 15 Бюллетенінде жарияланған).