Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2240 тіркелген "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 30 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2921. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11   қаулысымен .
____________________________

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77  қаулысына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2240 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 сәуір - 04 мамыр аралықтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережедегі:
      мәтіндегі "мемлекеттік" сөзі алынып тасталсын;

      6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Лицензиат сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
      Лицензиат қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
      7. Уәкілетті орган белгілеген жарғы капиталының ең аз мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып, акционерлер төлегендігін растайтын төлем құжаттары, ағымдағы банктік шоттың үзінді көшірмесі, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп табылады.
      Лицензиаттың жұмыс істеп отырған сақтандыру ұйымдары үшін меншік капиталының ең аз мөлшерінің талаптарын орындауды растайтын құжат болып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтері туралы ережесін бекіту және пруденциалдық нормативтерді орындау есебін беру туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310  қаулысына  сәйкес (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2214 тіркелген), сақтандыру класын енгізу (алып тастау) кезіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталының ең аз мөлшерінің өзгеруін ескере отырып жасалған меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативінің есебі табылады";

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Лицензиаттың басшы қызметкерлері лауазымына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу тәртібі туралы және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күшін жою туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1473 тіркелген) 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53  қаулысына  сәйкес нысанда ұсынылады. Мұндайда, лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның 34-бабы белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Актуарий растаған (сақтандыру ұйымдары үшін) сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) мыналар туралы негізгі сипаттама:
      сақтандыру класы бойынша тәуекелдерді жабу;
      сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру класының үлесі;
      сақтандыру класы бойынша қызмет көрсету рыногының сегменті (рыноктың көлемі, әлуетті сақтандырушылар, географиялық аймақ);
      сақтандыру класы аясында сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері;
      2) жақын арадағы жылдар ішіндегі кірістер, шығыстар, осы сақтандыру класы бойынша сақтандыру резервтерінің есебі туралы болжамдар, шығынды болжалдау, мейлінше жақсы және мейлінше жаман жағдайлардағы тәуекелдерді бағалау, пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы;
      3) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру компанияларының әріптестері).
      Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар тігілген және нөмірленген бойы бір данада ұсынылады. Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай мазмұнды айқындама болуы тиіс: Директорлар кеңесі бекіткен (Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы.) 200 __ жылғы N ___ хаттама". Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың соңғы парағының келесі беті сақтандыру ұйымының мөрімен расталады";

      Мына мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
      "9-1. Бірнеше сақтандыру класы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш беру кезінде сақтандыру кластары бөлігі бойынша бір бизнес-жоспар беріледі.";

      11-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "11. Өткізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға дайындығын растауы тиіс және онда растаушы құжаттар бар қосымшалармен бірге мына ақпараттар болуы тиіс:
      1) бөлімшенің негізгі міндеті мен қызметін көрсете отырып ұйымның ұйымдық құрылымын бекіту туралы;
      2) лицензиаттың басшы қызметкерлерінің уәкілетті органдармен келісімінің болуы, штатта актуарийдің не сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар актуариймен жасалған қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесінің болуы;
      3) үй-жайдың (үй-жай жалға алынған жағдайда - жалдау мерзімі, жалға беруші туралы мәліметтер), үй-жай алаңының, техникалық жарақтанудың, бағдарламалық жабдықтар және басқа мүліктің болуы;
      4) қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы: қатаң есептегі бланктердің есебі жүйесінің, қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауап беретін тұлғаның, сақтау орнының болуы (жеке үй-жай, шкафтар, сейфтер, оларға рұқсат беру тәртібі);
      5) лицензиаттың ұйымдастыру іс-шаралары жоспарын жүзеге асырғандығын мақұлдайтын басқа да ақпараттың болуы.";

      12-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "1) лицензияға қосымша сақтандыру кластарын енгізу не одан жеке сақтандыру кластарын алып тастау;";

      13-тармақта:
      2) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "2) осы ереженің 9-тармағының талаптарын ескергендегі сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар;";

      мына мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
      "3) міндетті сақтандыру нысанына қосымша класс енгізуге өтініш берген жағдайда - егер сақтандыру ұйымының осындай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдар актілерімен белгіленген болса, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік берген, қорға қатысқандығын нотариат куәландырған шарт көшірмесі.";

      мына мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:
      "13-1. Лицензиядан сақтандырудың жеке кластарын алып тастау үшін лицензиат уәкілетті органға осы сақтандыру кластары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асырудан бас тарту себебін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.";

      17-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "17. Лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңдары белгілейтін лицензиялық алым ұсталады.
      Лицензиат лицензиялық алым төлемдерін растайтын төлем құжатының көшірмесін лицензияны қабылдауға/қайта ресімдеуге арналған құжаттар пакетімен бірге уәкілетті органға тапсырады.";

      1-7 қосымша мына редакцияда жазылсын:

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
1-қосымша             

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)

Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия

ДОС сериясы                                     Лицензияның N ____

      Берілді ____________________________________________________
                     (сақтандыру ұйымының толық атауы)

      Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша рұқсат берілген ерікті 
сақтандыру кластарының тізбесі:
      Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. 
      Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
      Лицензияны берген орган ____________________________________
                                (уәкілетті органның толық атауы)
      Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________
      Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)

      Мөр орны

                                          Алматы қаласы

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
2-қосымша             

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)

Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия

ОС сериясы                                      Лицензияның N ____

      Берілді ____________________________________________________
                    (сақтандыру ұйымының толық атауы)
      Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
      Міндетті сақтандырудың рұқсат берілген кластарының тізбесі:
      Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
      Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
      Лицензияны берген орган ____________________________________
                                (уәкілетті органның толық атауы)
      Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________
      Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)

      Мөр орны

                                                    Алматы қаласы

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
3-қосымша             

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)

Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия

ДСЖ сериясы                                     Лицензияның N ____

      Берілді ____________________________________________________
                        (сақтандыру ұйымының толық атауы)
      Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
берілген кластарының тізбесі:
      Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
      Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
      Лицензияны берген орган ____________________________________
                                (уәкілетті органның толық атауы)
      Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________
      Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)

      Мөр орны

                                                Алматы қаласы

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
4-қосымша             

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)

Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия

ПД сериясы                                      Лицензияның N ____

      Берілді ____________________________________________________
               (сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)
      Сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының мекен-жайы ____________
      Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
      Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
      Лицензияны берген орган ____________________________________
                                (уәкілетті органның толық атауы)
      Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________
      Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)

      Мөр орны

                                                  Алматы қаласы

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
5-қосымша             

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру туралы
Өтініш

__________________________________________________________________
                (сақтандыру ұйымының толық атауы)
__________________________________________________________________
        (сақтандыру cаласын, нысанын, класын көрсетіп)
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды
      Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
   (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
          өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады 

      Сақтандыру ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
      Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарына 
тіркелгендігі туралы деректер
__________________________________________________________________
   (мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні
                           және нөмірі)
      Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылып отырған банктің атауы
және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      Cақтандыру ұйымы және оның құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) сенімділігі
үшін толық жауап береді.

      Қосымша: берілген құжаттардың тізбесін, даналарының санын және
беттерінің әрқайсысын көрсетуі керек.

      _______________________                күні ________
      Өтініш беруге уәкілетті
      тұлғаның қолы
      Мөр орны

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
6-қосымша             

Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру туралы
Өтініш

__________________________________________________________________
         (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды
      Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
     (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
            өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
      Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарында
тіркелгендігі туралы деректер
__________________________________________________________________
    сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (мемлекеттік тіркелу
         (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні және нөмірі)
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып 
отырған банктің атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың 
(ақпараттың) сенімділігі үшін толық жауап береді.

      _______________________                күні ________
      Өтініш беруге уәкілетті
      тұлғаның қолы
      Мөр орны

"Сақтандыру қызметін жүзеге     
асыру құқығына лицензия алуға,   
сондай-ақ лицензияларды қайта    
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды   
белгілеу жөніндегі ережеге     
7-қосымша             

Сақтандырудың қосымша кластарына сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығын беру лицензиясына енгізу туралы
Өтініш

__________________________________________________________________
        (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
      сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияға
мынадай қосымша сақтандыру кластарын енгізуді сұрайды:
__________________________________________________________________
    (сақтандыру саласын, нысандарын, кластарын көрсете отырып)

      Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
     (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
           өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
      Әділет органдарында тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) 
туралы деректер
__________________________________________________________________
      (мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің
                       күні және нөмірі)
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып 
отырған банктің атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      _______________________                күні ________
      Өтініш беруге уәкілетті
      тұлғаның қолы
      Мөр орны".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады