"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 353 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минитрлігінде 2005 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3681. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19.  N 638  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы N 6 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1514 тіркелген 2001 жылғы 18 мамырдағы  N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылы, тамыз, N 30 жарияланған 2002 жылғы 17 мамырдағы  N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2211 тіркелген 2003 жылғы 22 ақпандағы  N 116-1 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2808 тіркелген 2004 жылғы 23 наурыздағы  N 241 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3559 тіркелген 2005 жылғы 11 наурыздағы  N 149  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерінде (бұдан әрі - Үлгі ережелер):

      3-тармақта:
      екінші абзацта "жалпы бiлiм беретiн мектептi" деген сөздер "жалпы орта білім беретін ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта:
      "ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздер алынып тасталсын;
      "тәжiк тілдерiнде аяқтаған бiтiрушiлерi," деген сөздерден кейін "бала кезінен мүгедектер," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитетіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта "40 баллды" деген сөздерден кейін ", медицина мамандықтары бойынша ақылы бөлімге студенттер қатарына қабылдау үшiн 60 баллды" деген сөздермен толықтырылсын;

      Үлгі ережелерінің 1-қосымшасында:
      кестенің реттік нөмірі 3-жолда "Ішкі істер министрлігі" деген сөздер "Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кестенің реттік нөмірі 7-жолда "жөніндегі агенттігі" деген сөздер "министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Үлгі ережелерінің 3-қосымшасының атауында "Кешенді тест сынағы" деген сөздер "ҰБТ және кешенді тестілеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады