"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4133. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19.  N 638  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2000 ж. N 6 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366  бұйрығына  сәйкес енгізілген өзгерістермен, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., тамыз,  N 30 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген, 2003 ж., 22 ақпандағы,  N 116-1 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген, 2004 ж., 23 наурыз,  N 241 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 ж., 11 наурыз,  N 149 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы  N 353  бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қабылдаудың үлгі ережелерінде (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ережелері):
      барлық мәтіні бойынша»"мемлекеттік сертификаттың", "мемлекеттік сертификат",»"мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификаттың",»"сертификат",»"сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3-тармақта:
      екінші абзацта»"жалпы орта білім беретін ұйымдар»деген сөздер»орта білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта»"шетелде оқушылармен алмасу халықаралық желiсi бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi" деген сөздерден кейін "ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздермен толықтырылсын,»"бала кезінен мүгедектер",»"шетел" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзацта»"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне" деген сөздерден кейін "1-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта "мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік оқу орындары" деген сөздерден кейін»"2-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "арнайы бланкіде" деген сөздер»"белгіленген үлгідегі бланкіде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеңілдікке құқық беретін құжат" деген сөздер»"мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта»"абитуриент" деген сөздер "азаматтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат белгіленген тәртіппен нострификациялануы тиіс.";

      бесінші абзацта»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиясының (МӘСК)" деген сөздер»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық (МӘС)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацта "20 маусымнан 4 шілдеге дейін" және "5 шілдеден 8 шілдеге дейін" деген сөздер»"20 маусымнан 3 шілдеге дейін" және»"4 шілдеден 9 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Шығармашылық мамандыққа оқуға түсетін азаматтар бір шығармашылық мамандықты көрсетуі мүмкін.
      Мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары барлық төрт мамандық бойынша орналастырылады";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі баллдар деңгейі 50 баллды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен болуы тиіс. Медициналық мамандықтар бойынша ақылы бөлімге қабылдау үшін - 60 балл.";

      14-тармақта:
      "арнайы бланкіде" деген сөздер»"белгіленген үлгідегі бланкіде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеңілдікке құқық беретін құжат" деген сөздер»"мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-2-тармақта:
      бірінші және екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14-2. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасының көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты белгіленген төртінші пән. Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша баллдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.";

      үшінші абзацта»"Шығармашылық мамандыққа түсушi азаматтар" деген сөздерден кейін»"оның ішінде»"Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.";

      20-тармақта»"жоғары оқу орны орналасқан орны бойынша" деген сөздер "талапкер таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақта»"шағым" деген сөздер "апелляция" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) және әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.";

      мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
      "21-2. Республикалық комиссияның төрағасы және құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 21-3-тармақпен толықтырылсын:
      "21-3. Республикалық комиссия апелляциялық комиссиялардың баллдар қосу негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 21-4-тармақпен толықтырылсын:
      "21-4. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар, сонымен бірге азаматтардың жауап парағын, кешенді тестілеу технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 21-5-тармақпен толықтырылсын:
      "21-5. Республикалық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.";

      26-тармақта:
      "медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиясының (МӘСК)" деген сөздер»"медициналық-әлеуметтiк сараптамалық (МӘС)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бейiндiк пәндер бойынша ең жоғары баллы" деген сөздер "3-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      кешенді тестілеу пәндері көрсетілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 3-қосымшасында:
      "Бакалавриат мамандықтары" тарауында:
      3»"Құқық" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "050304 Кеден ісі, Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы";

      9»"Қызмет көрсету" параграфы "050903 Жерге орналастыру және кадастр" жолын»"050903 Жерге орналастыру" жолмен ауыстырылсын;

      9»"Қызмет көрсету" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "050907 Кадастр, География, География";
      "050908 Бағалау, География, География";
      "050909 Мейірбике ісі, Биология, Биология"

      10»"Әскери іс және қауіпсіздік" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "051002 Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, Физика, Математика";

      "Жоғары арнаулы білім беру мамандықтары" тарауы:
      "2»Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" параграфы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "051108 Мейірбике ісі, Биология, Биология".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ө.Ә.Құрамысов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады