Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4204.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгілейтін сақтандыру тарифтерінің мөлшерінің сапалы талдамасын алу, сондай-ақ қолданылатын статистика мен сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы" қоғамдық бірлестікке жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Төраға



  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 85 қаулысымен бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар

      Ескерту. 1-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Нұсқаулық мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) брутто-ставка - сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлейтін және нетто-ставка мен жүктеуден тұратын сақтандыру тарифі;

      2) сақтандырудың орнын толтыру бірлігі - сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын өлшем бірлігі;

      3) тәуекелдерді (сақтанушыларды) жіктеу - тиісті жіктеу коэффициентімен сақтанушыны немесе тәуекел деңгейін сипаттайтын критерийлер тізбесі;

      4) дифференциялау коэффициенті - сақтандыру объектісінің тәуекел факторларын есепке алу үшін есептелген сақтандыру тарифіне қолданылатын коэффициенттер;

      5) жүктеме – сақтандырушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру операцияларын жүргізуге арналған әкімшілік шығыстарын, көзделмеген шығыстар мен кірістерді өтеуге арналған брутто-мөлшерлеменің бөлігі;

      6) нетто-мөлшерлеме – сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто-мөлшерлеменің бөлігі;

      7) тәуекел үстемақысы - күтілетін мәндердің кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін нетто-ставканың бөлігі;

      8) сақтандыру тарифі - сақтандырудың орнын толтыру бірлігінің құны;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Сақтандыру тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қойылатын жалпы талаптар

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Сақтандыру тарифтерін есептеу толық, бірізділік және бірдейлік қағидаттарына негізделеді.

      3. Сақтандыру тарифтерін есептеуде қате, екі ұштылық пен нақтылаулар болмау керек.

      4. Есептеуді сипаттаған кезде формулалар мен есептеудің толық жазылуын, сондай-ақ тиісті есептеулерді өткізуге қажетті параметрлердің барлық сандық мәндерін көрсетілуін сақтау қажет.

      5. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде мынадай ақпараттар келтіріледі:

      1) бастапқы статистикалық деректерде пайдаланылатын дерек көзі туралы толық мәліметтер;

      2) пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректер алынған осы уақыт кезеңі туралы деректер.

      6. Сақтандыру тарифтерін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есептеу барлық сыныптар, сондай-ақ сақтандырудың белгілі бір сыныбына кіретін сақтандыру түрлері бойынша жүргізіледі және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үш жылда бір реттен кем емес уақытта қайта қарайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде сақтандыруға қабылданған сақтандыру тәуекелдерін сипаттайтын статистикалық деректер пайдаланылады.

      8. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу мақсатында есептеу күнінің алдындағы соңғы үш және толық қаржы жылындағы бастапқы статистикалық деректерді пайдалану қажет.

      9. Сақтандыру тарифтерін есептеу барысында бастапқы статистикалық деректерді қолдану үшін мынадай қағидаттар мен талаптардың бірін сақтау қажет:

      1) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифінің шамасына барынша ықпал ететін бір немесе бірнеше негізгі сақтандыру тәуекелі бойынша бастапқы статистикалық деректердің негізінде жүргізіледі;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандырумен өтелетін тәуекелдің барлық түрі бойынша жиынтық бастапқы статистикалық деректердің қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      10. Сақтандыру тарифтерін есептеуде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштердің мәні (құнсыздану көрсеткіші, ең төменгі есептеу көрсеткішінің мәні), есептеу күніне осы көрсеткіштер бойынша ресми мәліметтерге сәйкес келуі керек.

3. Сақтандыру тарифтерін бағалау және есептеу әдістеріне қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру тарифін есептеудің таңдап алынған әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша тарифтік мөлшерлемелерді есептеуде сақтандыру тарифтерін есептеу әдісі туралы мынадай ақпарат бар:

      1) сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісі бойынша ақпараттың дерек көзі туралы толық мәліметтер;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісін толық сипаттау.

      Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерін сипаттау тікелей есептеуден бөлек жазылады.

      13. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері мынадай құрастырылатын сақтандыру тарифін айқындайды:

      1) нетто-ставка;

      2) тәуекел үстемақысы;

      3) жүктеу;

      4) брутто-ставка.

      14. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерінің бірдейлігі және сәйкес келуі пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректермен мынадай критерийлер арқылы айқындалады:

      1) есептеу әдісіне сәйкес сақтандыру тарифтерін есептеуге қатысатын бастапқы статистикалық деректермен және есептеу параметрлерінің арасындағы сәйкестік;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеудің таңдап алынған әдісі сақтандыру тарифтерінің шамасына әсер ететін есепті көрсеткіштердің артуына немесе азаю үрдістерін, сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын, шығын ауыртпалығының көрсеткішін, шығын коэффициентін және басқаларды ескереді;

      3) таңдап алынған әдіске сәйкес жасалған сақтандыру тарифтерін есептеудің аралық және соңғы нәтижелеріндегі экономикалық мағынаның болуы (экономикалық мақсатқа лайықтығы).

      15. Сақтандыру тарифтерін немесе "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеуді жүзеге асыру барысында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерлерін айқындау кезінде пайдаланылатын аталған кестелердің қосымшаларымен, қайтыс болу кестелерінің дерек көздері мен алу тәсілдері туралы толық ақпаратты келтіреді.

4. Сақтандыру тарифтерін есептеудің, оларды ресімдеудің және орналастырудың нәтижелеріне қойылатын талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      16. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеудің нәтижелерінде мынадай көрсеткіштер анықталуға және негізделуге тиіс:

      1) сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғары негізгі мөлшері;

      2) есептелген негізгі сақтандыру тарифтеріне осы коэффициенттердің шамаларын негіздеу арқылы дифференциация коэффициенттерін қолдануды тартатын тәуекел факторлары;

      3) сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша тәуекелдерді (сақтанушыларды) толық жіктеу жасау;

      4) сақтанушылардың (сақтандырылған) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары "өмірді сақтандыру" саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Сақтандыру тарифтерін есептеуді сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарий жүргізеді және лицензияның нөмірі мен берілген күнін, актуарийдің фамилиясын, есімін, әкесінің атын (бар болса) көрсету арқылы, оның қолымен және мөрімен (бар болса) бекітіледі.

      17-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы интернет-ресурста немесе клиенттер көру үшін қолжетімді жерде сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшері туралы ақпаратты:

      1) сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғарғы негізгі мөлшерлері;

      2) дифференциялау коэффициенттері;

      3) сақтанушылардың (сақтандырылушының) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектемей орналастырады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары "өмірді сақтандыру" саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17-2. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпаратты орналастыру үшін меншікті Интернет-ресурс немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бас офисінде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарындағы үй-жай, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының клиенттері еркін кіре алатын сақтандыру агентінің (заңды тұлғаның) үй-жайы пайдаланылады.

      Ескерту. 17-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17-3. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, осы ақпарат жасалған күн мен уақыт және оны қолдау кезеңі көрсетіле отырып орналастырылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшерін қайта қараған кезде, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы оларды актуарий бекіткен күннен бастап үш күн ішінде өзінің интернет-ресурсындағы және (немесе) клиенттердің көруі үшін қолжетімді жердегі тиісті ақпаратты жаңартады.

      Ескерту. 17-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

5. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады