Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11
қаулысымен
.
____________________________
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
37-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алу
үшін ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі
ережені бекіту туралы"
2003 жылғы 7 наурыздағы
N 77 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі
ереже
Ескерту. Мәтіндегі "мемлекеттік" сөзі алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 37-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия (бұдан әрі - лицензия) алу үшін лицензиаттар ұсынатын құжаттардың мазмұнына, сондай-ақ лицензияға сақтандырудың қосымша кластары енгізілген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу бойынша қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Ережені лицензиаттың сақтауына бақылауды сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Лицензия алу үшін лицензиат уәкілетті органға Заңның 27-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
5. Ерікті және міндетті сақтандыру нысандарында, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 1-4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.
6. Лицензиат сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
Лицензиат қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады. <*>
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
7. Уәкілетті орган белгілеген жарғы капиталының ең аз мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып, акционерлер төлегендігін растайтын төлем құжаттары, ағымдағы банктік шоттың үзінді көшірмесі, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп табылады.
Лицензиаттың жұмыс істеп отырған сақтандыру ұйымдары үшін меншік капиталының ең аз мөлшерінің талаптарын орындауды растайтын құжат болып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтері туралы ережесін бекіту және пруденциалдық нормативтерді орындау есебін беру туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310
қаулысына
сәйкес (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2214 тіркелген), сақтандыру класын енгізу (алып тастау) кезіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталының ең аз мөлшерінің өзгеруін ескере отырып жасалған меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативінің есебі табылады. <*>
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
8. Лицензиаттың басшы қызметкерлері лауазымына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу тәртібі туралы және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күшін жою туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1473 тіркелген) 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53
қаулысына
сәйкес нысанда ұсынылады. Мұндайда, лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның 34-бабы белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс. <*>
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
9. Актуарий растаған (сақтандыру ұйымдары үшін) сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) мыналар туралы негізгі сипаттама:
сақтандыру класы бойынша тәуекелдерді жабу;
сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру класының үлесі;
сақтандыру класы бойынша қызмет көрсету рыногының сегменті (рыноктың көлемі, әлуетті сақтандырушылар, географиялық аймақ);
сақтандыру класы аясында сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері;
2) жақын арадағы жылдар ішіндегі кірістер, шығыстар, осы сақтандыру класы бойынша сақтандыру резервтерінің есебі туралы болжамдар, шығынды болжалдау, мейлінше жақсы және мейлінше жаман жағдайлардағы тәуекелдерді бағалау, пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы;
3) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру компанияларының әріптестері).
Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар тігілген және нөмірленген бойы бір данада ұсынылады. Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай мазмұнды айқындама болуы тиіс: Директорлар кеңесі бекіткен (Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы.) 200 __ жылғы N ___ хаттама". Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың соңғы парағының келесі беті сақтандыру ұйымының мөрімен расталады. <*>
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
9-1. Бірнеше сақтандыру класы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш беру кезінде сақтандыру кластары бөлігі бойынша бір бизнес-жоспар беріледі.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
10. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде:
1) ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
2) ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
3) ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
4) ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
5) лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс.
11. Өткізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға дайындығын растауы тиіс және онда растаушы құжаттар бар қосымшалармен бірге мына ақпараттар болуы тиіс:
1) бөлімшенің негізгі міндеті мен қызметін көрсете отырып ұйымның ұйымдық құрылымын бекіту туралы;
2) лицензиаттың басшы қызметкерлерінің уәкілетті органдармен келісімінің болуы, штатта актуарийдің не сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар актуариймен жасалған қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесінің болуы;
3) үй-жайдың (үй-жай жалға алынған жағдайда - жалдау мерзімі, жалға беруші туралы мәліметтер), үй-жай алаңының, техникалық жарақтанудың, бағдарламалық жабдықтар және басқа мүліктің болуы;
4) қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы: қатаң есептегі бланктердің есебі жүйесінің, қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауап беретін тұлғаның, сақтау орнының болуы (жеке үй-жай, шкафтар, сейфтер, оларға рұқсат беру тәртібі);
5) лицензиаттың ұйымдастыру іс-шаралары жоспарын жүзеге асырғандығын мақұлдайтын басқа да ақпараттың болуы. <*>
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
12. Лицензия:
1) лицензияға қосымша сақтандыру кластарын енгізу не одан жеке сақтандыру кластарын алып тастау; <*>
2) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген өзге де жағдайларда және тәртіппен қайта ресімдеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
13. Лицензияға сақтандырудың қосымша кластарын енгізу үшін лицензиат уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысанда лицензияға сақтандырудың қосымша кластарын енгізу туралы өтінішті;
2) осы ереженің 9-тармағының талаптарын ескергендегі сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар; <*>
3) міндетті сақтандыру нысанына қосымша класс енгізуге өтініш берген жағдайда - егер сақтандыру ұйымының осындай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдар актілерімен белгіленген болса, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік берген, қорға қатысқандығын нотариат куәландырған шарт көшірмесі.<*>
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
13-1. Лицензиядан сақтандырудың жеке кластарын алып тастау үшін лицензиат уәкілетті органға осы сақтандыру кластары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асырудан бас тарту себебін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. <*>
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
14. Лицензиат құжаттарды берген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті орган жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресімдейді.
15. Заңның 38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
17. Лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңдары белгілейтін лицензиялық алым ұсталады.
Лицензиат лицензиялық алым төлемдерін растайтын төлем құжатының көшірмесін лицензияны қабылдауға/қайта ресімдеуге арналған құжаттар пакетімен бірге уәкілетті органға тапсырады. <*>
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143
қаулысымен
.
18. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)
Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия
ДОС сериясы Лицензияның N ____
Берілді ____________________________________________________
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша рұқсат берілген ерікті сақтандыру кластарының тізбесі:
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган ____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________
Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)
Мөр орны
Алматы қаласы
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия
ОС сериясы Лицензияның N ____
Берілді ____________________________________________________
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
Міндетті сақтандырудың рұқсат берілген кластарының тізбесі:
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган ____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________
Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)
Мөр орны
Алматы қаласы
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)
Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия
ДСЖ сериясы Лицензияның N ____
Берілді ____________________________________________________
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
берілген кластарының тізбесі:
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган ____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________
Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)
Мөр орны
Алматы қаласы
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады)
Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
Лицензия
ПД сериясы Лицензияның N ____
Берілді ____________________________________________________
(сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)
Сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының мекен-жайы ____________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияны берген орган ____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________
Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары)
Мөр орны
Алматы қаласы
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру туралы
Өтініш
__________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының толық атауы)
__________________________________________________________________
(сақтандыру cаласын, нысанын, класын көрсетіп)
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды
Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
(тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады
Сақтандыру ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарына
тіркелгендігі туралы деректер
__________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні
және нөмірі)
Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылып отырған банктің
атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
Cақтандыру ұйымы және оның құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) сенімділігі
үшін толық жауап береді.
Қосымша: берілген құжаттардың тізбесін, даналарының санын
және беттерінің әрқайсысын көрсетуі керек.
_______________________ күні ________
Өтініш беруге уәкілетті
тұлғаның қолы
Мөр орны
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру туралы
Өтініш
__________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді
сұрайды
Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
(тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарында
тіркелгендігі туралы деректер
__________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (мемлекеттік тіркелу
(қайта тіркелу) туралы куәліктің күні және нөмірі)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып
отырған банктің атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың)
сенімділігі үшін толық жауап береді.
_______________________ күні ________
Өтініш беруге уәкілетті
тұлғаның қолы
Мөр орны
"Сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алуға,
сондай-ақ лицензияларды қайта
ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптарды
белгілеу жөніндегі ережеге
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 143 қаулысымен .
Сақтандырудың қосымша кластарына сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығын беру лицензиясына енгізу туралы
Өтініш
__________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияға
мынадай қосымша сақтандыру кластарын енгізуді сұрайды:
__________________________________________________________________
(сақтандыру саласын, нысандарын, кластарын көрсете отырып)
Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға
__________________________________________________________________
(тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған
өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме)
___________________________________________________ болып табылады
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы
__________________________________________________________________
Әділет органдарында тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы
деректер
__________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің
күні және нөмірі)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып
отырған банктің атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
_______________________ күні ________
Өтініш беруге уәкілетті
тұлғаның қолы
Мөр орны