Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 3 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4109. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 79 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі төрағасының 2008.09.22 N 79 Қаулысымен.

      Қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 22 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Он екінші кластың шоттары клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған.";

      2-тарауда:
      1-ші шоттар класында:
      104 "Ұйымдастыру шығындары", 114 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - ұйымдастыру шығындары" және 115 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - гудвилл" шоттарының нөмірлері және атауы алынып тасталсын;
      123 04 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "123 05 Компьютерлер және байланыс құралдары";

      132 04 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "132 05 Компьютерлер және байланыс құралдары бойынша тозу";

      144 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "145 Басқа да инвестициялар";

      3-ші шоттар класында:
      301 45 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
      "301 46 Сақтандырушыларға талаптар
      301 47 Қайта сақтандырушыларға талаптар";

      31-ші шоттар тобының атындағы "борыштар" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31-ші шоттар тобынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "311 Күмәнді талаптар бойынша резервтер";
      332 35 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      332 43 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "332 44 Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері";

      334 01 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      334 08 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
      "334 09 Міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша дебиторлық берешек
      334 10 Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
      334 11 Басқа да дебиторлық берешек";

      4-ші шоттар класында:
      401 03 "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт" және 401 04 "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы" шоттарының нөмірлері және аттары алынып тасталсын;

      "431 50", "431 51" шоттардың нөмірлері тиісінше "431 60", "431 61" нөмірлермен ауыстырылсын;

      431 61 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "431 62 Ағымдағы шоттағы (төлемдер шоты) шетел валютасындағы ақша (зейнетақы активтері)";

      "441 50", "441 51", "441 52" шоттардың нөмірлері тиісінше "441 60", "441 61", "441 62" нөмірлермен ауыстырылсын;

      6-шы шоттар класында:
      603 05 "Басқа да ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар" және 603 06 "Басқа да ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар" шоттарының нөмірлері және аттары алынып тасталсын;

      635 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
      "635 01 Әлеуметтік салық
      635 02 Міндетті әлеуметтік аударымдар";

      663 01 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
      "663 80 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары алған аванстар
      663 81 Брокерлік-дилерлік қызмет көрсеткені үшін алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу
      663 82 Өзге қызметтер көрсеткені үшін алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу";

      684 34 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      687 28 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      7-ші шоттар класында:
      701 26 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      701 45 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "701 46 Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";

      724 01 шоттың атындағы "(купон/дисконт)" деген сөздер алынып тасталсын;

      724 04 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "724 05 Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістер";

      727 03 шоттың атындағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Басқа да кірістер" 727 09 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "727 10 Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)";

      8-ші шоттар класында:
      821 11 шоттың атындағы "салық" деген сөзден кейін "және міндетті әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      821 18 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "821 19 Амортизациялық аударымдар және тозу бойынша шығыстар";

      "821 22" шоттың нөмірі "821 23" нөмірмен ауыстырылсын;
      "821 23, 821 24, 821 25, 821 26, 821 27, 821 28, 821 29, 821 30" шоттардың нөмірлері "821 24, 821 25, 821 26, 821 27, 821 28, 821 29, 821 30, 821 31" нөмірлермен ауыстырылсын;

      821 29 шоттың атындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      845 03 шоттың атындағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он екінші класпен толықтырылсын:
      "12-класс. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері
      1200 Активтер
           1201 Ақша
           1202 Тазартылған қымбат металдар
           1203 Бағалы қағаздар
           1204 Орналастырылған салымдар
           1205 Капиталға инвестициялар
           1206 Материалдық емес активтер
           1207 Негізгі құрал-жабдықтар
           1208 Басқа да активтер
           1209 Алуға шоттар
           1210 Дивидендтер
           1211 Сыйақы
           1212 Басқа да талаптар
      1230 Капитал
           1231 Капитал
      1240 Міндеттемелер
           1241 Төлеуге шоттар
           1242 Басқа да міндеттемелер
      1260 Кірістер
           1261 Клиенттен активтердің түсуі
           1262 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)
           1263 Сатып алу-сатудан кірістер
           1264 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
асырылған кірістер
           1265 Бағамдық айырмалар бойынша іске асырылған кірістер
           1266 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер
           1267 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
           1268 Басқа да кірістер
      1280 Шығыстар
           1281 Клиенттің активтерін алу
           1282 Сыйақы түріндегі шығыстар
           1283 Сатып алу-сатудан шығыстар
           1284 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар
           1285 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
           1286 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар
           1287 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
           1288 Басқа да шығыстар";

      3-тарауда:
      104, 114 және 115 шоттардың атауы және сипаты алынып тасталсын;

      123 04 шоттың сипаттамасынан кейін 123 05 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "123 05 "Компьютерлер және байланыс құралдары" (актив).
      Мақсаты: компьютерлер және байланыс құралдары құнының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша компьютерлердің және байланыс құралдарының құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша компьютерлердің және байланыс құралдарының құнын оларды іске асырылуына немесе өзге де шығарылуына қарай есептен шығару жазылады.";

      132 04 шоттың сипаттамасынан кейін 132 05 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "132 05 "Компьютерлер және байланыс құралдары бойынша тозу" (контрактив).
      Мақсаты: компьютерлер және байланыс құралдары бойынша есептелген амортизация сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша компьютерлер және байланыс құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша компьютерлер және байланыс құралдары бойынша жинақталған амортизацияның сомаларын олардың ұйымның балансынан шығарылуына орай есептен шығару жазылады.";

      144 шоттың сипаттамасынан кейін 145 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "145 "Басқа да инвестициялар" (актив).
      Мақсаты: еншілес, тәуелді ұйымдар болып табылмайтын, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға салынған инвестициялардың (бір жылдан астам мерзімге) сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша еншілес немесе тәуелді ұйым болып табылмайтын ұйымға және бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғаға салынған инвестициялардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомасы олар іске асырылған кезде жазылады.";

      301 34 және 301 35 шоттардың атауындағы нөмірлер 301 44 және 301 45 нөмірлермен ауыстырылсын;

      301 45 шоттың сипаттамасынан кейін 301 46 және 301 47 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "301 46 "Сақтандырушыларға талаптар" (актив).
      Мақсаты: сақтандыру брокерлерінің сақтандыру ұйымдарынан алатын талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сақтандыру брокерінің сақтандыру ұйымдарынан алатын талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша талаптардың сомаларын оларды төлеу немесе мерзімі өткен шотқа есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      301 47 "Қайта сақтандырушыларға талаптар" (актив).
      Мақсаты: сақтандыру брокерлерінің қайта сақтандыру ұйымдарынан алатын талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сақтандыру брокерінің қайта сақтандыру ұйымдарынан алатын талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша талаптардың сомаларын оларды төлеу немесе мерзімі өткен шотқа есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.";

      302 шоттың сипаттамасынан кейін 303 шоттың мынадай мазмұндағы сипаттамасымен толықтырылсын:
      "303 "Сатып алушылардың тапсырыс берушілерден басқа берешегі" (актив).
      Мақсаты: ұйымдардың сатып алушыларға, тапсырыс берушілерге туындау сәтінде басқа баланстық шоттар бойынша жазылуы мүмкін өзге талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымдардың сатып алушыларға, тапсырыс берушілерге туындау сәтінде басқа баланстық шот бойынша жазылуы мүмкін өзге талаптарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша ұйымдардың сатып алушыларға, тапсырыс берушілерге өзге талаптарының сомаларын оларды төлеу немесе мерзімі өткен шотқа есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.";

      332 21 - 332 29 шоттардың мақсатында "бойынша" деген сөзден кейін "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      332 35 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      332 43 шоттың сипаттамасынан кейін 332 44 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "332 44 "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері" (актив).
      Мақсаты: сақтандыру брокерлерінің делдалдық қызмет үшін комиссиялық кірістерінің есептелген сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сақтандыру брокерлерінің делдалдық қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістерінің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сақтандыру брокерлерінің делдалдық қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістерінің сомаларын оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлеу немесе мерзімі өткен шотқа есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.";

      334 01 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      334 08 шоттың сипаттамасынан кейін 334 09, 334 10 және 334 11 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "334 09 "Міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша дебиторлық берешек" (актив).
      Мақсаты: ұйымның "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ алдындағы міндеттемелерінің нақты сомасынан асатын төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ алдындағы міндеттемелерінің нақты сомасынан асатын төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-на төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларды оларды N 635 01 баланстық шотқа сальдо жасау кезінде есептен шығару жазылады.
      334 10 "Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)" (актив).
      Мақсаты: есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын оны алу немесе баланстан есептен шығару кезіндегі есептен шығару жазылады.
      334 11 "Басқа да дебиторлық берешек" (актив).
      Мақсаты: шаруашылық және өзге, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаттағы қызмет бойынша дебиторлық берешектің сомаларын; мақсаты анықталмаған дебиторлық берешектің туындаған сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жазылатын сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шаруашылық және өзге, сондай-ақ уақытша және кездейсоқ сипаттағы қызмет бойынша дебиторлық берешектің сомасы; мақсаты анықталмаған дебиторлық берешектің туындаған сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жазылатын сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өзге дебиторлық берешектің сомалары оларды өтеу немесе ұйымның балансынан есептен шығару кезінде жазылады.";

      401 03 және 401 04 шоттардың аты және сипаттамасы алынып тасталсын;

      "431 51" шоттың нөмірі "431 61" нөмірмен ауыстырылсын;
      431 51 шоттың сипаттамасынан кейін 431 62 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "431 62 "Ағымдағы шоттағы (төлемдер шотындағы) шетел валютасындағы ақша (зейнетақы активтері)" (актив).
      Мақсаты: кастодиан банктерде ашылған, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған ағымдағы шотта (төлемдер шотында) есепке алынған ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша кастодиан банктерде ашылған, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған ағымдағы шотқа (төлемдер шотына) түскен ақша сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша кастодиан банктерде ашылған ағымдағы шотынан (төлемдер шотынан) ақша сомаларын төлем жасалған кезде есептен шығару жазылады.";

      441 51, 441 52 шоттардың нөмірлері 441 61, 441 62 нөмірлермен ауыстырылсын;
      501 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: ұйымның жарғылық капиталының жай акциялар бойынша сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың номиналдық құны бойынша төлеу және инвесторлардың (инвестордың) акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күші жойылған акциялардың сомасын есептен шығару жазылады.";

      502 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: ұйымның жарғылық капиталының артықшылықты акциялар бойынша сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың номиналдық құны бойынша төлеу және инвесторлардың (инвестордың) акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күші жойылған акциялардың сомасын есептен шығару жазылады.";

      511 01 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: ұйымның орналастырылмаған және акционерлер төлемеген, 2003 жылғы 16 мамырға дейін шығарылған жай акцияларының номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша орналастырылмаған және акционерлер төлемеген жай акциялардың жарияланған номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша жай акциялардың төленген номиналдық құнын есептен шығару жазылады.";

      511 02 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: ұйымның орналастырылмаған және акционерлер төлемеген, 2003 жылғы 16 мамырға дейін шығарылған артықшылықты акцияларының номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша орналастырылмаған және акционерлер төлемеген артықшылықты акциялардың жарияланған номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша артықшылықты акциялардың төленген номиналдық құнын есептен шығару жазылады.";

      521 01 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: Орналастырылған жай акцияларды сатып алу сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сатып алу сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған, орналастырылған акциялардың сомаларын кейіннен оларды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сату немесе күшін жою кезінде есептен шығару жазылады.";

      521 02 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: орналастырылған артықшылықты акцияларды сатып алу сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сатып алу сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған, орналастырылған акциялардың сомаларын кейіннен оларды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сату немесе күшін жою кезінде есептен шығару жазылады.";

      531 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мақсаты: қосымша төленген капиталдың 2003 жылғы 16 мамырға дейін шығарылған акциялар бойынша сомаларын (акцияларды орналастыру бағасы және олардың номиналдық құны арасындағы немесе орналастырылған акцияларды сатып алу және кейіннен сату бағасы арасындағы айырма), сондай-ақ енгізілген салымдардың (мүліктік жарналардың) салымның (мүліктік жарнаның) құрылтай құжаттарында белгіленген құнынан асып кету сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша акцияларды орналастыру бағасы және олардың номиналдық құны арасындағы немесе орналастырылған акцияларды сатып алу және кейіннен сату бағасы арасындағы, сондай-ақ енгізілген салымдардың (мүліктік жарналардың) сомасы және салымның (мүліктік жарнаның) құрылтай құжаттарында белгіленген құны арасындағы оң айырманың сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша егер сатып алынған орналастырылған акцияларды кейіннен сату сомасы осы акцияларды сатып алу бағасынан төмен болса, қосымша төленген капиталды есептен шығару жазылады.";

      "542" шоттың нөмірі "542 01" шоттың нөмірімен ауыстырылсын;
      603 05 және 603 06 шоттардың аты және сипаттамасы алынып тасталсын;

      "635" шоттың нөмірі "635 01" шоттың нөмірімен ауыстырылсын;
      635 шоттың сипаттамасынан кейін 635 02 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "635 02 "Міндетті әлеуметтік аударымдар" (пассив).
      Мақсаты: ұйым есептеген әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ төлеу үшін есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша есептелген әлеуметтік аударымдардың сомаларын оларды Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аудару кезінде және/немесе N 334 09 баланстық шотты есептік жылдың соңында реттеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      "657" шоттың нөмірі "637" шоттың нөмірімен ауыстырылсын;

      663 01 шоттың сипаттамасынан кейін 663 81 және 663 82 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "663 81 "Брокерлік-дилерлік қызмет көрсеткені үшін алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу" (пассив).
      Мақсаты: брокерлік-дилерлік қызмет үшін ұйым алдын ала алған комиссиялық сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша брокерлік-дилерлік қызмет бойынша алдын ала алынған комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша брокерлік-дилерлік қызмет бойынша есептеу әдісіне сәйкес алдын ала алынған комиссиялық сыйақы сомаларын есептен шығару жазылады.
      663 82 "Өзге қызмет көрсеткені үшін алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу" (пассив).
      Мақсаты: көрсетілген өзге қызмет үшін ұйым алдын ала алған комиссиялық сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша көрсетілген өзге қызмет үшін алдын ала алынған комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша көрсетілген өзге қызмет үшін есептеу әдісіне сәйкес алдын ала алынған комиссиялық сыйақы сомаларын есептен шығару жазылады.";

      671 42 шоттың сипаттамасында "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", сақтандыру брокерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      684 34 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      687 28 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      701 26 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      701 45 шоттың сипаттамасынан кейін 701 46 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "701 46 "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері".
      Мақсаты: сақтандыру брокері алған комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сақтандыру брокері алған комиссиялық кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша комиссиялық кірістерді "Жиынтық кіріс (шығын)" N 571 баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      724 01 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(купон/жеңілдік)" және "сауда үшін арналған" деген сөздер алынып тасталсын;

      724 04 шоттың сипаттамасынан кейін 724 05 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "724 05 "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістер".
      Мақсаты: сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын "Жиынтық кіріс (шығын)" N 571 баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      "727 01" шоттың нөмірі "727 02" шоттың нөмірімен ауыстырылсын;

      727 03 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;

      727 09 шоттың сипаттамасынан кейін 727 10 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "727 10 "Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)".
      Шоттың мақсаты: алынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша алынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша алынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомаларын "Жиынтық кіріс (шығын)" N 571 баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      821 11 шоттың атында "салық" деген сөзден кейін "және міндетті әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      821 11 шоттың сипаттамасында "салық" деген сөзден кейін "және міндетті әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      821 18 шоттың сипаттамасынан кейін 821 19 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "821 19 "Амортизациялық аударымдар және тозу бойынша шығыстар"
      Мақсаты: амортизациялық аударымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның активтері бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстарының сомаларын "Жиынтық кіріс (шығын)" N 571 баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      821 30 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "(траст)" деген сөз алынып тасталсын;

      845 03 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "сату үшін арналған" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 12-ші шоттар класының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1201 "Ақша" (актив).
      Мақсаты: клиенттердің инвестициялық басқарудағы және/немесе ұйымның ағымдағы шоттарына ұлттық және шетел валютасымен түскен және инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға арналған ақшасының сомаларын есепке алу;
      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған ұлттық және шетел валютасындағы ағымдағы шотқа түскен ақшасының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған ұлттық және шетел валютасындағы ағымдағы шоттан ақшасының сомасын өзге активтерді сатып алу немесе оларды клиентке қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      1202 "Тазартылған қымбат металдар" (актив).
      Мақсаты: инвестициялық басқарудағы, ұйым сатып алған тазартылған қымбат металдардың сомаларын есепке алу;
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық басқаруды жүзеге асыру үшін сатып алынған тазартылған қымбат металдардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың сомасын оларды клиентке қайтару немесе сату кезінде есептен шығару жазылады.

      1203 "Бағалы қағаздар" (актив).
      Мақсаты: Сатып алынған (алынған) бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық басқару үшін сатып алынған (алынған) бағалы қағаздардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздардың құнын оларды клиентке қайтару немесе сату кезінде есептен шығару жазылады.

      1204 "Орналастырылған салымдар" (актив).
      Мақсаты: банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың сомасын оларды ұйымға қайтару кезінде есептен шығару жазылады.

      1205 "Капиталға инвестициялар" (актив).
      Мақсаты: ұйым едәуір әсер етуді немесе бақылауды жүзеге асыру мақсатында басқа заңды тұлғаның капиталына салған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйым басқа заңды тұлғаның капиталына салған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомасы, сондай-ақ қатысу үлесінің өзгерісі жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомасын оларды заңды тұлға сатып алған немесе сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      1206 "Материалдық емес активтер" (актив).
      Мақсаты: материалдық емес активтердің сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған материалдық емес активтердің құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құнын оларды өткізу немесе өзге де шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      1207 "Негізгі құрал-жабдықтар" (актив).
      Мақсаты: негізгі құрал-жабдықтардың сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған негізгі құрал-жабдықтардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың құнын оларды өткізу немесе өзге де шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      1208 "Басқа да активтер" (актив).
      Мақсаты: басқа да активтердің сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған басқа да активтердің құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да активтердің құнын оларды өткізу немесе өзге де шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      1209 "Алуға шоттар" (актив).
      Мақсаты: ұйымның заңды немесе жеке тұлғаларға инвестициялық басқаруды жүзеге асыру барысында туындаған талаптарының сомаларын (дебиторлық берешек) есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның заңды немесе жеке тұлғаларға талаптарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша заңды немесе жеке тұлғаларға талаптарының сомаларын оларды өтеу немесе өзге де есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      1210 "Дивидендтер" (актив).
      Мақсаты: басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша капиталға инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістердің сомаларын оларды заңды тұлғалар төлеген кезде есептен шығару жазылады.

      1211 "Сыйақы" (актив).
      Мақсаты: бағалы қағаздар, салымдар және өзге операциялар бойынша сыйақы (купон) түріндегі есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.

      1212 "Басқа да талаптар" (актив).
      Мақсаты: активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға байланысты операциялар бойынша басқа да талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да талаптардың сомаларын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.

      1231 "Капитал" (пассив).
      Мақсаты: клиенттердің есептік кезеңдегі таза активтерінің сомаларын есепке алу (түпкілікті қаржылық нәтиже).
      Шоттың кредиті бойынша N 1260 топтың кірістерінің тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде ұйымның есептік кезеңдегі кірістерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша N 1280 топтың шығыстарының тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде ұйымның есептік кезеңдегі шығыстарының сомасы жазылады.

      1241 "Төлеуге шоттар" (пассив).
      Мақсаты: ұйымның заңды және жеке тұлғалар алдындағы, инвестициялық басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын басқа да міндеттемелерінің сомаларын есепке алу (кредиторлық берешек).
      Шоттың кредиті бойынша ұйымның заңды және жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның заңды және жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің сомаларын оларды өтеу немесе өзге де есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.

      1242 "Басқа да міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға байланысты операциялар бойынша басқа да міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да міндеттемелердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жатқызылады.

      1261 "Клиенттерден активтердің түсуі".
      Мақсаты: инвестициялық басқару үшін клиенттен түскен және ұйым қабылдаған активтердің құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттен түскен активтердің құны және олардың түсуі жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиент активтерінің құнын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1262 "Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)".
      Мақсаты: бағалы қағаздар, салымдар және өзге активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1263 "Сатып алу-сатудан кірістер".
      Мақсаты: ұйымның активтерді сатып алу-сатудан кірістерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша ұйымның активтерді сатып алу-сатудан кірістерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1264 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер".
      Мақсаты: активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтер құнының оң өзгеруінен ұйым алған, іске асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1265 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер".
      Мақсаты: шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бағамының оң өзгеруінен ұйым алған, іске асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1266 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер".
      Мақсаты: активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа (есептік кезеңнің соңында) немесе N 1264 шотқа (актив жүзеге асырылған кезде) есептен шығару жазылады.

      1267 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер".
      Мақсаты: шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бағамының оң өзгеруінен ұйым алған, іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа (есептік кезеңнің соңында) немесе N 1265 шотқа (актив жүзеге асырылған кезде) есептен шығару жазылады.

      1268 "Басқа да кірістер".
      Мақсаты: ұйым алған және NN 1261-1267 баланстан тыс шоттарда есепке алынбаған басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша ұйымның басқа да кірістерінің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1281 "Клиенттің активтерін алу".
      Мақсаты: клиенттер активтерінің құнын оларды ұйым алған және/немесе инвестициялық басқару мақсатында орналастырған кезде есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтері шығарылған кезде олардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша активтердің құнын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1282 "Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар".
      Мақсаты: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет үшін ұйымның комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет үшін ұйымның комиссиялық шығыстарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1283 "Сатып алу-сату шығыстары".
      Мақсаты: ұйымның активтерді сатып алу-сатуға байланысты шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның активтерді сатып алу-сатуға байланысты шығыстарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1284 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар".
      Мақсаты: активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша активтер құнының өзгеруінен ұйым алған, іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1285 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар".
      Мақсаты: шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған, іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған, іске асырылған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1286 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар".
      Мақсаты: активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын NN 1284, 1231 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1287 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар".
      Мақсаты: шетел валютасын қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған, іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын NN 1285, 1231 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1288 "Басқа да шығыстар".
      Мақсаты: ұйымның 12 кластың басқа баланстан тыс шоттары бойынша жазылмайтын қаржылық және қаржылық емес қызметіндегі басқа да операцияларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйымның басқа да шығыстарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 1231 "Капитал" баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады