Екiншi деңгейдегi банктердiң "РЕПО", "керi РЕПО" операциялары туралы есептi ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 115 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4264. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 54-бабына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң айқындылық дәрежесiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған ""РЕПО" және "керi РЕПО" операциялары туралы есеп" нысаны (бұдан әрi - нысан) бекiтiлсiн.
      2. Банктер ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың алтыншы жұмыс күнiнiң Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешiктiрмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) нысанды ұсынылатын деректердiң құпиялылығы мен түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiкпен жеткiзудiң көлiк жүйесiн пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта ұсынады.
      3. Ай сайын жасалатын қағаз жазбадағы нысанға банк басқармасының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қолдарын қояды әрi ол мөрмен бекiтiлiп, банктерде сақталады. Банктер уәкiлеттi органның сұратуын алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысанды қағаз жазбада ұсынады.
      4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен бiрдей болуын банк басқармасының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етедi.
      5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6. Банктердi қадағалау департаментi (Раева Р.Е.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      7. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) осы қаулы қолданысқа енгенге дейiнгi мерзiмге екiншi деңгейдегi банктер "Статистика" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесiнiң құралдары бойынша ұсынатын мәлiметтердi оңтайландыру және автоматтандыру шараларын қолға алсын.
      8. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

       Төраға

                                Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                  және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                 қадағалау агенттiгi Басқармасының
                                      2006 жылғы 27 мамырдағы
                                           N 115 қаулысына
                                               қосымша

           200___жылғы 1 "_____________" жағдай бойынша
           "__________________________________________"
                      (банктiң толық атауы)
            "РЕПО", "керi РЕПО" операциялары туралы есеп

N

Операцияның мәні

Бағалы қағаздар түрі

Ұлттық бірегейлендіру нөмірі, халықаралық бірегейлендіру нөмірі

Қарсы агенттің атауы

РЕПО мәмілесінің жасалған күні

Растайтын құжаттың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1.

"РЕПО" операциялары






1.1.

Ұйымдасқан рынок






1.1.1.

"Тікелей тәсіл"






1.1.2.

"Автоматты" тәсіл






1.2.

Ұйымдаспаған рынок






2.

"кері РЕПО" операциялары






2.1.

Ұйымдасқан рынок






2.1.1.

"Тікелей тәсіл"






2.1.2.

"Автоматты" тәсіл






2.2.

Ұйымдаспаған рынок






   кестенің жалғасы

Күні

РЕПО операциясының мерзімі

Сыйақы ставкасы

РЕПО-дағы бағалы қағаздар саны

РЕПО ашылуы

РЕПО жабылуы

Мәміле дейін ұзартылды

8

9

10

11

12

13







   кестенің жалғасы

РЕПО сомасы

Ескерту

Теңгемен

Шетел валютасымен







         Ескерту.
      - Осы есептi РЕПО мәмiлелерiнде есептi күнге қатысатын бағалы қағаздардың барлық түрлерi бойынша ұсыну қажет;
      - Ұйымдасқан рынокта жүзеге асырылған мәмiлелер үшiн "растайтын құжаттың нөмірі" бағанында ұйымдаспаған рынокта өткiзiлетiн мәмiлелер үшiн сауда-саттықты ұйымдастырушы тағайындаған нөмiрдi, РЕПО шартының нөмiрiн көрсету қажет;
      - "Ескерту" бағанында мәмiленiң қай тарапына бағалы қағаздарды пайдалану құқығы тиесiлi сәндiгiн көрсету қажет.

Банк басқармасының бiрiншi басшысы
немесе оның орнындағы адам _____________ күнi______________

Бас бухгалтер              _____________ күнi______________

Орындаушы                  _____________ күнi______________

Телефоны:                  _____________ күнi______________

Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады