Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 69 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4343. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ақша белгілерінің дизайны өзгерген кезде олармен операцияларды орындауды ретке келтіру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қазанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1671 тіркелген 2001 жылғы 29 қыркүйектегі  N 376 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2457 тіркелген 2003 жылғы 25 шілдедегі  N 234 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3392 тіркелген 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N 202 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
      2-тармақтағы "және есептеу" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) екінші деңгейдегі банктер - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және Ұлттық почта операторы.";

      11-тармақта:
      1) тармақшада:
      бірінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын, "банктері" деген сөз "банктер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші азатжолмен толықтырылсын:
      "жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады;";

      5-тарау алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады