"Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4185. Күші жойылды - Қазастан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 94 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.02 N 94 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген, 2005 жылғы тамыздағы N 20, Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдердің бюллетеніндегі 184 бетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесінде:
      6-тармақтың үшінші абзацындағы ", бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орналасқан орны бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта:
      екінші абзацтағы "5-і" деген сан "3-і" деген санмен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "бес" деген сан "екі" деген санмен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "10-і" деген сан "5-і" деген санмен ауыстырылсын;

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар беретін рұқсаттар бір данада қалыптастырады, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда қалады. ҚБАЖ-ды қалыптастырылған міндеттемелерді қабылдауға рұқсат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне электрондық түрде беріледі.

      11. Осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орналасқан жерінде Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері беретін рұқсаттар бір данада қалыптастырылады, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаментінде қалады. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ҚБАЖ-ды қалыптасқан рұқсаттар электрондық түрде беріледі.
      Облыстар, аудандар бойынша Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері ҚБАЖ-ды қалыптастырылған рұқсаттарды екі данада басып шығарады, оның біреуі Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде қалады, екінші данасы облыстық, ауданның аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерге беріледі.

      12. Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар беретін рұқсаттар екі данада, біреуі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екінші данасы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.
      Осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган беретін рұқсаттар төрт данада ресімделеді, оның біреуі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екінші данасы Қазынашылықтық аумақтық бөлімшесіне беріледі, үшінші дана мемлекеттік мекемеге беріледі, ал төртінші дана жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (Д.М.Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады