Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4230. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 59 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге  ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген) мынадай  толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 

      кіріспеде "Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына " деген сөздермен толықтырылсын; 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiнде: 
      кіріспеде "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына " деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта: 
      9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын; 

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      11) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.";

      5-тармақта:
      бірінші абзац ", клиентінің шотында" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екінші абзац "клиентінің шотында" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеру рәсімін жүргізу тәртібі

      32-1. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

      32-2. Жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру үшін:
      1) берілетін активтердің тізбесі;
      2) салыстырып тексеру актісі;
      3) берілетін құжаттардың тізбесі жасалады.
      Берілетін активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кіреді. 

      32-3. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде: 
      1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшірмелері; 
      2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерінің  көшірмелері;
      3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 
      4) инвестициялық шоттан кастодиан-банк берген үзінді жазбалардың көшірмелері; 
      5) арнайы қаржы компаниясының "депо" қосалқы шотынан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ берген үзінді жазбалардың көшірмелері; 
      6) арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары; 
      7) мерзімі арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегi банктермен жасалған банктiк
салым шарттарының көшiрмелерi;
      8) басқарушы агенттiң арнайы қаржы компаниясының активтерiн инвестициялық басқаруға қатысты өзге құжаттар берiледi.

      32-4. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актiсi жасалады әрi онда:
      1) бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн көрсете отырып олардың саны (данамен) туралы;
      2) депонент-банктердiң атауын, салым сомаларын, банктiк салым шартының жасалу күнi мен оның нөмiрiн, салым мерзiмiн, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар туралы;
      3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы; 
      5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;
      6) әрбiр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кiрiстiң сомасы туралы;
      7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
      8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;
      9) инвестициялық қызметке қатысты берiлетiн құжаттардың түпнұсқалары туралы ақпарат;
      10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәлiметтер болады.

      32-5. Салыстырып тексеру актiсi:
      1) бiр данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан-банк, уәкiлеттi орган үшiн бес дана етiп
инвестициялық портфельдi басқару шартын бұзу күнiне жасалады;
      2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң бiрiншi басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды;
      3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң мөрiмен бекiтiледi;
      4) кастодиан-банктiң оның бiрiншi басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтерiне кастодиандық қызмет көрсететiн бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн басшы қызметкерiнiң қолымен және кастодиан-банктiң мөрiмен бекiтiлген салыстырып тексеру актiсi деректерiнiң дұрыстығы туралы белгiсi болуы тиiс. 

      32-6. Осы Ереженiң 32-4 және 32-5 тармақтарының шарттарына сәйкес ресiмделген салыстырып тексеру актiсiнiң нұсқасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" ЗТБ-не жiберсiн.

      4. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік   Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады