"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 237 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4240. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі N 325 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.07.27 N 325 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалауды және медициналық куәландыруды жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 716 болып тiркелген, N 2727 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99  бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      барлық мәтiн бойынша "IIББ, IIБ-нiң" деген аббревиатуралар "IIД-нiң" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде дәрiгерлiк куәландыру ережесiнде (бұдан әрi - Ереже) (бейбiт және соғыс уақытында):
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кейбiр жағдайларда медициналық куәландыру кезiндегi тексерiлушi адамды жалпы бағалауда маңызы бар қосымша ақпарат алу үшiн полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеу тек өзiнiң келiсiмiмен ғана қолданылады.";

      Ережеге 1-қосымшада:
      5-тараудың жиырма сегiзiншi абзацында:
      "эхо-электроэнцефалографияны" деген сөзден кейiн ", арнайы полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеудi" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры Қ.Б.Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тыл департаментiнiң Медициналық басқармасына (Н.И.Мельникова) жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады