"Тұрмыстық жәндiктердi, синантроптық масалар мен сары масаларды жоюға арналған дезинсекциялық іс-шараларды жүргізуде жертөле үй-жайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы N 130 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4191. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасы, 17-бабының 1) және 9) тармақшаларына және 30-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Тұрмыстық жәндiктердi, синантроптық масалар мен сары масаларды жоюға арналған дезинсекциялық іс-шараларды жүргізуде жертөле үй-жайларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықтың Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгенiнен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдiң мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрiнің  
2006 жылғы 27 наурыздағы    
N 130 бұйрығымен бекiтiлген  

  "Тұрмыстық жәндiктердi, синантроптық масалар мен
сары масаларды жоюға арналған дезинсекциялық
іс-шараларды жүргізуде жертөле үй-жайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. "Тұрмыстық жәндiктердi, синантроптық масалар мен сары масаларды жоюға арналған дезинсекциялық іс-шараларды жүргізуде жертөле үй-жайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалары (бұдан әрi - санитарлық ереже) сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн сондай-ақ паразиттiк аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын жағдайдағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.

      2. Жертөле үй-жайларындағы тұрмыстық жәндiктердi, синантроптық масалар мен сары масаларды жою қызметін көрсететін меншiк және ұйымдастыру құқықтық нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - шаруашылық жүргізуші субъектілер) арналған.
      Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) шыбын-шiркейлер - мал мен адамды шағатын қосқанаттылар отрядындағы қансорғыш жәндiктердiң жалпы атауы;
      2) Culex pipiens molestus масалары - жерасты коммуникациясының және тұрғын үйлердiң өндiрiстiк ғимараттардың жертөлесiн басқан суда көбейіп, адамдардың қанын соратын жөртөле үй-жайлары масаларының түрі.

  2. Жертөле үй-жайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Жертөле үй-жайларындағы шыбын-шiркейлер, соның ішінде масалар мен сары масалардың (бұдан әрi - жәндiктер) санын азайтуға арналған iс-шаралардың қатарына жәндiктердiң үй-жайларға қоныстануын болдырмау, олардың тiршiлiк ету ортасын жою мақсатында құрылыстарда, аумақтың маңындағы жертөлелерде тазалық сақтауға бағытталған техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық (профилактикалық) және жою іс-шаралар кешені кiредi.

      5. Жобалау-жоспарлау шешiмдерде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жертөле үй-жайларын жер асты, жер бетi, су құбыры және кәрiз суларының басып кету мүмкiндiктерiн жою немесе шектеу, жертөле үй-жайларында сары масалардың көбейетiн орындарының пайда болуына жол бермеу жөнiндегi шаралар көзделуге тиiс.

      6. Жер асты суларының деңгейiн азайту жөнiндегi iс-шаралар мыналарды қамтиды: дренаж, суы қатты ағатын кәрiз, жертөле үй-жайларының iргесi мен қабырғаларын (үй iшiндегi коммуникацияны судан қорғаушы құрылғыларды қосу және ағытуға арналған құрылғылар орнатылған қабырғалар); құм төселген жертөле үй-жайларында - кәрiз жүйесiне қосылған бетон науалардан жасалған инженерлiк құрылғыларын салуды.

      7. Жобаларда көзделген әрi тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жертөле үй-жайларын су басып кетуге жол бермеуге бағытталған ғимаратты салу, жөндеу, қайта салу кезiнде көзге көрiнбейтiн бiтеу жұмыстары сапалы орындалуға тиiс.

      8. Кәсiпорындардың басшылары, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың иелерi немесе жалға алушылар олардың санитарлық-гигиеналық жай-күйiн бақылап, қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық (профилактикалық), жою iс-шараларды орындауға тиiс.

      9. Жертөле жарықтандырылып, есiктер жақтауларына дәл келiп әрi тығыз жабылып, желдеткiштер алмалы-салмалы торлармен жабылуға, терезелерi шыныланып немесе көзi тар торлармен жабылуы, еденде цемент лай төселген, ауладағы су берiлетiн құрылғылар тиiстi күйде болуға тиiс.

      10. Жертөлелерде су, қоқыс, таза емес заттар болмауға, шаруашылыққа керектi заттар ретсiз жиналмауға тиiс.

      11. Коммуникацияның сызаттары, авария болған және бiтелген жерлерi тазалануға, едендегi және коммуникация қосылатын және ағытылатын жерлердегi су жақындағы кәрiз құдықтарына (алайда, су қатты ағатын жерлерге және тротуарлар немесе гүлзарлаға емес) ағызылуға, ластанған жерлер тазартылып, үй-жай құрғатылып әрi желдетiлуге тиiс.

      12. Үй-жайлар мен оларда тамақ өнiмдерiн сақтауға арналған орындарды, қосалқы үй-жайларын, жертөлелердi, баспалдақ алаңшаларын, шатырастыларын құрылыс материалдарымен, ыдыстармен, бөтен мүкәммалмен, жиһазбен, керек емес заттармен және жәндiктер қалып қоятын әрi орындарды дезинфекциялық өңдеу қиындық туғызатын басқа да материалдармен толтыруға тыйым салынады.

      13. Барлық тамақ өнiмдерi жәндiктер бара алмайтын жерлерде сақталуға тиiс. Тамақ өнiмдерiн өндiру және сату жөнiндегi ұйымдарда, қоймаларда барлық тауарлар, азық-түлiк және ауыл-шаруашылық шикiзаты ыдыстарда стеллаждарда қатар-қатар әрi ыдыс астына қойылатын төсенiштерiмен сақталуға тиiс.

      14. Тұрғын үйлердегi қоқыстық камераларды тазалау тәулiгiне кем дегенде бiр рет жүргiзiлуге тиiс. Контейнерлерге жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар, қоқыстар күн сайын шығарылуы керек. Контейнерлерге арналған алаңшалар және қоқыс жинағыш қондырғылар тұратын орындар асфальтталуға (бетондалуға), таза болуға тиiс. Олардың жанында (радиусы кем дегенде 10 метр) бұталар, ыдыстардың жиынтығы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтар болмауға тиiс.

      15. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау орындарында, дәретханаларда тазалап жинау мүкәммалынан басқа бөтен заттар мен материалдар болмауға тиiс.

      16. Дезинсекциялық жұмыстар жүргiзiлетiн объектiде:
      1) тегiс баспалдақтар, едендер, жарық, iстеп тұрған желдеткiш болуға;
      2) электр тоғымен, пармен зақымдалу, босқын иттер мен үй жануарларының шабуыл жасау мүмкiндiктерi және объектiнiң қолайсыз санитарлық-техникалық жай-күйiмен және оны пайдалану режимiмен байланысты басқа да өндiрiстiк және тұрмыстық травматизм жағдайларының туындауы болмауға;
      3) дезинсекцияны жүргiзушi адамдардың барлық объектi үй-жайлары мен құрылыстарына, сондай-ақ ұштасып жатқан аумаққа қолжетiмдiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

  3. Дезинсекциялық қызметті ұйымдастыру
және жүзеге асыру

      17. Жәндiктермен күресу үшiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген инсектицидтер пайдаланылуға тиiс.

      18. Дезинсекциялық құралдар қолдану жөнiндегi нұсқамаларға немесе әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес қолданылуы тиiс.

      19. Объектiде дезинсекциялық iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi жұмыс жәндiктердiң болуына алдын ала тексеруден, түрiн, олардың қоныстану орны мен сандық деңгейiн анықтаудан басталуға тиiс.

      20. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жертөле үй-жайларын Culex pipiens molestus масаларына қарсы өңдеу тек қана энтомологиялық көрсетілім бойынша, жер қабаттарда, кірме жолдарда, саты алаңшаларында масалардың личинкалары мен имагосы бар кезде жүргізіледі. Масалар жиналған жерлердегі жиналған су, үйлердің қабырғалары мен төбелері өңдеуге жатады.

      21. Шарт жасалған объектiлерде қорытынды тексеру жәндiктер қоныстанған, сол сияқты олардан тазартылған алаңшаларда да тұрақты түрде жүргiзiлуге тиiс.

      22. Дезинсекциялық құралдардың қауiптiлiгi олардың уыттылығы негiзiнде айқындалады. Дезинсекция құралдарын қолдану шарттары олардың қауiптiлiк дәрежесiмен айқындалуға тиiс:
      1) жабық үй-жайларда өте қауiптi (I сынып) құралдарды пайдалануға тыйым салынады;
      2) балалар, аурухана ұйымдарында, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарында және тұрғын үйлерде қауiптiлiгi жоғары (II сынып) құралдарды пайдалануға болмайды. Басқа объектiлерде кейiннен мiндеттi түрде желдетiп және тазалай отырып, оларды адамдар болмағанда тек оқыған персонал ғана қолдануына рұқсат етiледi;
      3) қолдану (препаратты шығыстау, желдету режимi, тазалау) шартын мiндеттi түрде регламенттей отырып, қауiптiлiгi орташа (III сынып) құралдарды оқыған персонал да, сол сияқты тұрмыста тұрғындар да қолдануына болады;
      4) қауiпсiздiгi шамалы (IV сынып) құралдарды қолдану аясын шектеусiз пайдалану үшiн қолдануға болады.

      23. Өңдеу жүргiзудiң арақашықтығы мыналарға байланысты:
      1) жәндiктердiң нақты түрiнiң биологиясы мен экологиясының ерекшелiктерiне және оның даму циклiнiң ұзақтығына;
      2) елдi-мекеннiң санитарлық жай-күйiне, объектiнiң санитарлық-техникалық жай-күйiне, ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң және тұрғындардың санитарлық ережелер мен нормаларды сақтауына;
      3) дезинфекциялық құралдармен өңдеудiң және қалған әсерiнiң уақыттылығы мен тиiмдiлiгiне.

      24. Дезинсекцияны жүргiзгеннен кейiн оның тиiмдiлiгi бағалануға тиiс. Дезинсекциялау жұмыстарының тиiмдiлiгiнiң көрсеткіштері келісім-шарттардағы жалпы физикалық ауданға қатысты, пайызбен көрсетілген, жәндіктерден тазартылған нысандардың саны және олардың жалпы физикалық ауданы болып табылады.

      25. Синантроптық масаларды жою жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн жиырма шаршы метр үй-жайға бiр жағы жабысқақ нәрсе жағылған екi жолақты пайдаланады. Қалалық жерлерде жабысқақ бір жолақ бетiне тәулiгiне бір жәндiк жабысса, ауылдық жерде - үш-бес жәндiк жабысса, қалдық қоқыстарда бір сынамаға көп дегенде бес балаңқұрт болса және оларда әрi топырақта олар болмаса, сондай-ақ масалардың қысқы ұрықтануы байқалмаса, көрсеткiштер қанағаттанарлық деп есептеледi.

      26. Балаңқұрт сатысымен салыстырғанда, жертөле үй-жайларында сары масаларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау өңдегеннен кейiн 3-5 тәулiктен, қанаттанған сары масалардың саны бойынша - 5-7 күннен кейiн жүргiзiлуге тиiс. Су сынамаларында тiрi балаңқұрттар болмаса және орташа есеппен алғанда, үй-жай қабырғасының бiр шаршы метрiнде кемiнде бiр қанаттанған сары маса болса, дезинсекциялық iс-шаралар тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi қанағанаттанарлық деп есептеледi.

  4. Дезинсекциялық жұмыстарды жүргiзу
кезiндегi қауiпсiздiк шаралар

      27. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің мамандары жұмысқа қабылданар алдында алдын ала және мезгіл-мезгіл профилактикалық медициналық қараудан өтуге, техникалық қауіпсіздік жөнінде нұсқаулық (кіріспе, бастапқы, қайта) алуға тиіс. Жасы 18 жасқа толмаған адамдарға, жүктi және бала емiзетiн әйелдерге және қарсы айғақтары бар адамдарға дезинсекциялық құралдармен жұмыс iстеуге болмайды.

      28. Ұйым әкiмшiлiгi дезинсекциялық құралдармен жұмыс iстейтiн барлық адамдарды арнайы киiмдермен (халат, бас орамал, етiк, қолғаппен), сондай-ақ қолды, тыныс алу және көру ағзаларын жеке қорғау құралдарымен (ЖҚҚ) жеке бас гигиенасы құралдарымен қамтамасыз ету керек.

      29. Өңделiп жатқан үй-жайда темекi шегуге, тамақ iшуге тыйым салынады. Жұмыстан кейiн ауызды шайып, қолды және дененiң ашық жерлерiн, сабындап жуу, жұмыс аяқталғаннан кейiн гигиеналық себiзгi қабылдау керек.

      30. Дезинсекциялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде:
      1) еңбекті қорғау және техникалық қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеу;
      2) еңбекті қорғау және техникалық қауiпсiздiк ережелерiн сақтауды, арнайы киiмдердiң, жеке қорғаныш құралдарының пайдаланылуын және оларды дезактивациялауды, улану кезінде алғашқы көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      3) пайдаланылатын дезинсекциялық құралдардың сапасын, аппаратураның, қондырғылардың, жеке қорғаныш құралдарының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру керек.

      31. Дезинсекциялық шараларды жүргiзген уақытта адамдар, үй жануарлары, құстар, бөлмелiк өсiмдiктер, аквариум үй-жайдан шығарылып, тағам өнiмдерiн тұмшалау керек.

      32. Дезинсекциялық жұмыстар аяқталғаннан кейiн ұнтақ тәрiздi препараттар 24 сағаттан кейiн адамдар мен құстар болатын жерлерден алынып тасталуы керек; олар аз баратын жерлерде тиiмдiлiгi жоғалғанша 1 айға дейiн сақтауға болады. Белсендiлiгiн жоғалтқан қармақжемдердi жағу арқылы өртеп жiберу керек. Ол жерлердi сода және сабын қосылған сумен жуады. Үй-жайларды желкөздердi немесе терезелердi ашып қойып жинайды.

      33. Объектiде жұмыстан кейiн арнайы киiмдердi мынандай тәртiппен шешу керек:
      1) қолғаптарды қолдан шешпей-ақ 5% сода ерiтiндiсiнде, содан кейiн суда жуу керек;
      2) бұдан кейiн қорғаныш көзiлдiрiктер мен шаң тұтқышты, етiктi, бас орамалды, халатты шешедi;
      3) көзiлдiрiк пен шаң тұтқышты кальцийлендiрiлген соданың 5% ерiтiндiсiмен, сабын қосқан сумен сүртедi;
      4) бұдан соң қолғапты шешiп, арнайы киiмдердi жинап, қолды сабынмен жуады.

      34. Инсектицидтердi кез-келген бөтен адамға, ал кәсiби контингент арасында - осы ұйымда белгiленген нысан бойынша тiркеусiз беруге тыйым салынады. Өңдеуден кейiн қалған құралдар жұмыс күнiнiң соңында дезинсекцияны жүргiзген ұйымға жеткiзiледi де, оларды сақтау үшiн жауапты адамға тапсырылады.

      35. Қойманың үй-жайы құрғақ, жарық қабырғалары тегiс болып, еденi цементтелiп немесе асфальттануға тиiс.

      36. Қойма үй-жайларын қажетiне қарай екі аптада кемiнде бiр рет тазалау керек. Қоймалар тиiстi шаңсорғыш және жуғыш аппаратураларымен қамтамасыз етiлуi тиiс. Жинар алдында қабырғалардың, едендердiң, сөрелердiң, ыдыстардың беттерiн шаңнан тазалап, одан соң қабырғаларды, едендердi, сөрелердi жуады.

      37. Дезинсекциялық құралдарды аз көлемдi ыдыстарда сақтау үшiн темiр сөрелердi, ал үлкен шыны ыдыстарды сақтау үшiн ағаш сөрелердi пайдаланады.

      38. Дезинфекциялық құралдардың атауы, дайындалған күнi, дайындаушы зауыттың (фирманың) атауы, қолданылатын заттың әсерi, жарамдылық мерзiмi көрсетiле отырып, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нұсқаулықтар мен таңбалары болуға тиiс.

      39. Қойма үй-жайларында тамақ iшуге, тамақ өнiмдерiн, мал азықтарын, ауыз суды сақтауға және бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

      40. Инсекцидтер заттаңбасында "У" деген жазуы бар, олардың кiрiсi мен шығысын тiркеле отырып сақталуға тиiс.

      41. Жарамсыз деп танылған дезинсекциялық құралдар белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады