Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19. N 638 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2000 ж. N 6 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366
бұйрығына
сәйкес енгізілген өзгерістермен, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., тамыз,
N 30
, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген, 2003 ж., 22 ақпандағы,
N 116-1
, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген, 2004 ж., 23 наурыз,
N 241
, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 ж., 11 наурыз,
N 149
, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы
N 353
бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қабылдаудың үлгі ережелерінде (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ережелері):
барлық мәтіні бойынша»"мемлекеттік сертификаттың", "мемлекеттік сертификат",»"мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификаттың",»"сертификат",»"сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармақта:
екінші абзацта»"жалпы орта білім беретін ұйымдар»деген сөздер»орта білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта»"шетелде оқушылармен алмасу халықаралық желiсi бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi" деген сөздерден кейін "ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздермен толықтырылсын,»"бала кезінен мүгедектер",»"шетел" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта»"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне" деген сөздерден кейін "1-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта "мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік оқу орындары" деген сөздерден кейін»"2-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзацта:
"арнайы бланкіде" деген сөздер»"белгіленген үлгідегі бланкіде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеңілдікке құқық беретін құжат" деген сөздер»"мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат белгіленген тәртіппен нострификациялануы тиіс.";
бесінші абзацта»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиясының (МӘСК)" деген сөздер»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық (МӘС)" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта "20 маусымнан 4 шілдеге дейін" және "5 шілдеден 8 шілдеге дейін" деген сөздер»"20 маусымнан 3 шілдеге дейін" және»"4 шілдеден 9 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Шығармашылық мамандыққа оқуға түсетін азаматтар бір шығармашылық мамандықты көрсетуі мүмкін.
Мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары барлық төрт мамандық бойынша орналастырылады";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі баллдар деңгейі 50 баллды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен болуы тиіс. Медициналық мамандықтар бойынша ақылы бөлімге қабылдау үшін - 60 балл.";
14-тармақта:
"арнайы бланкіде" деген сөздер»"белгіленген үлгідегі бланкіде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеңілдікке құқық беретін құжат" деген сөздер»"мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-2-тармақта:
бірінші және екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"14-2. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасының көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты белгіленген төртінші пән. Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша баллдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.";
үшінші абзацта»"Шығармашылық мамандыққа түсушi азаматтар" деген сөздерден кейін»"оның ішінде»"Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.";
20-тармақта»"жоғары оқу орны орналасқан орны бойынша" деген сөздер "талапкер таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) және әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.";
мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
"21-2. Республикалық комиссияның төрағасы және құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітіледі.";
мынадай мазмұндағы 21-3-тармақпен толықтырылсын:
"21-3. Республикалық комиссия апелляциялық комиссиялардың баллдар қосу негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 21-4-тармақпен толықтырылсын:
"21-4. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар, сонымен бірге азаматтардың жауап парағын, кешенді тестілеу технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 21-5-тармақпен толықтырылсын:
"21-5. Республикалық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.";
26-тармақта:
"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиясының (МӘСК)" деген сөздер»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық (МӘС)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бейiндiк пәндер бойынша ең жоғары баллы" деген сөздер "3-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
кешенді тестілеу пәндері көрсетілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 3-қосымшасында:
"Бакалавриат мамандықтары" тарауында:
3»"Құқық" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"050304 Кеден ісі, Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы";
9»"Қызмет көрсету" параграфы "050903 Жерге орналастыру және кадастр" жолын»"050903 Жерге орналастыру" жолмен ауыстырылсын;
9»"Қызмет көрсету" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"050907 Кадастр, География, География";
"050908 Бағалау, География, География";
"050909 Мейірбике ісі, Биология, Биология"
10»"Әскери іс және қауіпсіздік" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"051002 Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, Физика, Математика";
"Жоғары арнаулы білім беру мамандықтары" тарауы:
"2»Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"051108 Мейірбике ісі, Биология, Биология".