Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары, қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4348. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 590 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29.  N 590  Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың  Желiлiк кестесi  туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысын  iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары, қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (М. Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

       Министрдің 
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрлігінің
2006 жылғы 19 шілдедегі    
N 404 бұйрығымен бекітілген  

  Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары,
қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру
ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша
оқытуды ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары, қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттiк  бағдарламасын  iске асыру мақсатында "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрленген.

      2. Қашықтықтан оқыту {қашықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы бiлiм беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметтi және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдiстемелiк ұйымдастырылған түрдегi басшылықтың бiр түрi.

      3. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) тьютор (Тutor) - бiлiм алушылардың өзiндiк жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
      2) контент - ақпараттық толықтыру - мәтiн, графика,  мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;
      3) тьюторлық сыныптар - компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтiк құралдармен жабдықталған сыныптар.

      4. Қашықтықтан оқыту:
      ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан оқыту технологияларын iске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
      электрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контентi (мазмұны);
      бiлiм беру процесi субъектiлерiнiң мүмкiндiктi өзара iс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде бiлiм беру қызметiне лицензиялары бар бiлiм беру ұйымдары iске асырылуы мүмкiн.

      5. Қашықтықтан оқыту нысаны негiзгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн:
      желiлiк технология (автономды желiлiк курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернеттi пайдаланатын университеттер);
      кейс-технологиялар негiзiнде қашықтықтан оқыту;
      ТВ-технологиялар негiзiнде қашықтықтан оқыту.

      6. Қашықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерiмен бiрiктiрiлуi мүмкiн (күндiзгi және қашықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтан оқыту, кешкi және қашықтықтан оқыту, экстернат және қашықтықтан).

      7. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен қызметкерлерi қашықтықтан оқыту жүйесiнiң субъектiлерi болып табылады.

  2. Қашықтық нысаны бойынша оқу процесiн ұйымдастыру

      8. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесiн ұйымдастырудың негiзгi мiндеттерi:
      1) оқытуды даралау;
      2) оқытудың тиiмдiлiгiн (сапасын) арттыру;
      3) дәстүрлi оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшiн бiлiм беру қызметiн ұсыну болып табылады.

      9. Бiлiм беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту жүйесiн ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуi үшiн мынадай функцияларды орындау қажет:
      1) оқу курстарын қолдау;
      2) бiлiм алушыларға оқу материалдарын жеткiзу;
      3) кеңестер беру;
      4) бiлiм алушылармен керi байланысты ұйымдастыру;
      5) бiлiм алушылардың бiлiмдерiн бақылау.

      10. Бiлiм беру ұйымдарында:
      бiлiм алушылар үшiн оқу-әдiстемелiк және оқу-әкiмшiлiк ақпараттарынан тұратын беттерi бар бiлiм беру Интернет-порталының;
      телекоммуникациялық желiге шығатын (Интернет, спутниктiк теледидар) жабдықтардың;
      әртүрлi терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
      СD, DVD дискiлерiне арналған оқу контентiнiң (жеке меншiк және/немесе сатылып алынған);
      желiлiк оқу мультимедиа контентiнiң (жеке меншiк және сатылып алынатын);
      тестiлеу кешендерiнiң;
      тиiстi дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекшi және техникалық персоналдардың;
      жеке меншiк контентiн (локалдық және желiлiк) құру үшiн мультимедиа зертханаларының;
      желiлiк тестiлеу кешендерiнiң;
      оқытуды басқарудың желiлiк жүйелерi (Learning Management Systems - LMS);
      оқыту контентiн басқару жүйелерiнiң (Learning Content Management Systems - LCMS) бар болуы қашықтықтан оқыту нысаны кезiнде оқу процесiн ұйымдастырудың қажеттi шарттары болып табылады.

      11. Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшiсi басқаратын және өзiнiң құрамында мынадай мiндеттi қызметтерi арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлiм және басқа) құрылады:
      оқу процесiн ұйымдастыру және басқару;
      қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзiрлеу;
      ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

      12. Оқу процесiн ұйымдастыру және басқару қызметi қашықтық нысаны бойынша оқу процесiн жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргiзедi, қашықтықтан оқыту орталықтарының қызметiн бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

      13. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық тәсiлдерiн әзiрлеу қызметi қашықтықтан оқытудың электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдiстемелiк құралдар мен басқа да әдiстемелiк құралдарды әзiрлеудi, сатып алуды және игерудi жүзеге асырады, тестiлеу жүйелерi мен бiлiмдi бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдiстерiн әзiрлейдi.      

      14. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметi қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзiрлейдi, игередi және оларды пайдалануды қолдайды.

      15. Оқу процесi базалық жоғары оқу орнының басшысы бекiткен қашықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негiзiнде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгiлiк оқу жоспарларының негiзiнде жасалады. Жоғары оқу орны бiлiм беру процесiнде кезiнде қашықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес келетiн оқу сабақтарын өткiзу түрлерiн пайдаланады.

      16. Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндердi бөлудi өзгертуге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес келетiн таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тiзбесiнiң шеңберiнде мүмкiндiк берiледi.

      17. Қашықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген мамандықтардаң басқа барлық бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн.

      18. Тиiстi бейiн бойынша кәсiптiк орта бiлiмi немесе түрлi деңгейдегi кәсiптiк жоғары бiлiмi бар тұлғалар қашықтықтан оқыту бойынша жеделдетiлген оқу мерзiмiнiң қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк жоғары бiлiм алуы мүмкiн.
      19. Бiлiм беру бағдарламаларын жеделдетiлген мерзiмде толық көлемде меңгеру қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекiткен тиiстi оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүргiзiледi.

      20. Жеке оқу жоспарын бiлiм алушы жасайды, жоғары оқу орны белгiлеген тәртiппен қашықтықтан оқытудың жетекшiсiмен келiсiледi және бекiтiледi.

      21. Қашықтықтан оқыту нысанына түсушi тұлғалар үшiн бiлiм беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейiн қашықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерiмен танысу жөнiнде кiрiспе курстарын өткiзедi.

      22. Бiлiм беру ұйымдарында оқу жылы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген оқу мерзiмдерiне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетiнше белгiлейтiн академиялық кезеңдерден тұрады.
      Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша бiлiм алушылар мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм беру-кәсiптiк бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруi тиiс.

      23. Базалық жоғары оқу орны мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiм сапасын қамтамасыз ететiн қашықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.

      24. Бiлiм беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезiнде әрбiр бiлiм алушыға ақпараттық-бiлiм беру ортасына кiруге мүмкiндiк бередi. Бiлiм алушыда қажеттi аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда бiлiм беру ұйымы оларды оған жалгерлiк негiзде беруiне болады.

      25. Тьюторлық сынып компьютерлiк оқу жұмыс орнына өткiзу мүмкiндiгi кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттiң ғаламдық желiсiне қосуды қамтамасыз ететiн коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

      26. Компьютерлердiң саны мен оларды орналастыру Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгiленедi. Барлық компьютерлер локалдық желiге бiрiктiрiлуi керек. Компьютерлiк жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметiнiң тиiстi түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.
      Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күнiне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бiр жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

      27. Бiлiм беру ұйымы бiлiм алушылардың мүмкiндiктерiн есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бiрге оқу процесiне қатысушылардың өзара iс-қимылы арқылы бiлiм алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етедi. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны бiлiм алушыларға теориялық материалдарды өз бетiнше зерделеудi және тьюторлардан қашықтық кеңестерiн алуды ұсынады. Студенттiң өзiндiк жұмысына электрондық оқу-әдiстемелiк кешенiмен және қосымша материалдармен атқарған жұмысы жатады.
      Оқытушы-тьютордың жетекшiлiгiмен жүргiзiлетiн студенттiң өзiндiк жұмысына барлық оқу пәндерiнiң материалдары бойынша интерактивтi консультация жатады (чат, форум арқылы).

      28. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру кезiндегi консультациялар жүйесi бiрнеше түрдегi консультацияларды қарастыруы мүмкiн:
      жеке күндiзгi (бiлiм алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
      жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
      топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиi қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрiнде).

      29. Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттiң өзiндiк жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлiк тестiлеу жүйелерi; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар беру.

      30. Телеконференцялар өкiзу үшiн бiлiм беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиiстi бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

      31. Жоғары оқу орны бiлiм алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесiн, олардың бiлiмдерi мен бiлiктерiн және тәуелсiз бағалау әдiстерiн, қол жетiмдiлiктi шектейтiн электрондық әдiстердi қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшiлiк қорғау жұмыстарын бағалаудағы әдiлдiгiн ұйымдастырады.
      Бiтiрушiлердi қорытынды мемлекеттiк аттестаттау (мемлекеттiк емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлi әдiстермен жүргiзiледi.

      32. Жоғары оқу орны бiлiм алушыларды мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен көзделген, кәсiптiк практиканың барлық түрлерiнен өткiзу мүмкiндiктерiмен қамтамасыз етедi.
      Бiлiм алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кiруге рұқсат етiлмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтедi. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиiстi ақпараттық ресурстары бар кәсiпорындардың, мекемелердiң және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негiзiнде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшiн орындар бөлетiн кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негiзiнде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
      Қашықтықтан оқыту бойынша бiлiм алушылар үшiн оқу жоспарында көзделген практика ретiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемiнде бейiндiк кәсiпорындардағы, мекемелердегi немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуi мүмкiн.

      33. Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжат берiледi.

      34. Жоғары оқу орны бiлiм берудiң компьютерлiк ақпараттық жүйесiнiң көмегiмен бiлiм алушылардың бiртума немесе лицензияланған, жетекшi электрондық жеке iстерiн барлық бiлiм алушылардың оқу процесiнiң қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргiзедi.

  3. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары

      35. Бiлiм алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз ету үшiн қашықтық технологияларын қолданумен iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының пәндерi бойынша электрондық оқу-әдiстемелiк кешен болуы керек.

      36. Электрондық оқу-әдiстемелiк кешенiн дайындауды үлгiлiк оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендiрiлiп әзiрленген, бекiтiлген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзiрлеушi жүзеге асырады.

      37. Әрбiр пәннiң электрондық оқу-әдiстемелiк кешенi мiндеттi және қосымша комплектiлерден тұруы керек.
      Мiндеттi комплект мыналардан:
      үлгiлiк оқу бағдарламасынан;
      оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннiң мазмұны, күнтiзбелiк-тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердiң тiзiмi (негiзгi және қосымша), курстың модулдық бөлiнуi, қашықтық кеңестерiн өткiзу кестесi);
      лекциялардың электрондық курсынан;
      практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
      зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдiстемелiк нұсқаулар);
      студенттiң өзiндiк жұмысына және оқытушы-тьютордың жетекшiлiгiмен жүргiзiлетiн студенттiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалардан;
      рубеждiк бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
      қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi материалдардан (емтихандық тестiлеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
      Электрондық оқу-әдiстемелiк кешенiн бағдарламалық қамтамасыз етiлу функционалдылығы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес болуы керек.
      Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулардан тұруы мүмкiн; оқыту сипатындағы компьютерлiк бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдiстемелiк материалдар, пәннiң оқу материалдарын игеруге көмектесетiн оқу және оқу-әдiстемелiк құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
      Оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету автономды және желiлiк өзiндiк жұмыстар мен бiлiм алушыларды аттестаттауға дайындау үшiн жеткiлiктi болуы керек.

      38. Қашықтықтан оқыту жүйесiмен оқыту бiлiм алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтан оқыту жүйесiне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазiргi құралдарын (компьютерлiк, телекоммуникациялыққа пайдалана отырып, өзiндiк зерделеудi ұсынады.
      Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдiк немесе спутниктiк теледидардың көмегiмен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтiк режимдегi теледидар сабақтары жатады.
      Оқытудың компьютерлiк құралдарына электрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, керi байланысы бар тренингтiк бағдарламалар (супертьюторлар), кәсiби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желiлiк iскер ойындар жатады.
      Оқытудың ойындық құралдарына iскер және операциялық ойындар түрiндегi ұжымдық сабақтардың белсендi әдiстерi, дискуссиялар, коммуникативтiк сабақтар, сондай-ақ виртуалды бiлiм беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

      39. Қашықтықтан оқытуда консультациялар телефон, электрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрiнде өткiзiлуi мүмкін.

      40. Қашықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, елiктеудi модельдеу қолданумен өткiзiледi.

      41. Барлық оқыту қызметiнiң түрлерi:
      электрондық байланыс тәсiлдерiн қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
      студенттiң оқыту құралдарымен өзiндiк жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
      Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау iс-шаралары кiредi: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, эсселердi, курстық, есептеу-кестелiк жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттiк атестаттау.

      42. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара iс-қимыл. Синхрондық өзара iс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режимiндегi қатынасты қарастырады. Бұл үшiн қашықтықтан оқыту жүйесiнiң чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкiн. Асинхрондық өзара iс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жiберу тiзiмдерiнiң немесе телеконференциялардың көмегiмен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
      Оқытушының кеңесi (синхрондық немесе асинхрондық) қашықтықтан оқытуды орындаудың мiндеттi шарттары.

      43. Оқу процесiн басқару және бiлiм алушыларға дидактикалық материалдарды жеткiзiп беру үшiн көлiктiк және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесi кiретiн мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, бiлiмнiң электрондық банкiлерi және оқытудың интерактивтiк мультимедиалық құралдары қолданылады.

      44. Курстарды әзiрлеушiлер мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттардың пәндерi үшiн оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннiң мазмұнын өз бетiнше анықтауы мүмкiн.

      45. Бiлiм беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктiк байланыс арналары бойынша жiберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтудi жүзеге асырады және олармен әрбiр оқушыны қамтамасыз етедi.

      46. Қашықтықтан оқыту нысанын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында электронды ақпараттық-бiлiм беру ресурстары болуы керек.

  4. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету

      47. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету - қашықтықтан оқыту, сондай-ақ процестердi техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдiстемелiк және әкiмшiлiк қызметтердi жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.

      48. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеудi жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
      2) сабақты жүргiзетiн және бiлiм алушыларға кеңес берудi және олардың бiлiмдерiн бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
      3) қашықтық курстарын ұйымдастыру жөнiндегi мамандар (ұйымдастырушылар);
      қашықтықтан оқыту жүйесiн техникалық қолдау жөнiндегi мамандар (әкiмшiлер);
      тьюторлар;
      қашықтықтан оқытудың электрондық курстарын әзiрлеушiлер шешетiн мiндеттер:
      электрондық оқу-әдiстемелiк кешенiн әзiрлеу және уақытылы көкейкестi ету;
      тьюторларды дайындау және олардың қызметтерiн ғылыми-әдiстемелiк қолдау;
      тьюторлар шешетiн мiндеттер:
      бiлiм алушыларды қашықтықтан тiкелей басқару.

      49. Дидактикалық материалдарды жасау үшiн ақы төлеудi қашықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны елшiлiк зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының
Ғылыми кеңесi анықтайды.

      50. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесiне қатысты профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсiби бiлiктiлiгi туралы құжаты болуы тиiс.
      Қашықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:
      қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдiстемесiн игеруi;
      Интернет арқылы кеңес берудi қоса, жекелеген оқу кеңестерiнiң әдiстерi мен тәсiлдерiн игеруi;
      бiлiм сапасын мониторингтеудi, тексерудi, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның iшiнде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы бiлiм мен iскерлiктi меңгеруi;
      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсiресе электрондық ақпараттық желiлермен жұмыс жасау әдiстерiн бiлуi тиiс.

      51. Қашықтықтан оқыту үшiн қызметкерлердiң саны кемiнде 1:8 (бiр оқытушыға кемiнде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртiптiк қамтамасыз етулерiн есепке ала отырып, iске асырылатын бағдарламалардың әрбiреуi бойынша бiлiм алушы студенттердiң саны бойынша анықталады.

      52. Жоғары оқу орнының қашықтықтан оқыту жүйесiнiң профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның ұйымдастырылған, әдiстемелiк құралдарымен бiрiккен және желiлiк режимде бiлiм беру процесiн жүргiзетiн басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңiрлердiң профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.
      Жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқыту жүйесiнiң профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкiн.

      53. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесiн жоспарлау бiлiм беру ұйымы өздiгiнен белгiлеген оқу жұмыстарының түрлерi бойынша уақыт нормаларының негiзiнде жүзеге асырылады.

  5. Қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

      54. Ақпараттың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар.
      Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентiне, ресурстары мен функцияларына қол жеткiзудi iшiнара шектеу мен басқарудың мүмкiндiктерiн қарастыруы тиiс.
      Ақпаратты қорғау және қауiпсiз қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн қашықтықтан оқыту кешенi SSL, РКI сияқты Интернет-коммуникациялары қауiпсiздiгi саласындағы өнеркәсiп стандарттарын, 128-1024 бит көлемiндегi кiлттерi бар күштi шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетiмдiлiктi авторландыру үшiн сертификатты және қашықтықтан оқыту жүйесiмен қорғалған өзара iс-қимылды қамтамасыз етудi қолдау қажет. Жүйенiң инфрақұрылымы iшкi аудиттiң дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруi керек.
      АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегi деректердi жоғалтпау және рұқсат етiлмеген кiруден сенiмдi қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында бiлiм алушылар туралы деректердi апаттық орнына келтiру мен резервтiк көшiрмесiнiң тетiктерiн өңдеу қажет.

      55. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртiптер мен нормаларға сәйкес келуi керек.

      56. Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар нормаларына сәйкес белгiленедi. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартында белгiленген нормаларға сәйкес эргономика мен сәуле шығару деңгейi бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет. Олардың құрамын, ережесiн және сапасын сипаттауға талаптар қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады