Алматы қаласының телекоммуникация желілерін жетісандық нөмірлеуге көшіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 229-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4255

      "Телекоммуникация саласын ырықтандыру барысы туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметовта болған 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 17-52/007-391 кеңес хаттамасының 8-тармағын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Алматы қаласында телекоммуникация қызметтерін көрсетуші байланыс операторлары өз абоненттерін көшірілу басталғанға дейін 30 күн ішінде Алматы қаласын нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру туралы хабардар етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Алматы қаласын нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру туралы Қазақстан Республикасының халқын көшірілу басталғанға дейін 30 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.А.Сейтімбеков):
      байланыс операторларына олардың нөмірлеу ресурстары 2 ХХХ ХХХ ауқымында бекітілсін;
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап байланыс операторларынан Алматы қаласының желілерін 2 ХХХ ХХХ және 3 ХХХ ХХХ ауқымдарында жетісандық нөмірлеуге көшіруге өтінімдер қабылдау басталсын;
      Халықаралық электрбайланыс одағының (бұдан әрі - ХЭО) Регламентімен белгіленген тәртіпте Алматы қаласында нөмірлеудің өзгертілгені жөнінде шетелдердің халықаралық операторларын, ХЭО хабардар етсін;
      осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін. 
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады