Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4286. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 (2011.07.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының қабылдануына байланысты, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 9-22 қыркүйекте жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2519 тіркелген 2003 жылғы 1 қыркүйектегі  N 326 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3485 тіркелген 2005 жылғы 3 ақпандағы  N 23 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармағындағы ", кредиттік серіктестіктердегі" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспесіндегі ", кредиттік серіктестіктердің" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      тақырыбындағы және мәтін бойынша одан әрі ", кредиттік серіктестіктердегі", ", кредиттік серіктестіктер", ", кредиттік серіктестіктердің", ", кредиттік серіктестіктің" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тарауда:
      7-тармақта:
      1460 "Жалпы резервтер (провизиялар)" шоттар тобы алынып тасталсын;

      8-тармақта:
      2130 "Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым (кепіл, кепілзат)" шоты алынып тасталсын;

      9-тармақта:
      3120 "Кредиттік серіктестіктер қатысушыларының қосымша жарналары" шоттар тобы алынып тасталсын;
      3100 шоттар тобынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
      "3200 Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)";
      13-тармақта:
      7500 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар";
      7500 шоттар тобынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
      "7600 Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы активтері";
      7630 Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар жөніндегі міндеттемелер;
      7650 Капитал
      7660 Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша кірістер;
      7680 Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша шығыстар;

      2-тарауда:
      1003 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "1004 Кешкі кассадағы қолма-қол ақша";
      1054, 1204, 1259, 1319, 1329, 1428, 1876, 1877, 1878 және 2875 шоттардың атындағы "арнайы резервтер (провизиялар)" деген сөздер "резервтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай шоттар тобы мен шоттардың нөмірі және аты алынып тасталсын:
    "1460 Жалпы резервтер (провизиялар)
    1462 Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша
         шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
    1463 Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек
         бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер
         (провизиялар)
    1464 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы
         резервтер (провизиялар)
    1465 Кредиттік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған
         жалпы резервтер (провизиялар)
    1467 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша
         шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)
    1469 Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға
         арналған жалпы резервтер (провизиялар)";
      1660 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылатын (әзірленетін) материалдық емес активтер";
      2125 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
   "2126 Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді
         салымдары";
      2215 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
   "2216 Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді
         салымдары";
      2406 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "2451 Мерзімсіз қаржы құралдары";
      2755 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
      "2756 Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстар;
      2757 Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар";
      2874 шоттың нөмірі және аты "Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (провизиялар)" алынып тасталсын;
      3120 "Кредиттік серіктестіктер қатысушыларының қосымша жарналары" шоттар тобы алынып тасталсын;
      3101 шоттар тобынан кейін мынадай шоттар тобымен және шотпен толықтырылсын:
      "3200 Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)";
      4709 шоттың атындағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5215 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "5216 Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
      5406 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "5407 Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
      5451, 5452, 5453, 5455, 5457, 5459, 5464, 5465 және 5466 шоттардың атындағы "арнайы" деген сөз алынып тасталсын;
      5454 "Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша жалпы резервтерге (провизияларға) ақша бөлу" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      5456 "Кредиттік қызметтен шығындарды өтеуге арналған жалпы резервтерге (провизияларға) ақша бөлу" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      5458 "Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (провизияларға) ақша бөлу" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын; 
      мынадай шоттардың нөмірі және аты алынып тасталсын:
   "5460 Банк қызметімен байланысты дебиторлық берешек бойынша
         жалпы резервтерге (провизияларға) ақша бөлу
    5461 Банктік емес қызметпен байланысты дебиторлық берешек
         бойынша жалпы резервтерге (провизияларға) ақша бөлу
    5462 Шартты міндеттемелер бойынша арнайы резервтерге
         (провизияларға) ақша бөлу
    5463 Бағалы қағаздар бойынша жалпы резервтерге (провизияларға)
         ақша бөлу";
      5709 шоттың атындағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5721 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "5722 Әлеуметтік аударымдар";
      5853 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "5854 Тауар-материалдық қорларды сатудан шығыстар";
      6125 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар";
      6125 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "6126 Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар";
      6175 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "6177 Берілетін заемдар бойынша шартты талаптар";
      6625 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер";
      6625 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "6626 Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер";
      6675 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
      "6677 Берілетін заемдар бойынша шартты міндеттемелер";
      мынадай шоттардың нөмірі және аты алынып тасталсын:
    "6991 Фьючерс операциялары бойынша позиция
     6992 Форвард операциялары бойынша позиция
     6993 Опцион операциялары бойынша позиция
     6994 Спот операциялары бойынша позиция
     6995 Своп операциялары бойынша позиция";
      6996 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа да активтермен мәмілелер бойынша позиция";
      7110 және 7220 шоттардың атындағы "машиналар" деген сөз "үйлер, машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7500 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар";
      мынадай шоттардың нөмірі және аты алынып тасталсын:
      "7510 Сенімгерлік басқарудағы ақша
      7520 Сенімгерлік басқарудағы бағалы қағаздар
      7530 Сенімгерлік басқарудағы тазартылған қымбат металдар
      7540 Сенімгерлік басқарудағы өзге активтер";
      7543 шоттан кейін мынадай шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
   "7544 Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған
         ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
     7600 Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы
          активтері
    7601 Ақша 
    7602 Тазартылған қымбат металдар
    7603 Бағалы қағаздар
    7604 Орналастырылған салымдар
    7605 Капиталға инвестициялар 
    7606 Материалдық емес активтер
    7607 Негізгі құрал-жабдықтар
    7608 Басқа да активтер
    7609 Дивидендтер
    7610 Сыйақы
    7611 Басқа да талаптар
    7630 Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар
         жөніндегі міндеттемелер
    7631 Ақы төлеуге шоттар
    7632 Басқа да міндеттемелер 
    7650 Капитал
    7651 Капитал
    7660 Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар
         бойынша кірістер
    7661 Клиенттен активтердің түсуі
    7662 Сыйақы түріндегі кірістер
    7663 Активтерді сатып алу-сату бойынша кірістер
    7664 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
         асырылған кірістер
    7665 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
    7666 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
         асырылмаған кірістер
    7667 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
    7668 Басқа да кірістер
    7680 Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар
         бойынша шығыстар
    7681 Клиенттің активтерін алу
    7682 Комиссиялық сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар
    7683 Активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстар
    7684 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
         асырылған шығыстар
    7685 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
    7686 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
         асырылмаған шығыстар
    7687 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
    7688 Басқа да шығыстар";

      3-тарауда:
      1003 шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 1004 шоттың нөмірімен және сипатымен толықтырылсын:
      "1004. Кешкі кассадағы қолма-қол ақша (актив).
      Шоттың мақсаты: Банк және ипотекалық компания кешкі кассаларының қызметкерлерінің есебіне берген қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банк және ипотекалық компания кешкі кассаларының қызметкерлерінің есебіне берген қолма-қол ақша сомалары, сондай-ақ кешкі касса жүргізген операциялардан түскен қолма-қол ақша сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бұрын берілген қолма-қол ақшаның сомалары оларды кешкі касса қызметкерінің есебіне сәйкес кешкі касса жүргізген операциялар бойынша беру немесе оларды банктің және ипотекалық компанияның кассасына қайтару кезінде есептен шығарылады.";
      1006 шоттың сипатында бірінші және екінші абзацтардағы "екіншісі бөлімшесіне", "екіншісіне" деген сөздерден кейін "не чектерде көрсетілген құнды алу үшін жол чектерінің эмитентіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      1054, 1204, 1259, 1319, 1329, 1428, 1876, 1877, 1878 және 2875 шоттардың сипаттамаларында:
      атындағы "арнайы резервтер (провизиялар)" деген сөздер "резервтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бірінші, екінші және үшінші абзацтардағы "арнайы резервтер (провизиялар)" деген сөздер "резервтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1264 шоттың сипаттамасында: 
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Банктің және ипотекалық компанияның олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша өткізілген, иеленуді және пайдалануды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)  303-бабының 1-тармағына сәйкес кепіл беруші банк жүзеге асыратын ақша (салым) сомасын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.";
      үшінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың кредиті бойынша кепіл шартының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде берілген ақша (салым) сомаларын есептен шығару жазылады";
      1267 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Банктің және ипотекалық компанияның олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша өткізілген, иеленуді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)  303-бабының 2-тармағына сәйкес кепіл беруші банк жүзеге асыратын ақша сомасын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылмайды.";
      үшінші абзацындағы "шарттың" деген сөз "кепіл туралы шарттың немесе кепілзат беру туралы келісімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1462, 1463, 1464, 1465, 1467 және 1469 шоттардың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      1660 шоттың сипаттамасында:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылатын (әзірленетін) материалдық емес активтер.";
      бірінші және екінші абзацтардағы "Өз күшімен" деген сөздер алынып тасталсын;
      1858 шоттың сипаттамасында:
      екінші абзацындағы "сатып алынған немесе алынған" деген сөздер "сатылған немесе жұмсалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "сатылған немесе жұмсалған" деген сөздер "сатып алған немесе алған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1859 шоттың сипаттамасында:
      екінші абзацындағы "сатқан" деген сөздер "сатқан немесе алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "сатып алған" деген сөздер "сатып алған немесе алған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2125 шоттың сипаттамасынан кейін 2126 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2126. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары (пассив). 
      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден мерзімді салымға қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.";
      2130 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерден олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші банк жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.";
      үшінші абзацындағы "шарт" деген сөз "банктік салым және кепіл туралы шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2131 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Басқа банктердің олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, кепілзат) ретінде кепіл шарты немесе кепілзат беру туралы келісім бойынша қабылданған, иеленуді кепіл беруші банк жүзеге асыратын ақша сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылмайды.";
      үшінші абзацындағы "шарттың" деген сөз "кепіл немесе кепілзат беру туралы шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2213 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Клиенттерден олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.";
      үшінші абзацындағы "шарттың" деген сөз "банктік салым және кепіл туралы шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2215 шоттың сипаттамасынан кейін 2216 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2216. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары (пассив).
      Шоттың аты: Клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден мерзімді салым шарты бойынша қабылданған тазартылған қымбат металдардың құнын оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.";
      2223 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      Шоттың мақсаты: Клиенттерден олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.";
      үшінші абзацындағы "шарт" деген сөз "банктік салым және кепіл туралы шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2240 шоттың сипаттамасында:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Клиенттерден олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік беру, ипотека) ретінде кепіл туралы шарт немесе кепілзат беру туралы келісім бойынша қабылданған, иеленуді кепіл ұстаушы банк жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылмайды.";
      үшінші абзацындағы "шарттың" деген сөз "кепіл туралы шарттың немесе кепілзат беру туралы келісімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2406 шоттың сипаттамасынан кейін 2451 "Мерзімсіз қаржы құралдары" шотының атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2451. Мерзімсіз қаржы құралдары (пассив). 
      Шоттың мақсаты: Мерзімсіз қаржы құралдарының құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша мерзімсіз қаржы құралдарының құны жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдарының құнын олар үшін ақы төлеу кезінде есептен шығару жазылады.";
      2731 шоттың атауындағы ("актив") деген сөз ("пассив") деген сөзбен ауыстырылсын;
      2755 шоттың сипаттамасында:
      екінші абзацындағы "дебеті" деген сөз "кредиті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "кредиті" деген сөз "дебеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2755 шоттың сипаттамасынан кейін 2756 және 2757 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2756. Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша болашақ кезеңге жататын, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстарды есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.
      2757. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстардың сомаларын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.";
      2859 шоттың сипаттамасында:
      екінші абзацындағы "сатып алған" деген сөздер "сатып алған немесе алған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы "сатқан" деген сөздер "сатқан немесе алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2874 "Шартты міндеттемелер бойынша шығындарды өтеуге жалпы резервтер (провизиялар) (пассив)" шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      3027 шоттың сипаттамасының бірінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      3120 "Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары (пассив)" шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      3101 шоттың сипаттамасынан кейін 3200 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "3200. Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар) (пассив).
      Шоттың мақсаты: Банктің активтері және шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша банктің активтері және шартты міндеттемелері бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары 3580 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары оларды жою немесе 3580 баланстық шотпен байланыстырыла отырып пайдалану кезінде есептен шығарылады.";
      4709 шоттың сипаттамасында:
      атындағы және бірінші және екінші абзацтардағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5215 шоттың сипаттамасынан кейін 5216 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5216. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылданған, тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден қабылданған, тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
      5406 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5407 шотпен толықтырылсын:
      "5407. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
      5451, 5452, 5453, 5455, 5457, 5459, 5464, 5465 және 5466 шоттардың атындағы және бірінші және екінші абзацтарындағы "арнайы" деген сөз алынып тасталсын;
      5454, 5456, 5458, 5460, 5461, 5462 және 5463 шоттардың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      5709 шоттың сипаттамасында:
      атындағы және бірінші және екінші абзацтардағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "және сату үшін қолда бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5711, 5712 және 5713 шоттардың сипаттамаларында:
      үшінші абзацындағы "кредиті" деген сөз "дебеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацындағы "дебеті" деген сөз "кредиті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5721 шоттың сипаттамасынан кейін 5722 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5722. Әлеуметтік аударымдар.
      Шоттың мақсаты: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың сомасын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша әлеуметтік аударымдарды аударуға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
      5853 шоттың сипаттамасынан кейін 5854 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5854. Тауар-материалдық қорларды сатудан шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Тауар-материалдық қорларды сатудан шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша тауар-материалдық қорларды сатудан шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
      6125 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6125. Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынбайтын болып табылатын заемдар бойынша, осы заемдардың банктің өз қалауы бойынша айтарлықтай айыппұл санкцияларының немесе шығыстардың туындау тәуекелінсіз қайтарылып алынбайтын болғандықтан, басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайтарып алынбайтын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6125 шоттан кейін 6126 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "6126. Болашақта берілетін қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынатын болып табылатын заемдар бойынша, осы заемдардың банктің өз қалауы бойынша заемшының қаржылық жағдайына байланысты емес немесе заем қаражатын мақсатқа сай емес пайдалану себептері бойынша қайтарылып алынатын болғандықтан, басқа банктерге немесе клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есепке алу. 
      Шоттың дебеті бойынша болашақта берілетін заемдар бойынша басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайтарып алынатын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банкке немесе клиентке қойылатын шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6175 шоттың сипаттамасынан кейін 6177 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "6177. Берілген заемдар бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген, талап ету құқықтары "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ) берілген заемдар бойынша клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есепке алу. 
      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген, талап ету құқықтары "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-на берілген заемдар бойынша клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша, оларды банк кері сатып алған не заемдарды клиент өтеген жағдайда клиенттерге қойылатын шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6625 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6625. Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынбайтын болып табылатын заемдар бойынша, осы заемдардың банктің өз қалауы бойынша айтарлықтай айыппұл санкцияларының немесе шығыстардың туындау тәуекелінсіз қайтарылып алынбайтын болғандықтан, басқа банктердің немесе клиенттердің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болашақта берілетін, қайтарып алынбайтын заемдар бойынша басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша қайтарып алынбайтын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6625 шоттан кейін 6626 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "6626. Болашақта берілетін қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта берілетін және қайтарып алынатын болып табылатын заемдар бойынша, осы заемдардың банктің өз қалауы бойынша заемшының қаржылық жағдайына байланысты емес немесе заем қаражатын мақсатқа сай емес пайдалану себептері бойынша қайтарылып алынатын болғандықтан, басқа банктердің немесе клиенттердің алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болашақта берілетін, қайтарылып алынатын заемдар бойынша басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша қайтарып алынатын заемдар бойынша оларды беру кезінде басқа банктің немесе клиенттің алдындағы шартты талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6675 шоттың сипаттамасынан кейін 6677 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "6677. Берілген заемдар бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген, талап ету құқықтары "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-на берілген заемдар бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген, талап ету құқықтары "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-на берілген заемдар бойынша "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-ның алдындағы шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша, оларды банк кері сатып алған не заемдарды клиент өтеген жағдайда "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-ның алдындағы шартты міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.";
      6991, 6992, 6993, 6994 және 6995 шоттардың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6996 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6996. Басқа да активтермен мәмілелер бойынша позиция (пассив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін басқа да активтері бар туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар мен шартты міндеттемелер позицияларының сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын басқа да активтердің құны, сондай-ақ басқа да активтердің құнын оларды беру кезінде есептен шығару жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да активтердің құнын оларды беру кезінде есептен шығару, сондай-ақ болашақта берілетін басқа да активтердің құны жазылады.";
      7110 шоттың сипаттамасында:
      атындағы "машиналар" деген сөз "үйлер, машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы "берілген" деген сөзден кейін "үйлердің" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші және үшінші абзацтардағы "бойынша" деген сөзден кейін "үйлердің" деген сөзбен толықтырылсын;
      7220 шоттың сипаттамасында:
      атындағы "машиналар" деген сөз "үйлер, машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы "алынған" деген сөзден кейін "үйлердің" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші және үшінші абзацтардағы "бойынша" деген сөзден кейін "үйлердің" деген сөзбен толықтырылсын;
      7510, 7520, 7530 және 7540 шоттарының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      7543 шоттың сипаттамасынан кейін 7544, 7601, 7602, 7603, 7604, 7605, 7606, 7607, 7608, 7609, 7610, 7611, 7631, 7632, 7651, 7661, 7662, 7663, 7664, 7665, 7666, 7667, 7668, 7681, 7682, 7683, 7684, 7685, 7686, 7687 және 7688 шоттардың мынадай мазмұндағы аттарымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "7544. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).
      Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу. 
      Шоттың кірісі бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады. 
      Шоттың шығысы бойынша ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақыны оларды өтеу немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығару жазылады. 
      7601. Ақша (актив).
      Шоттың мақсаты: Клиенттің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы және/немесе басқарушы ұйымның ұлттық және шетел валютасындағы ағымдағы шоттарына келіп түскен және сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыруға арналған ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және шетел валютасында ашылған ағымдағы шотқа келіп түскен ақшасының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және шетел валютасында ашылған ағымдағы шоттағы ақшасының сомаларын өзге активтерді сатып алу немесе оларды клиентке қайтару кезінде есептен шығару жазылады.
      7602. Тазартылған қымбат металдар (актив).
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында шарт бойынша түскен немесе басқарушы ұйым сатып алған тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында шарт бойынша түскен немесе басқарушы ұйым сатып алған тазартылған қымбат металдардың құны немесе оның тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезіндегі ұлғаюы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың құнын оларды клиентке қайтару, оларды сату немесе оның тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау кезіндегі азаюы кезінде есептен шығару жазылады.
      7603. Бағалы қағаздар (актив).
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында шарт бойынша түскен немесе басқарушы ұйым сатып алған (алған) бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында клиенттен түскен сатып алған (алған) бағалы қағаздардың құнын немесе оның бағалы қағаздарды қайта бағалау кезіндегі ұлғаюы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздардың құнын оларды клиентке қайтару, оларды сату немесе оның бағалы қағаздарды қайта бағалау кезіндегі азаюы кезінде есептен шығару жазылады.
      7604. Орналастырылған салымдар (актив).
      Шоттың мақсаты: Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сенімгерлік (инвестициялық) басқаруға түскен ақша есебінен орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдардың сомаларын оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.
      7605. Капиталға инвестициялар (актив).
      Шоттың мақсаты: Басқарушы ұйым барынша әсер етуді немесе бақылауды жүзеге асыру мақсатында басқа заңды тұлғаның капиталына салған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқарушы ұйым басқа заңды тұлғаның капиталына салған инвестициялардың сатып алу құны бойынша сомасы, сондай-ақ қатысу үлесінің өзгерісі жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомаларын оларды заңды тұлға сатып алған немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.
      7606. Материалдық емес активтер (актив).
      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтерді сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған материалдық емес активтер құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құнын оларды сату немесе өзгеше шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7607. Негізгі құрал-жабдықтар (актив).
      Шоттың мақсаты: Негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған негізгі құрал-жабдықтардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың құнын оларды сату немесе өзгеше шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7608. Басқа да активтер (актив).
      Шоттың мақсаты: Басқа да активтердің сатып алу құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған басқа да активтердің құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да активтердің құнын оларды сату немесе өзгеше шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7609. Дивидендтер (актив).
      Шоттың мақсаты: Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивиденд түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивиденд түрінде есептелген кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша капиталға инвестициялар бойынша дивиденд түрінде есептелген кірістердің сомаларын оларды заңды тұлғалар төлеген кезде есептен шығару жазылады.
      7610. Сыйақы (актив).
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге операциялар бойынша сыйақы (купон) түрінде есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының (купонның) сомасын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.
      7611. Басқа да талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын басқа да талаптардың (дебиторлық берешек) сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын басқа да талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да талаптардың сомаларын оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7631. Төлеуге арналған шоттар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын, заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу немесе өзгеше есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7632. Басқа да міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің (кредиторлық берешек) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы басқа да міндеттемелердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу немесе өзгеше есептен шығару кезінде есептен шығару жазылады.
      7651. Капитал (пассив).
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің есептік кезеңдегі таза активтерінің сомаларын есепке алу (түпкілікті қаржылық нәтиже).
      Шоттың кредиті бойынша есептік кезеңде сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындайтын кірістердің сомалары N 7660 топ кірістерінің тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша есептік кезеңде сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында туындаған шығыстардың сомалары N 7680 топ шығыстарының тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде жазылады.
      7661. Клиенттен активтердің түсуі.
      Шоттың мақсаты: Клиенттен сенімгерлік (инвестициялық) басқаруды жүзеге асыру барысында түскен активтердің құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттен сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен активтердің құны жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтерінің құнын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7662. Сыйақы түріндегі кірістер.
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар, салымдар және өзге активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7663. Активтерді сатып алу-сату бойынша кірістер.
      Шоттың мақсаты: Сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен активтерді сатып алу-сату бойынша кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтерді сатып алу-сату бойынша кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7664. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған, іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтердің оларды шығару кезінде алынған құнының оң өзгеруі нәтижесінде жүзеге асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7665. Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған, іске асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасының оларды шығару кезінде алынған құнының оң өзгеруінен жүзеге асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7666. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан жүзеге асырылмаған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған, жүзеге асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде жүзеге асырылған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 (есептік кезеңнің соңында) немесе N 7664 (активтерді жүзеге асыру кезінде) "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7667. Бағамдық айырма бойынша жүзеге асырылмаған кірістер.
      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған, жүзеге асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінен жүзеге асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 (есептік кезеңнің соңында) немесе N 7664 (активтерді жүзеге асыру кезінде) "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7668. Басқа да кірістер.
      Шоттың мақсаты: Клиенттің активтерін сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында алынған, басқа N 7661-7667 баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілмейтін басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7681. Клиенттердің активтерін алу.
      Шоттың мақсаты: Клиенттер активтерінің құнын оларды сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында басқарушы ұйым алған және/немесе орналастырған кезде есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттер активтерінің құны олар алынған және/немесе орналастырылған кезде жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша клиент активтерінің құнын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7682. Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Басқарушы ұйымның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет үшін комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқарушы ұйымның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызмет үшін комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7683. Активтерді сатып алу-сату шығыстары.
      Шоттың мақсаты: Активтерді сатып алу-сату бойынша сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында түскен шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7684. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген, іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша активтер шығарылған кезде келтірілген олардың құнының теріс өзгеруінен іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7685. Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Шетел валюта бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген, іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бағамы шығарылған кезде келтірілген олардың құнының теріс өзгеруінен жүзеге асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.
      7686. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Активтердің құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген, іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша активтер шығарылған кезде келтірілген олардың құнының теріс өзгеруінен іске асырылмаған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына (есептік кезең соңында) немесе N 7684 шотқа (активті іске асыру кезде) есептен шығару жазылады.
      7687. Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Шетел валюта бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген, іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде іске асырылмаған шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына (есептік кезең соңында) немесе N 7684 шотқа (активті іске асыру кезде) есептен шығару жазылады.
      7688. Басқа да шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Клиенттің басқа NN 7681-7687 баланстан тыс шоттар бойынша жазылмайтын активтерін сенімгерлік (инвестициялық) басқару барысында келтірілген басқа да шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 7651 "Капитал" баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компанияларға жіберсін.

      5. Екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық компаниялар 2006 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақпарат жүйесін пысықтау бойынша жұмысты жүргізсін және аяқтасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Тәжіяқовқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады