Сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4188. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 396 Бұйрығы.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12. N 396  Бұйрығымен.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын жүзеге асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Сырттан қадағалайтын әкімшісін тағайындау ережелері бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрлігінің   
Дәрменсіз борышкерлермен 
жұмыс комитеті төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы 
N 18 бұйрығымен бекітілген

  Сырттан қадағалайтын әкімшіні
тағайындау ережесі

      Осы Ереже»"Банкроттық туралы"»Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      1. Сырттан қадағалауға әкімшіні тағайындауға мүлікті басқару жөніндегі қызметті және дәрменсіз борышкерлердің банкроттық рәсімдердегі істерін жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдардың кандидатурасын қарайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы сырттан қадағалайтын әкімшінің кандидатурасын сот борышкерге қатысты сырттан қадағалау рәсімін енгізгендігі туралы ұйғарымын шығарғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне (бұдан әрі - Комитет) келісуге ұсынады және белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) ақпарат бар құжаттарды ұсынады.

      3. Келісуге ұсынылатын құжаттарға соттың борышкерге қатысты сырттан қадағалау рәсімін енгізгендігі туралы ұйғарымының көшірмесі міндетті түрде қоса беріледі.

      4. Толық емес ақпаратты қамтитын, тиесілі түрде ресімделмеген құжаттар Комитеттің аумақтық органына қараусыз қайтарылады.

      5. Комитет құжаттарды Комитеттің аумақтық органына қайтарған жағдайда бір жұмыс күні ішінде көрсетілген жетіспеушіліктерді жояды және құжаттарды келісуге қайта жолдайды немесе басқа кандидатураны ұсынады.

      6. Сырттан қадағалайтын әкімшінің кандидатурасын келісудің оң нәтижелері кезінде Комитеттің аумақтық органы соттың борышкерге қатысты сырттан қадағалау рәсімін енгізгендігі туралы шешімі күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындайды.

      7. Комитеттің аумақтық органы қажет болған кезде келісуге кемінде үш кандидатураны ұсынады. Ұсынылған кандидатуралардың қатарынан таңдауды Комитет өзінің құзыреті шегінде ұсынылған материалдардың және қолда бар дерекқордың негізінде жүзеге асырады.

      8. Сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық органының бұйрығы нысанында (2-қосымша) шығарылады, бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қояды, мөрмен расталады және есеп кітабында тіркеледі.

      9. Комитеттің аумақтық органы кандидаттың борышкерге, оның құрылтайшысына, кредит берушілерге немесе дебиторларға аффилиирленгендігі фактілері болған кезде кандидатураны келісуге ұсынбайды.

      10. Сырттан қадағалайтын әкімші тек бір ұйымға тағайындалады.

      11. Сырттан қадағалайтын әкімші Заңның  41-1 бабының 3 тармағында көрсетілген жағдайларда, көрсетілген функцияларын жүзеге асыру үшін қандай тәртіппен тағайындалса солай, борышкердің істері мен мүлкін басқарудан босатылады.

                                               Сырттан қадағалайтын
                                                әкімшіні тағайындау
                                                ережесіне 1-қосымша

Сырттан қадағалайтын әкімшіні
тағайындау туралы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2006 жылғы»"____"_________
N _______ бұйрығына сәйкес оған қатысты ____________________ қаласы
(облысы) бойынша ____________________ сот сырттан қадағалайтын
рәсім енгізген борышкерге сырттан қадағалайтын әкімшінің
кандидатурасын қарау және келісу үшін жіберіп отырмыз. 

№N

Сырттан қадағалайтын
әкімшінің Т.А.Ә.

Борышкер ұйымның
атауы

Ескертпе

1




2




3




         Қосымша:
      1. Соттың сырттан қадағалау рәсімі енгізілгендігі туралы
айқындамасының көшірмесі, ______ парақ;
      2. Өзгелері.

      Аумақтық органның бастығы ________    ________________ 
                                 (қолы)         (Т.А.Ә.)

      орындаушы __________                  тел. __________

                                                Сырттан қадағалайтын
                                                әкімшіні тағайындау
                                                ережесіне 2-қосымша

                          Бұйрық

Сырттан қадағалайтын әкімшіні
тағайындау туралы

      1.»"Банкроттық туралы"» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және ___________ қаласы (облысы) бойынша_____________________
соттың 2006 жылғы»______»__________________________ N ______________
____________________________________________________________________
                        (ұйымның атауы)
борышкер ұйымға қатысты сырттан қадағалау рәсімін енгізу туралы
шешімінің негізінде_______________сырттан қадағалайтын әкімші болып
                   (Т.А.Ә. - толық)
тағайындалсын.
      2. ____________________________ "Банкроттық туралы"»Қазақстан
                   (Т.А.Ә.)
Республикасының Заңының талаптарына сәйкес сырттан қадағалайтын
әкімшінің міндеттерін орындау жүктелсін.
      3. Сырттан қадағалайтын әкімші_______________________________
                                                (Т.А.Ә.)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  41-4-бабының
талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің басқарма
бастығы ____________________________ жүктелсін.

      Аумақтық органның бастығы _________                (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады