Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19. N 638 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317 қаулысын iске асыру және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1118 тiркелген, 2000 жылғы 16 мамырдағы N 118-119 (23131-23132) "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1514 тiркелген), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасын Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1859 тiркелген), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2211 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде:
2-тармақта:
екiншi абзац "Беларусь Республикасының" деген сөзден кейiн ", Тәжiкстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац алынып тасталсын;
3-тармақта бiрiншi, екiншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрi - БТМСҰО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаттағы баллдарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҰБТ ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептi бiтiрушiлер үшiн өткiзiледi.
Кешендi тестiлеу өткен жылы жалпы бiлiм беретiн мектептiң бiтiрушiлерi, кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындарының бiтiрушiлерi, шетелде оқушылармен алмасу халықаралық желiсi бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы орта мектептi өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде аяқтаған бiтiрушiлерi, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген шетел азаматтары үшiн өткiзiледi.";
төртiншi абзацта:
"Азаматтарды" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(1-қосымша )" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi абзацта: "психологиялық" деген сөз "психофизиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "БТМСҰО әзiрлеген технологияға сәйкес ЖОО қабылдау емтихандарын кешендi тест түрiнде жүргiзедi деген сөздер "ЖОО мемлекеттiк сертификаттағы баллдарға сәйкес iрiктеу өткiзiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6 тармақта "2-қосымшаға сәйкес" деген сөздерi "Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттiк бiлiм грантын немесе несиесiн алу конкурсына қатысу үшiн талапкер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына арнайы бланкiдегi өтiнiшiн, бiлiмi туралы құжатын (түпнұсқа), мемлекеттiк сертификатты, жеңілдiктep алуға құқық беретiн құжаттарды, 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет, сондай-ақ жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.
Мемлекеттiк бiлiм грантын алу конкурсына қатысу үшiн, талапкер өтiнiшiнде осы мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм гранты орналастырылатын таңдаған мамандықпен ЖОО-ны көрсетедi. Төртiншi пән сәйкес келген жағдайда, талапкер бiлiм гранты орналастырылатын ЖОО мен екiншi мамандығын көрсетуге құқығы бар.
Мемлекеттiк бiлiм несиесiн алу конкурсына қатысу үшiн талапкер мамандығын көрсетедi. Төртiншi пән сәйкес келген жағдайда талапкер екiншi мамандықты көрсетуге құқығы бар.
3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты ЖОО-ға түсетiн азаматтар бiрiншi осы жоғары оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi 3-қосымша бойынша мамандықты көрсетедi.
Шетел тiлiнде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариалдық расталған аудармасы болуы тиiс. Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте нострификациялануы керек.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектер таңдап алған мамандықтары бойынша оқу үшiн қарсы дәлелдiң жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиясының (МӘСК) қорытындысын бередi.
Конкурстан тыс мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқығы бар адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және осы типтiк ережелерде белгiленген мерзiмде өздерi таңдаған мамандықтарына түсу туралы өтiнiш бередi.
Мемлекеттiк бiлiм гранттарын немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн тағайындау конкурсына қатысу үшiн өтiнiштер 20 маусымнан 10 шiлдеге дейiн қабылданады.
Шығармашылық мамандықтарға өтiнiштердi қабылдау мерзiмi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 4 шiлдеге дейiн, арнайы (шығармашылық) емтихандар 5 шілдеден 8 шiлдеге дейiн өткiзіледi.
3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ 3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне қарасты ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.";
8-тармақта "Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әр тecт тапсырмасының дұрыс жауабы бiр балл болып бағаланады" және "кешендi тестiлеу нәтижесi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта:
екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кешендi тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiштердi қабылдау мерзiмi 20 маусымнан 10 шiлдеге дейiн. Кешендi тестiлеу 20 шiлдеден 25 шілдеге дейiн өткiзiледi".
Мынадай мазмұндағы 14-2, 14-3, 14-4, 14-5-тармақтарымен толықтырылсын:
"14-2. Кешендi тестiлеу талапкерлердің тiлегi бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде жалпы орта бiлiм беретiн бағдарламаның көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi. Қазақ немесе орыс тілдерiнде, Қазақстан тарихы және математика пәндерi мiндеттi болып табылады, ал төртiншi және мамандыққа бейiмдейтiн пәндерден талапкердiң таңдаған мамандығы бойынша 3-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi.
Шығармашылық мамандықтары үшiн қазақ немесе орыс тiлдерiнде және Қазақстан тарихы пәндерi мiндеттi болып табылады.
Шығармашылық мамандыққа түсушi азаматтар өздерi таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиясында өткiзiлетiн арнайы (шығармашылық) емтихандарды тапсырады. Бiр шығармашылық емтиханның ең жоғары балл саны - 30. Арнайы (шығармашылық) емтихандар саны - 2. Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 баллдан кем алған немесе оларға қатыспаған талапкерлер, осы мамандық бойынша түсу үшiн кешендi тестiлеуге жiберiлмейдi. Арнайы (шығармашылық) емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етілмейдi.
14-3. Әр пән бойынша тecт тапсырмаларының саны - 30. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бiр балл болып бағаланады.
14-4. Кешендi тестiлеуге 3 астрономиялық сағат бөлiнедi. Кешендi тест сынағын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
14-5. Тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн, бiрден дұрыс жауаптар коды iлiнедi.";
20-тармақта "1-қосымшаға сәйкес" деген сөздер "3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бiрiншi кезекте, мемлекеттiк бiлiм гранты тағайындалады, одан әрi мемлекеттiк бiлiм несиесi берiледi";
25-тармақта:
екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан әрi мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау, әрбiр жоғары оқу орны үшiн тиiстi мамандықтар бойынша, белгiленген квотаны ескере отырып бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм гранты көлемi шегiнде, талапкер өтiнiш білдiрген жоғары оқу орнына, мамандықтар мен тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк сертификаттар баллдарына сәйкес және конкурстық негiзiнде жүзеге асырылады.
Ол өтiнiш білдiрген екi мамандық бойынша талапкер конкурстық iрiктеуден өткен жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранты көрсетiлген бiрiншi мамандық бойынша тағайындалады.
Мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру белгiленген квотаны ескере отырып мамандықтар мен тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Ол өтiнiш бiлдiрген екi мамандық бойынша талапкер конкурстық iрiктеуден өткен жағдайда мемлекеттiк бiлiм несиесi көрсетiлген бiрiншi мамандық бойынша берiледi.
Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.";
алтыншы абзацта "берудің" деген сөз "беруден" деген сөзбен ауыстырылсын, "үш кезеңнен" деген сөздері алынып тасталсын;
30-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк бiлiм грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және студенттер қатарына қабылданады, Мемлекеттiк білiм несиесiн алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар кәсiптiк жоғары мамандығы бойынша лицензиясы бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және студенттер қатарына қабылданады.";
31-тармақта:
"кешендi тест сынағында жинаған" деген сөздер "мемлекеттiк сертификат" деген сөзбен, "1-қосымша бойынша" деген сөздер "3 тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты" сөздерiмен, "кешендi тестiлеудiң нәтижесiне сәйкес" деген сөздер "мемлекеттiк сертификаттағы баллдарына сәйкес" деген сөздерiмен, "психологиялық" деген сөз "психофизиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алынып тасталсын;
4-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (Б. Әбдiрәсiлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Министрдiң
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi
мiндетiн атқарушының
2004 ж. 23 наурыздағы N 241
"Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгiнде N 1118
тiркелген "Қазақстан
Республикасының жоғары оқу
орындарына қабылдаудың
типтiк ережелерiн бекiту
туралы" Қазақстан
Республикасы Бiлiм және
ғылым министрiнiң
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы" бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтiк
ережелерiне
3-қосымша
Кешенді тест сынағы жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізімі
___________________________________________________________________
Код | Мамандықтардың топтары | Тест сынағы |Мамандыққа бе.
|және мамандықтардың аты | өтетін 4-ші пән |йімдейтін пән
___________________________________________________________________
Бакалавриат мамандықтары
1. Бiлiм
___________________________________________________________________
050101 Мектепке дейiнгi оқыту Биология Математика
және тәрбиелеу
050102 Бастауыш оқытудың педа. Биология Математика
гогикасы мен әдiстемесi
050103 Педагогика және Биология Биология
психология
050104 Бастапқы әскери дайындық 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050105 Дефектология Биология Математика
050106 Музыкалық бiлiм 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050107 Бейнелеу өнерi және сызу 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050108 Дене шынықтыру және спорт 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050109 Математика Физика Математика
050110 Физика Физика Физика
050111 Информатика Физика Математика
050112 Химия Химия Химия
050113 Биология Биология Биология
050114 Тарих Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050115 Құқық және экономика География География
негіздері
050116 География География География
050117 Қазақ тiлi мен әдебиетi Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
050118 Орыс тiлi мен әдебиетi Орыс әдебиеті Орыс тілі
050119 Шет тілі: екі шет тілі Шетел тілі Шетел тілі
050120 Кәсіптік білім География Математика
__________________________________________________________________
2. Гуманитарлық ғылымдар
__________________________________________________________________
050201 Философия Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050202 Халықаралық қатынастар Шетел тілі Шетел тілі
050203 Тарих Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050204 Мәдениеттану Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050205 Филология Әдебиет Ана тілі
050206 Дінтану Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050207 Аударма ісі Шетел тілі Шетел тілі
050208 Археология және этнология Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
__________________________________________________________________
3. Құқық
__________________________________________________________________
050301 Құқықтану Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050302 Халықаралық құқық Шетел тілі Шетел тілі
050303 Құқық қорғау қызметі Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
__________________________________________________________________
4. Өнер
__________________________________________________________________
050401 Музыкатану 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050402 Аспаптық орындау 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050403 Вокалдық өнер 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050404 Дәстүрлі музыка өнері 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050405 Дирижерлеу 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050406 Режиссура 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050407 Актерлық өнер 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050408 Эстрадалық өнер 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050409 Хореография 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050410 Сценография 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050411 Композиция 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050412 Операторлық өнер 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050413 Сурет салу 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050414 Графика 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050415 Мүсіндеу 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050416 Өнертану 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050417 Декоративтік өнер 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050418 Кiтапханатану және Әдебиет Әдебиет
библиография
050419 Мұражай ісі және Дүниежүзі Қазақстан
ескерткіштерді қорғау тарихы тарихы
050420 Сәулет 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050421 Дизайн 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050422 Баспа ісі Әдебиет Әдебиет
__________________________________________________________________
5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
__________________________________________________________________
050501 Социология Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050502 Политология Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
050503 Психология Биология Биология
050504 Журналистика 2 шығармашылық 1 шығармашылық
емтихан емтихан
050505 Аймақтану Шетел тілі Шетел тілі
050506 Экономика География Математика
050507 Менеджмент География Математика
050508 Есеп және аудит География Математика
050509 Қаржы География Математика
050510 Мемлекеттік және География Математика
жергілікті басқару
050511 Маркетинг География Математика
__________________________________________________________________
6. Жаратылыстану ғылымдары
__________________________________________________________________
050601 Математика Физика Математика
050602 Информатика Физика Математика
050603 Механика Физика Математика
050604 Физика Физика Физика
050605 Ядролық физика Физика Физика
050606 Химия Химия Химия
050607 Биология Биология Биология
050608 Экология Биология Биология
050609 География География География
050610 Гидрометеорология География География
050611 Астрономия Физика Физика
__________________________________________________________________
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
__________________________________________________________________
050701 Биотехнология Биология Биология
050702 Автоматтандыру және Физика Математика
басқару
050703 Ақпараттық жүйелер Физика Математика
050704 Есептеу техникасы және Физика Математика
бағдарламалық қамтамасыз
ету
050705 Математикалық және Физика Математика
компьютерлік модельдеу
050706 Геология және пайдалы Физика Математика
қазбалар көздерiн барлау
050707 Тау-кен ісі Физика Математика
050708 Мұнай-газ iсi Физика Математика
050709 Металлургия Физика Математика
050710 Материалтану және жаңа Физика Физика
материалдар технологиясы
050711 Геодезия және картография География Математика
050712 Машина жасау Физика Физика
050713 Көлiк, көлiк техникасы Физика Математика
және технологиялары
050714 Авиациялық техника және Физика Физика
технологиялары
050715 Теңiз техникасы мен Физика Математика
технологиялары
050716 Приборлар жасау Физика Математика
050717 Жылу энергетикасы Физика Математика
050718 Электр энергетикасы Физика Математика
050719 Радиотехника, электроника Физика Математика
және телекоммуникациялар
050720 Бейорганикалық заттардың Химия Химия
химиялық технологиясы
050721 Органикалық заттардың Химия Химия
химиялық технологиясы
050722 Полиграфия Физика Физика
050723 Техникалық физика Физика Физика
050724 Техникалық машиналар және Физика Физика
жабдықтар
050725 Ағаш өңдеу технологиясы Физика Математика
050726 Жеңiл және тоқу Физика Физика
өнеркәсiбi тауарлары мен
бұйымдарының технологиясы
050727 Азық-түлік тағамдары Химия Химия
технологиясы
050728 Өңдеу өндiрiстерінің Химия Химия
технологиясы
050729 Құрылыс Физика Математика
050730 Құрылыс материалдарын, Физика Математика
бұйымдарын және
конструкцияларын өндіру
050731 Қоршаған ортаны қорғау Физика Математика
және өмiр тіршілігінің
қауiпсiздiгi
050732 Стандарттау, метрология Физика Математика
және сертификаттау
__________________________________________________________________
8. Ауыл шаруашылық ғылымдары
__________________________________________________________________
050801 Агрономия Биология Биология
050802 Зоотехния Биология Биология
050803 Аң өсіру және аңшылық Биология Биология
050804 Балық шаруашылығы Биология Биология
050805 Су ресурстары және суды География География
қолдану
050806 Агроинженерия Физика Математика
050807 Орман шаруашылық iсi Физика Математика
050808 Топырақтану және Биология Биология
агрохимия
__________________________________________________________________
9. Қызмет көрсету
__________________________________________________________________
050901 Көлiктi пайдалану және Физика Математика
жүк қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру
050902 Туризм География География
050903 Жерге орналастыру және Физика Математика
кадастр
050904 Тұрмыстық қызмет көрсету География География
және сервис
050905 Әлеуметтiк жұмыс География География
050906 Мәдени дем алу 2 шығармашылық 1 шығармашылық
жұмысы емтихан емтихан
__________________________________________________________________
10. Әскери iс және қауiпсiздiк
__________________________________________________________________
051001 Өрт қауiпсiздiгi Физика Математика
__________________________________________________________________
Жоғары арнайы бiлiм мамандықтары
2. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
__________________________________________________________________
051101 Емдеу iсi Биология Биология
051102 Педиатрия Биология Биология
051103 Медико-профилактикалық Биология Биология
iс
051104 Стоматология Биология Биология
051105 Фармация Химия Химия
051106 Шығыс медицинасы Биология Биология
051107 Медико-биологиялық Биология Биология
iс
__________________________________________________________________
3. Ветеринария
__________________________________________________________________
051201 Ветеринарлық медицина Биология Биология
051202 Ветеринарлық санитария Биология Биология
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi
мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 23 наурыздағы N 241
"Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгiнде N 1118
тiркелген "Қазақстан
Республикасының жоғары оқу
орындарына қабылдаудың
типтiк ережелерiн бекiту
туралы" Қазақстан
Республикасы Бiлiм және
ғылым министрiнiң
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу
туралы" бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтiк
ережелерiне
4-қосымша
Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар
үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм
және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi
___________________________________________________________________
Код | Мамандықтардың топтары және мамандықтардың аты
___________________________________________________________________
Бакалавриат мамандықтары
1. Бiлiм
___________________________________________________________________
050101 Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу
050102 Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi
050103 Педагогика және психология
050104 Бастапқы әскери дайындық
050105 Дефектология
050106 Музыкалық бiлiм
050107 Бейнелеу өнерi және сызу
050108 Дене шынықтыру және спорт
050109 Математика
050110 Физика
050111 Информатика
050112 Химия
050113 Биология
050114 Тарих
050115 Құқық және экономика негіздері
050116 География
050117 Қазақ тiлi мен әдебиетi
050118 Орыс тiлi мен әдебиетi
050119 Шет тілі: екі тілі
050120 Кәсіптік оқыту
__________________________________________________________________
2. Гуманитарлық ғылымдар
__________________________________________________________________
050203 Тарих
050204 Мәдениеттану
050206 Дінтану
050208 Археология және этнология
__________________________________________________________________
3. Өнер
__________________________________________________________________
050404 Дәстүрлі музыка өнері
050418 Кiтапханатану және библиография
050419 Мұражай ісі және ескерткіштер қорғау
__________________________________________________________________
5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
__________________________________________________________________
050504 Журналистика
050505 Аймақтану
050506 Экономика
050507 Менеджмент
050508 Есеп және аудит
050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару
050511 Маркетинг
__________________________________________________________________
6. Жаратылыстану ғылымдары
__________________________________________________________________
050601 Математика
050602 Информатика
050604 Физика
050606 Химия
050607 Биология
050608 Экология
050609 География
050610 Гидрометеорология
__________________________________________________________________
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
__________________________________________________________________
050701 Биотехнология
050703 Ақпараттық жүйелер
050706 Геология және пайдалы қазбалар көздерiн барлау
050708 Мұнай-газ iсi
050711 Геодезия және картография
050713 Көлiк, көлiк техникасы және технологиясы
050715 Теңiз техникасы мен технологиясы
050717 Жылу энергетикасы
050718 Электр энергетикасы
050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
050724 Техникалық машиналар және жабдықтар
050725 Ағаш өңдеу технологиясы
050726 Жеңiл және тоқыма өнеркәсiбi тауарлары мен заттары
технологиясы
050727 Тағамдық заттар технологиясы
050728 Өңдеу өндiрiстер технологиясы
050729 Құрылыс
050731 Қоршаған ортаны қорғау және өмiр сүру қауiпсiздiгi
050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология
__________________________________________________________________
8. Ауыл шаруашылық ғылымдары
__________________________________________________________________
050801 Агрономия
050802 Зоотехния
050803 Аң өндiру және аң аулау
050804 Балық шаруашылығы
050805 Суды қолдану және су ресурстары
050806 Агроинженерия
050807 Орман шаруашылық iсi
050808 Топырақтану және агрохимия
__________________________________________________________________
9. Қызмет көрсету
__________________________________________________________________
050901 Көлiктi пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды
ұйымдастыру
050903 Жерге орналастыру және кадастр
050904 Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
050905 Әлеуметтiк жұмыс
050906 Мәдени түрде дем алу жұмысы
__________________________________________________________________
10. Әскери iс және қауiпсiздiк
__________________________________________________________________
051001 Өрт қауiпсiздiгi
__________________________________________________________________
Жоғары арнайы бiлiм мамандықтары
2. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
__________________________________________________________________
051101 Емдеу iсi
051102 Педиатрия
051103 Медициналық-профилактикалық iс
051104 Стоматология
051105 Фармация
051106 Шығыс медицинасы
051107 Медициналық-биологиялық iс
__________________________________________________________________
3. Ветеринария
__________________________________________________________________
051201 Ветеринарлық медицина
051202 Ветеринарлық санитария
__________________________________________________________________