Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4152. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) Кандидаттарды мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуға қажетті құжаттардың тізбесі;
      2) Басшылары мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алынуы мүмкін ұйымдарға қойылатын талаптар;
      3) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне тұрған тұлғалар тағылымдамасының ережесі.
      2. "Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидат өтініш және сауалдама нысандарын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тізілімі мемлекеттік тiзбесінде N 2687 болып тіркелген, 7 ақпандағы N 29 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 02-01-02/4  бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

ҚР Мемлекеттік қызмет      
істері агенттігі Төрағасының   
2006 жылғы 24 наурыздағы    
02-01-02/48 бұйрығымен     
бекітілген          

  Кандидаттарды мемлекеттік саяси қызметтің кадр
резервіне алуға қажетті құжаттардың тізбесі
("Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығының
6-тармағын орындау үшін)

      1. Қоса беріліп отырған нысанда мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін өтініші
      2. Кадр қызметі куәландырған қызмет тізімі (кадрлар есебінің жеке іс парағы)
      3. 3x4 см бір фотосурет
      4. Нотариалды расталған білімі туралы құжаттардың көшірмелері
      5. Денсаулығының жай-күйі туралы анықтама
      6. Соттылығының болмауын растайтын құжаттар
      7. Жеке басты растайтын құжаттың көшірмесі

       Ескерту:
      4, 5, 6 және 7-тармақтарда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кадр қызметі куәландырған кадрлар есебінің жеке іс парағын мемлекеттік қызметтегі тұлғалар бермейді.

                                       Мемлекеттік саяси қызметтің
                                       кадр резервіне алуға қажетті
                                           құжаттардың тізбесіне
                                                 қосымша         

                                Кімге ______________________________
                                кімнен   _____________________________

           Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне
           кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін өтініш

      "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына сәйкес мені мемлекеттік саяси қызметтің  _____ ____________
                                                   (санатты көрсету)
санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      ____________________                    ____________________
            (күні)                                    (қолы)

ҚР Мемлекеттік қызмет   
істері агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы  
02-01-02/48 бұйрығымен  
бекітілген        

Басшылары мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне
алынуы мүмкін ұйымдарға қойылатын талаптар
("Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығының
6-тармағын орындау үшін)

      1. Басшылары мемлекеттік саяси қызметтің бірінші санаттағы кадр резервіне алынуы мүмкін ұйымдарға мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелер;
      2) штаттық саны 300 бірліктен кем емес және жылдық айналымы 1 млрд. теңгеден кем емес жеке ұйымдар* жатады.
      2. Басшылары мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алынуы мүмкін ұйымдарға мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелер;
      2) құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      3) ұлттық компанияларды қоспағанда, 35 пайыздан кем емес акциялардың мемлекеттік пакеті бар акционерлік қоғамдар;
      4) штаттық саны 70 бірліктен кем емес және жылдық айналымы 150 млн. теңгеден кем емес жеке ұйымдар* жатады.
____________________________
      * Ұйымдардың тіркелген жері бойынша салық органдарының тиісті анықтамасымен расталады

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі төрағасының
2006 жылғы N 02-01-2/48     
бұйрығымен бекітілген      

  Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервінде тұрған
тұлғалар тағылымдамасының ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне есепке алынған азаматтар (бұдан әрі - резервшілер) осы Ережемен айқындалған тәртіпте тағылымдамаға жіберілуі мүмкін.

      3. Резервшілер тағылымдамасы (бұдан әрі - тағылымдама) мемлекеттік басқару саласында практикалық тәжірибені, кәсіптік және ұйымдастырушылық дағдыларды иелікке алу мақсатында жүзеге асады.

      4. Тағылымдама бекітілген кестеге және жеке жоспарларға сәйкес мемлекеттік органдарда жүргізіледі.

      5. Тағылымдама мерзімі бір ай, тағылымдама өткізілетін мемлекеттік орган басшысымен бекітіледі.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 4 қаңтардағы  N 02-01-02/01   (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      6. Мемлекеттік қызметші болып табылатын резервшінің тағылымдаманы өтуге байланысты шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеледі.

      7. Мемлекеттік қызметші емес резервшінің тағылымдаманы өтуге байланысты шығыстары өз қаражаты есебінен немесе резервші жұмыс істейтін ұйымның есебінен өтеледі, аталған ұйым мен резервшінің өзара келісімі бойынша.

      8. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне есепке алынған тұлғалардың тағылымдамадан өту жөніндегі жұмысты үйлестіру кадр саясаты мәселесімен айналысатын Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бөлімшесіне бірінші санат бойынша, екінші санат бойынша - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органымен жүзеге асады.

  2. Тағылымдама өткізуді ұйымдастыру

      9. Бірінші санаттағы резервшілер тағылымдамасы кадр саясаты мәселесімен айналысатын Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысымен немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 4 қаңтардағы  N 02-01-02/01   (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      10. Екінші санаттағы резервшілер тағылымдамасы мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне есепке алынуға мүмкін басшылардың сәйкесті мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және ұйымдармен келісілгеннен кейін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      11. Тағылымдаманы өту үшін резервшілер жіберілетін мемлекеттік орган басшысымен тағылымдаманың жекелеген жоспарлары бекітіледі және оны өткізуге жауапты лауазымды тұлға айқындалады.

      12. Тағылымдаманың жекелеген жоспары (бұдан әрі - жоспар) мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне есепке алынған резервшінің лауазымы есепке ала отырып құрылады.

      13. Тағылымдаманы өткізуге жауапты лауазымдық тұлға резервшілерді жоспармен қол қойдырып таныстырады.

      14. Тағылымдама:
      мемлекеттік органның функционалдық, ұйымдық, құрылымдық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерделеуді;
      нормативтік, техникалық және басқа құжаттамалармен жұмысты жүзеге асыруды, оны даярлауға қатысуды;
      лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерін орындауды (уақытша міндетін атқарушы немесе дублер ретінде);
      тағылымдама барысында иеленген кәсіптік және ұйымдық дағдыларды орнықтыруды;
      кеңестерде, қызмет барысындағы кездесулерге қатысуды көздейді.

      15. Тағылымдама нәтижелері бойынша оны өткізгені туралы есеп даярланады.

      16. Тағылымдама туралы есеп:
      тағылымдама жоспарына енгізілген машықтанушының шараларды орындау туралы ақпаратты;
      тағылымдама барысында иеленген практикалық дағдылар мен теориялық білім туралы ақпаратты;
      мемлекеттік органның жұмысын жетілдіру және оның қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.

      17. Мемлекеттік орган басшысы тағылымдама біткеннен кейін машықтанушыға сын-пікір даярлайды, оның ішінде келесі негізгі ақпараттар көрсетілді:
      тағылымдаманың жекелеген жоспарына енгізілген машықтанушының орындаған шаралардың бағасы;
      машықтанушының кәсіптік даярлау мен жеке қасиеттерінің бағасы;
      машықтанушының келешектегі мансаптық перспективасы бойынша ұсыныстары.

  3. Қорытынды ережелер

      18. Резервшiлер тағылымдама өткені туралы есепті және сын-пікірді мемлекеттік орган басшысы бірінші санат бойынша кадр саясаты мәселесімен айналысатын Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бөлімшесіне, екінші санат бойынша - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға бес жұмыс күннің ішінде жіберіледі.

      19. Тағылымдама туралы есеп және резервшілерге сын-пікірлер, олар мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервінде болатын мерзімі ішінде сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады