"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 188 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4335. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы   N 1188  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1272  қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірмен тіркелген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І  бұйрығымен енгізілген толықтырулармен бірге "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат) Қазақстан   Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І  бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:

      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      4-баған»"саны" деген сөздің алдынан»"ең аз" деген сөздермен толықтырылсын:

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
      3.2.1-тармақ»"есеп" сөзі соңынан кейін»"және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшаға Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастардың тізбесінде:
      4-баған»"Құрамдылығы" деген сөздің алдынан»"Ең аз" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады