Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) есеп пен өзге ақпаратты беруіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4208. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Агенттік Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) есеп пен өзге ақпаратты беруіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 98  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3581 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) есеп пен өзге ақпаратты беруіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      8-тармақтағы "5" цифры "7" цифрмен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметі  ережесінің 7-тармағының 2)-3) тармақшаларын,  9-11 тармақтарын ,  25-27 тармақтарын орындауы туралы;";

      3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;

      4-қосымша осы қаулының қосымшасына сай редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева А.М.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі
                                              Басқармасының
                                       2006 жылғы 25 наурыздағы
                                        N 78 қаулысына қосымша

                                      "Банктің, сақтандыру (қайта
                                       сақтандыру) ұйымының және
                                      жинақтаушы зейнетақы қорының
                                     уақытша әкімшілігінің (уақытша
                                      басқарушының) есеп пен өзге
                                      ақпаратты беруіне қойылатын
                                      талаптар туралы нұсқаулыққа
                                                4-қосымша

               200___ жылғы "____" ________________
                             (есепті күн)
             міндеттемелердің жай-күйі туралы есеп 
                        (банктің атауы)

                                                       мың теңгемен

Коды

Міндеттемелердің атауы

Уақытша әкімшілікті тағайындау күніне 

Өткен есепті күнге

Есепті күнге

Өзгерістер

Уақытша әкімшілікті тағайындау күнгі деректермен салыстырғанда

Есепті кезең үшін

1

2

3

4

5

      6

    7

1.

Банктің міндеттемелері, оның ішінде:






1.1

Тиісті уақтылы төлемдерді капиталдандыру арқылы банк олардың алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік көтеретін жеке тұлғалардың алдында






1.2

Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және үстемеақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған алименттер мен міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша ұсталған сыйақыларды төлеу  бойынша 






1.3

Банк ұсынған есепке сай кепілдік берілген депозиттер бойынша ол төлеген (төлейтін) өтемақы сомасы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында






1.4

Жеке тұлғалар алдында депозиттер мен ақша аударымдары бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылатын депозиттер бойынша, сақтандыру ұйымдарының "өмірді сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша 






1.5

Тек қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық ұйымдар, ұлы отан соғысы ардагерлерінің ұйымдары және оларға теңестірілген адамдардың ұйымдары алдында Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақстанның зағиптар қоғамы, Қазақстанның саңыраулар қоғамы және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған ұйымдар, олардың банк шоттарындағы қаражаттары мен орналастырылған депозиттері бойынша мүгедектердің басқа ұйымдары алдында






1.6

Банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалар алдында 






1.7

Салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша берешек






1.8

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа кредиторлар алдында 






1.9

Уақытша әкімшіліктің ағымдағы міндеттемелері, оның ішінде:






1.9.1

еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлер алдында;






1.9.2

Ағымдағы салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек; 






1.9.3

басқа берешек 






2.

Төленген жарғылық капитал 






      Уақытша әкімшіліктің басшысы _______________
      Бас бухгалтер ______________________________
      Орындаушы __________________________________
      Телефоны ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады