Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 қаулысына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4128. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.02.25 № 11(қолданысқа 2011.07.01 енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржылық құралдарды бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3387 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 16-31 қаңтардағы N 2 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшада:

      кестеде:

      төртінші және бесінші жолдардағы "амортизацияны" деген сөзден кейін "және құнсызданудан болған зияндарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма тоғызыншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Азшылықтың үлесі";

      отыз екінші және отыз үшінші жолдар алынып тасталсын;

      3-қосымшада:

      кестеде:

      үшінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Аффинирленген қымбат металдар";

      бесінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Саудаға арналған бағалы қағаздар";

      жетінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар";

      4-қосымшада:

      кестеде:

      он үшінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "сатуға арналған бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен";

      он алтыншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "басқа активтерді қайта бағалаудан";

      6-қосымшада:

      кестеде:

      жетінші бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

      "Азшылықтың үлесі".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап күшін жояды) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы



      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығы мен қаржы

      ұйымдарын реттеу және

      қадағалау агенттігінің Төрағасы

      2006 жылғы "___"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады