Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 272 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4206. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 Қаулысымен.

      Ескерту Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 272  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3819 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына" деген сөздерден кейін ", Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 2-1-бабына" деген сөздермен толықтырылсын;

      Қосымшада:
      кестенің екінші жолында "жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу" деген сөздерден кейін "және/немесе жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      "**" ескерту ", Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына (екінші деңгейдегі банктер үшін)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады