Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 467 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. N 43-48, 902-құжат):
атауы және 1-тармағындағы "машиналары мен механизмдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827 қаулысын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
атауы "машиналары мен механизмдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспедегі:
бірінші абзацта:
"машиналары мен механизмдерді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827" деген сөздер "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 " деген сөздермен алмастырылсын;
екінші абзацтағы 9)-тармақшадан кейінгі "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мағынадағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) жоғары өтімді арнайы машиналар - қаршаналар, квадроциклдар.";
2) "Тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 468 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2563 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. N 43-48, 901-құжат):
атауы және 1-тармағы "машиналары мен механизмдеріне" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827 қаулысын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу ережесінде:
атауы "машиналары мен механизмдеріне" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827" деген сөздер "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 " деген сөздермен алмастырылсын;
"машиналары мен механизмдеріне" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"машиналары мен механизмдері" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаменті (Доскенов М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі Д.Айтжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр