Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 85 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 30 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7520 тіркелді

      «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2-1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 24 сәуірде № 4204 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      123 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар»;
      «2. Сақтандыру тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қойылатын жалпы талаптар»;
      «3. Сақтандыру тарифтерін бағалау және есептеу әдістеріне қойылатын талаптар»;
      «4. Сақтандыру тарифтерін есептеудің, оларды ресімдеудің және орналастырудың нәтижелеріне қойылатын талаптар»;
      мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2 және 17-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «17-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы интернет-ресурста немесе клиенттер көру үшін қол жетімді жерде сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшері туралы ақпаратты орналастырады, бірақ мыналар туралы ақпаратпен шектелмей, оны қоса алғанда:
      1) сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғарғы негізгі мөлшерлері;
      2) дифференциялау коэффициенттері;
      3) сақтанушылардың (сақтандырылған) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына таралмайды.
      17-2. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпаратты орналастыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті интернет-ресурсы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас офисінде және филиалдарындағы үй-жайлары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттері еркін кіре алатын сақтандыру агентінің (заңды тұлғаның) офисі пайдаланылады.
      17-3. Осы Нұсқаулықтың 17-1-тармағында көрсетілген ақпарат осы ақпарат жасалғандағы жағдай бойынша күнін және уақытын және оның қолданылу кезеңін көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тарифтерінің мөлшерлерін қараған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оларды актуарий бекіткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде тиісті ақпаратты өз интернет-ресурсында және (немесе) клиенттер көру үшін қол жетімді жерде жаңартады.»;
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қорытынды ережелер».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                  Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады