2006 жылы тестілеудің баллдарын жоғары оқу орындарының магистратурасына шет тілдері бойынша түсу емтихандарының бағаларына ауыстыру шкаласын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4357

        Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу  мақсатында  БҰЙЫРАМЫН: 
      1. 2006 жылы тестілеудің баллдарын жоғары оқу орындарының магистратурасына шет тілдері бойынша түсу емтихандарының бағаларына ауыстырудың мынадай шкаласы бекітілсін:
       0 - 30 балл     -      "2"»қанағаттанарлықсыз
      31 - 60 балл     -      "3" қанағаттанарлық
      61 - 80 балл     -      "4" жақсы
      81 - 100 балл    -      "5" өте жақсы
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім    департаменті (М. Нұрғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты жоғары оқу орындары ректорларының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Министр

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады