Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәірдегі N 122 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4731 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 11 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4076 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (1008-1009) жарияланған);

      2) Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 12 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4077 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 122 қаулысына
1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Қағидалар исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына да қолданылады.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі және шарттары

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) электрондық түрде береді.

      Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз уәкілетті органның Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.

      4. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы құжаттарда көрсетілген мынадай мәліметтерді алады:

      Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы.

      5. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган 40 (қырық) жұмыс күні ішінде олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды, уәкілетті орган Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы қаулысын қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті органның Басқармасы қаулыны қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      7. Ұсынылған құжаттар Заңның және қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту үшін Заңның 28-бабында көзделген негіздерді қоспағанда, уәкілетті орган олардың қараудың Заңның 27-бабының 6-тармағында көрсетілетін мерзімі ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып портал арқылы хат жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті орган белгіленген мерзімде портал арқылы жібереді.

      8. Уәкілетті орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат береді және ол берген рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      9. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

      10. Уәкілетті органның басшысына жіберілген шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлғалар үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының мынадай телефоны бойынша алуға болады: 8-800-080-7777 немесе 1414.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

3-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі Стандартта көзделген.

      12. Жеке тұлға құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшада көзделген.

      13. Заңды тұлға құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшада көзделген.

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар Қағидаларға 5-қосымшада көзделген.

      "Жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жақын арадағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспарды құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекітеді, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий растайды.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезидент құрылтайшысы (жеке және (немесе) заңды тұлға) шет тілінде ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыру не апостильдендіру туралы белгіні қамтуға тиіс (Қазақстан Республикасының бейрезиденті - жеке тұлға - құрылтайшының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлға құрылтайшының жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
1-қосымша
  Нысан 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш

      _______________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      (акционердің (акционер (акционерлер) өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса) заңды тұлға акционердің атауы)

      _________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің құрылтайшыларды атынан осы өтінішті беруге өкілеттігін

      растайтын,

      нотариат куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      __________________________________________________________________________

      (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

      __________________________________________ құруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      толық атауы және орналасқан жері)

      Мыналарды:

      1) __________________________________________________ құруға рұқсат;

      (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

      __________________________________________________________________________

      толық атауы және орналасқан жері)

      2) __________________________________________ жүзеге асыру құқығына лицензия

      __________________________________________________________________________

      (сақтандыру салсын, нысаны, сыныбын, қайта сақтандыру бойынша қызметті көрсету)

      беруді сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1) мекенжайы (орналасқан жері) _____________________________________________

      (пошталық мекенжайы)

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес - сәйкестендіру нөмірі) ______________________

      3) электрондық пошта _______________________________________________________

      4) телефоны _______________________________________________________________

      5) өтініш беруші заңды тұлғаның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      лауазымы

      __________________________________________________________________________

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беремін (өтініш беруші жеке тұлғалар

      үшін).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      __________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің (өтініш беруші заңды тұлғаның өкілінің) қолы

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
2-қосымша

"Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Уәкілетті органның Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қоса бере отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта құруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республика-сының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешімдер қабылдау туралы куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылтайшы жеке тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде);
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде);
5) заңды тұлға құрылтайшының соңғы аяқталған екі қаржы жылындағы аудиторлық ұйым (депозитарийдің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болмаған жағдайда) куәландырған қаржылық есептілігінің, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланстың және пайда мен зиян туралы есептің (құрылтайшы заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
6) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әзірленген бизнес жоспардың электрондық көшірмесі;
7) құрылтайшылық резиденттік елінің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына иелік етуге рұқсаттың электрондық көшірмесі не мұндай рұқсаттың қажет еместігі туралы өтініш (Қазақстан Республикасының бейрезидент құрылтайшылары үшін).
Қосымша мыналар ұсынылады:
1) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының мәртебесіне иелік етуге келісім алуға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының мәртебесіне сәйкес санда акцияларды сатып алуға ниет білдірген адамдар үшін);
2) Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес еншілес ұйым құруға немесе иелік етуге, капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге алым төлеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмелері ("электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) ұсынылған құжаттардың Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында сәйкес болмауы не уәкілетті органның ол белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау;
2) құрылтайшының акцияларға ақы төлеуге меншікті қаражатының жетіспеуі;
3) уәкілетті органға құрылатын ұйымға және оның құрылтайшыларына қатысты шынайы емес ақпарат беру;
4) құрылтайшының екі соңғы аяқталған қаржы жылы үшін зиян шеккен қызметі;
5) уәкілетті органның Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту;
6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
7) жеке тұлға құрылтайшы не заңды тұлға құрылтайшының атқарушы органының, басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталы арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделеді.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
3-қосымша
  Нысан 
  фотосуретке арналған орын 

Құрылтайшы (жеке тұлға) туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)

      1. Құрылтайшы___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      2. Туған күні _____________________________________________________________

      3. Туған жері ____________________________________________________________

      4. Азаматтығы___________________________________________________________

      5. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)____________________________________

      6. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _________________________________

      7. Телефон нөмірі ________________________________________________________

      8. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5

      9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда қаржы ұйымының тіркелу елін көрсете отырып)

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

      10. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

      құру үшін пайдаланатын ақша көздерінің және сомасының сипаты

      ________________________________________________________________

      11. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе акцияларын иеленуге

      қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы-жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      12. Құрылтайшы – жеке тұлғада азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесімен қоса, белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығының _________________ екені туралы азаматтығы бар елдің не құрылтайшы (иә, жоқ) - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжат азаматтығы бар елдің тиісті органы (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органға жауап жіберу арқылы) және жеке басын куәландыратын құжат (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) ұсынады.

      Осы ақпараттың дәйекті және толық екендігін растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Құрылтайшының қолы _________________

      Күні _________________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
4-қосымша
  Нысан

Құрылтайшы (заңды тұлға) туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)

      1. Құрылтайшы___________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      2. Заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері ______________________

      3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы қоса мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы мәлімет

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы үшін)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тіркеуші органның атауы, берілген күні, орны, атауы)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _____________________________

      5. Қызметтің түрі____________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

      6. Құрылтайшының атқарушы органының бірінші басшысы

      (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)

      ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      7. Құрылтайшының басқару органының бірінші басшысы

      (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)

      ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      8. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жыл ішінде құрылтайшыда ірі қаржылық проблемалар,

      оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма

      _________________________________________________________________________.

      (олардың туындау себептері, бұл мәселелерді шешу нәтижелері)

      9. Құрылтайшы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызына тікелей және (немесе) жанама ие болатын ұйымдар туралы мәліметтер.

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы-жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      10. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең аз рейтингтіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұйымның рейтингі болуы туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________.

      11. Құрылтайшының атқарушы органының бірінші басшысында азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың және жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдіктер үшін, азаматтығы жоқ адамдар үшін) электрондық көшірмесімен қоса, белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығының

      _________________ екендігі туралы азаматтығы бар елдің не құрылтайшы - жеке тұлға

      (иә,жоқ)

      соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжат азаматтығы бар елдің тиісті органы (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органға жауап жіберу арқылы) және атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) ұсынады.

      12. Құрылтайшының басқарушы органының бірінші басшысында азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың және жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдіктер үшін, азаматтығы жоқ адамдар үшін) электрондық көшірмесімен қоса, белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығының

      _________________ екендігі туралы азаматтығы бар елдің не құрылтайшы –

      (иә,жоқ)

      жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжат азаматтығы бар елдің тиісті органы (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органға жауап жіберу арқылы) және құрылтайшының басқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) ұсынады.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Құрылтайшы басшының қолы ______________________

      Күні _________________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
5-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар

1. Жалпы мәселелер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру мақсаттары.

      2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы ақпарат

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.

      4. Филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді құру.

      5. Жалға алатын немесе тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйымдар туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстар.

      6. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз етуді.

      7. Өндірістік қорлар: үй-жайдың (жеке немесе жалға алынған), компьютерлік және өзге де техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

3. Маркетингтік зерттеулер және нарық сегменті

      8. Саланы дамыту болжамдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанады.

      9. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестер, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, нарық сегментіне бағдар: Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға.

      10. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлшегінде болжанатын үлесі.

      11. Нысаналы нарықтың демографиялық көрсеткіштері: жасы, жынысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметті тұтынушыларының өмір сүру мәні (салты).

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері және оларды бөлу

      12. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.

      13. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.

      14. Сақтандыру өнімдерін сату кезде көрсетілетін қосымша қызметтер.

      15. Сақтандыру өнімдерінің негізгі сатып алушылары.

      16. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

5. Сақтандыру андеррайтингі

      17. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын өлшемшарттар (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді жіктеу, сақтандыру өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да өлшемшарттары туралы деректерді талдау).

      18. Сақтандыру тарифын айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгіленген, сол сияқты ауыспалы шығыстары көрсетілген шығыстардың шекті мөлшерлері.

      19. Сақтандыру андеррайтингіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

6. Баға стратегиясы

      20. Статистикалық ақпараттың немесе оны сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.

      21. Сақтандыру тарифтерінің жоспарланған диапазоны, статистикалық ақпараттың дереккөзі, пайдаланатын әдістемесінің қысқаша сипаты қамтылатын бизнес-жоспарда сақтандыру сыныптары бойынша көрсетілген сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі.

      22. Бағаның нарықтың қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.

      23. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін басты тұлғалары туралы ақпарат.

7. Жылжыту стратегиясы және сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері

      24. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, пошта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқалары.)

      25. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдер.

      26. Жарнамаға жұмсалатын шығын болжамы.

8. Қаржылық жоспар

      27. Болжанатын бухгалтерлік баланс және оның қосымшасы.

      28. Сақтандыру сыныптарына қатысты болжанатын кірістер мен шығыстар.

      29. Болжанатын әкімшілік шығыстар.

      30. Ақша ағыны туралы болжанатын есеп.

      31. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.

      32. Қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып, сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлігінде қайта сақтандырушы үлесін ескерусіз шығындылық коэффиценттерінің болжамы.

      33. Екінші деңгейдегі банктердің салымдарының және мемлекеттік емес бағалы қағаздарының құны жиырма бес және елу пайызға азайған;

      сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;

      сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерге тиесілі акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілетсіздігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.

      34. Акционерлерге дивидендтер төлеу.

9. Инвестициялық саясат

      35. Инвестициялаудың мақсаттары.

      36. Инвестициялардың түрлері бойынша диверсификациялауды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыру.

      37. Активтердің түрлеріне, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарына байланысты инвестициялық шектеулер.

      38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық саясатқа жауапты басты тұлғалары.

10. Қайта сақтандырудың саясаты

      39. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:

      1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;

      2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары:

      рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: нарықтағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекен-жайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;

      3) қайта сақтандыру ұйымының қызметін бақылау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;

      4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетелдік қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі.

      40. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

      1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі өлшемшарттары: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;

      2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиті, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).

11. Ұйымдық құрылымы

      41. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысының және мүшелерінің, басқарманың бірінші басшысының және бас бухгалтерінің біліктілігіне, біліміне, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар.

      43. Басты мамандарының, оның ішінде сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит, актуарий бөлімшелерінің қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.

      44. Мамандар білімінің болжамды деңгейі.

      45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуға ниеті бар консультанттар және қауымдастықтар туралы ақпарат.

      46. Ішкі аудит қызметі (құрылым, міндеттер, функциялар, құқықтар, міндеттер, басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет ету тәртібі, аудиторлық тексерулердің мерзімділігі).

      47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.

      48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру
қағидаларына және шарттарына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
6-қосымша
  Нысан

      (уәкілеттіорганның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкінде басылады)

№ _____ Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат

      Осы рұқсат _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      ______ жылғы "___" _________ ____________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 122 қаулысына
2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы (бұдан әрі – Туристі міндетті сақтандыру туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Қағидалар исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына да қолданылады.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібі

      2. Сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары, брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      3. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін және қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде алады.

      4. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін сақтандыру ұйымы Көлік құралдары АҚЖ туралы заңның 8-бабының 1-тармағы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін сақтандыру ұйымы Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заңның 8-бабының 1-тармағы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін сақтандыру ұйымы Туристі міндетті сақтандыру туралы заңның 7-1-бабының 1-тармағы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      6. "Жалпы сақтандыру" саласы және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Қайта сақтандыру бойынша қызметке лицензия Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін Сақтандыру қағидалары болған жағдайда ғана, уәкілетті орган берген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия негізінде жүзеге асырады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы құжаттарды алуы болып табылады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары, брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды және бұйрықтың жобасын және лицензияны не лицензия беруден бас тартуды дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолын қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

3-тарау. Лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";

      4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру";

      5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру".

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Директорлар кеңесі бекіткен және сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуға тиіс:

      1) мыналардың:

      сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің);

      сақтандыру сыныбы шеңберінде сақтандыру өнімдерін өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы екі жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);

      5) инвестициялық саясат.

      Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай мәліметтер:

      1) инвестициялау мақсаттары;

      2) инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;

      3) активтердің түріне, сондай-ақ сырттан қаражат тартуға қарай инвестициялық шектеулер;

      4) инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның адамдары ашып көрсетілуі қажет.

      Сақтандырудың бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады.

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бекіткен және сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы екі жылда қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:

      1) тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру кезінде:

      негізгі нысандар (факультативті, облигаторлық, факультативті-облигаторлық) және сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруға қатысу әдістері/түрлері (үйлесімді, үйлесімсіз), олардың өзара арақатынасы;

      қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықтағы жұмыс істеген уақыты мен тәжірибесі, орналасқан жері, сақтандыру тәуекелдердің болуы; қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрлері бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы);

      қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қалайша жүзеге асырылатын болады;

      ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымдарының атауы. Шетелдік қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі;

      2) қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

      қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі өлшемшарттары: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді қабылдайтын мамандардың кәсібилігі, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;

      қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша).

4-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру, тоқтата тұру не тоқтату тәртібі

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Заңда және Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң көзделген негіздер бойынша және тәртіппен, сондай-ақ:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

      2) сақтандыру қызметің жекелеген сыныптарын және (немесе) түрлерін алып тастай отырып сақтандыру қызметің осы сыныптары және (немесе) түрлері лицензиядан алып тасталған;

      3) брокерлік қызметтің жекелеген түрлері лицензиядан алып тасталған;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайларда қайта ресімделуге тиіс.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандыру қызметінің жекелеген сыныптарын алып тастау үшін сақтандыру ұйымы уәкілетті органға Заңның 37-бабының 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген сыныптарын алып тастау үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға Заңның 37-бабының 8-3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      16. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды және бұйрықтың жобасын және лицензияны не лицензия беруден бес тартуды дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолын қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      17. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күн бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды және бұйрықтың жобасын және лицензияны не лицензия беруден бес тартуды дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолын қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның телнұсқасын беруге өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды, лицензияның телнұсқасының жобасын не лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуды дайындайды, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.

      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қағаз нысанда берілген лицензияның телнұсқасын беруге сұрату ұсынған жағдайда, лицензия электрондық форматқа ауыстырылады және электрондық нысанда беріледі.

      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатыла тұрады және тоқтатылады.

      21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне орындау үшін жіберіледі.

      22. Лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ай сайын, әр айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған не лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органды анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етеді.

      23. Сақтандыру брокері сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде уәкілетті органға өтініш береді. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

      1) сақтандыру брокерінің уәкілетті органының уәкілетті органға лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауы туралы шешімі;

      2) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екенін растайтын құжаттар.

      Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті уәкілетті орган Қағидалардың 23-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш сақтандыру брокері мынадай талаптарды орындаған кезде беріледі:

      1) Қағидалардың 23-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсыну;

      2) сақтандыру брокерінде сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болмауы.

      Сақтандыру брокері Қағидалардың 23-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган лицензияның қолданылуын тоқтатудан бас тартады. Сақтандыру брокері лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті қайтадан ұсынған жағдайда, оны уәкілетті органның қарау мерзімін есептеу оны қайтадан ұсынған күннен бастап басталады.

      Уәкілетті органның сақтандыру брокеріне берілген лицензияның қолданылуын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышпен берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органға қайтарады.

4-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

      25. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
1-қосымша

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1)Лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және (немесе) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2)"жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1)уәкілетті орган – 2015 жылғы 23 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) сақтандыру саласын, нысанын, сыныбын, қайта сақтандыру бойынша қызметті көрсетумен лицензия беру туралы электрондық сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен беруді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылуы және (немесе) сақтандыру портфелін беру жағдайларында);
4) құжаттағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынған;
6) лицензиялық алым төленбеген;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
8) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
2-қосымша

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және (немесе) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) "өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес белгіленген дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен беруді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылуы және (немесе) сақтандыру портфелін беру жағдайларында);
4) құжаттағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынған;
6) лицензиялық алым төленбеген;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
8) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес белгіленген дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) сақтандыру нысанын, сыныбын көрсете отырып лицензия беру туралы электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен беруді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылуы және (немесе) сақтандыру портфелін беру жағдайларында);
4) құжаттағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
4. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) соттың сот орындаушысы ұсынған ұйғарымының негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
4-қосымша

"Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін алым - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензияны бергені үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) құжаттағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
3. Телнұсқаны алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1 электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
5-қосымша

"Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) Лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) ерекше қызмет түрі ретінде сақтандыру брокерінің қызметімен айналысуға лицензия беру үшін алым - 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензияны бергені үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес белгіленген дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы электронды құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) жарғының электрондық көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған);
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін келісу құжаттары;
6) Қазақстан Республикасының бейрезиденті құрылтайшы - заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілетіні туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) мемлекеттік тіркеу туралы құжатының, жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекетінің заңнамасы бойынша ондай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдеменің электрондық көшірмелері;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айырылған, мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жылдан артық емес кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлға құрылтайшысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің немесе өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде соттылығының жоқ екендігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органы құжатының электрондық көшірмесі. Көрсетілген талап лицензия қайтарып алынғаннан кейін, мәжбүрлеп тарату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.
2. Брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төменгі мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) құжаттағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
4. Телнұсқаны алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру брокері үшін);
4) заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынуы;
5) лицензиялық алымның төленбеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
7) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
Брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту, жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкция болған жағдайда жүргізіледі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
6-қосымша
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
___________________________
____________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, исламдық
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, сақтандыру
брокерінің толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
(бар болса), телефон
нөмірі, факс нөмірі)

Өтініш

      _______________________________________________________________________

      (сақтандыру салалары, нысандары, сыныптары, брокерлік қызмет түрі, қайта

      сақтандыру бойынша қызмет көрсетілсін)

      __________________________________________________________________________

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді өтінемін.

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      20___ жылғы "____" ___________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
7-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

      _______________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

жүзеге асыру құқығына лицензия

      Лицензияның нөмірі берілген күні ____ жылғы "__"_______

      _______________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      ұйымының толық атауы)

      Осы лицензия:

      ___________________________

      ___________________________

      сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын

      береді.

      Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

      __________________________________________________ жүзеге асыру құқығына

      (сақтандыру қызметі, исламдық сақтандыру қызметі)

      _______________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның атауы, нөмірі, күні)

      ________________________________________________ жүзеге асыру құқығына

      (қайта сақтандыру қызметі, исламдық қайта сақтандыру қызметі)

      ________________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның атауы, нөмірі, күні)

      Төраға (Төрағаның орынбасары) ________________________________

      ________________

      (берілген жері)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
8-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

      ________________________________________________________________________

      уәкілетті органның толық атауы

      ________________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

жүзеге асыру құқығына лицензия

      Лицензияның нөмірі берілген күні ____ жылғы "__"_______

      ______________________________________________________________________

      (қайта сақтандыру ұйымының, исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)

      Осы лицензия "өмірді сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру"

      саласындағы қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын береді.

      ________________________________________________________________________

      (қайта сақтандыру, исламдық қайта сақтандыру бойынша)

      қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған лицензия туралы деректер

      ________________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның атауы, нөмірі, күні)

      Төраға (Төрағаның орынбасары) ________________________________

       ________________

      (берілген жері)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
9-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

      ________________________________________________________________________

      Уәкілетті органның толық атауы

Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия

Лицензияның нөмірі

берілген күні ____ жылғы "__"_______

      __________________________________________________________________________

      (cақтандыру брокерінің толық атауы)

      Осы лицензия сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығын береді:

      1. ______________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)

      2. ______________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)

      Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған лицензия

      туралы деректер:

      ________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      ________________________________________

      ___________

      берілген жері

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ лицензия алу үшін
ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
10-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның толық
атауы)
____________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, исламдық
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, сақтандыру
брокерінің толық
атауы және бизнес
сәйкестендіру
нөмірі (бар болса)

Өтініш

      ______________________________________________________________ лицензияны

      (лицензияның атауы, күні және нөмірі көрсетілсін)

      _____________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеудің себебі көрсетілсін)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ________________________________________________________________________

      20___ жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады